Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Тарас Киікбайұлы Хитуов дүниеден озды

21.06.2021

2021 жылғы 21-ші маусым күні 57 жасында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені Тарас Киікбайұлы Хитуов мезгілсіз дүниеден өтті.

Тарас Киікбайұлы 1964 жылы 4 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, талай биікті бағындырды. Ардақты азамат егемен мемлекетіміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет етті.

Атап айтқанда, Тарас Киікбайұлы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» компанияларында басшылық қызмет атқарды. VI сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ол үстіміздегі жылдың ақпан айында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені лауазымына тағайындалған еді. Бұл қызметте Тарас Киікбайұлы еңбек ұжымы мен компания мүдделерінің мүлтіксіз қамтамасыз етіп, әріптестерінің ықыласы мен құрметіне бөленді.

Тарас Киікбайұлына сабырлық пен парасаттылық, еңбекқорлық пен адалдық, ізгілік пен мейірімділік қасиеттері тән болатын. Біртуар азаматтың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болып нұры пейіште шалқысын.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>