Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз: Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт ауыздықталды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

16.06.2021

Маусымның 16-ы күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты.

Өрттің таралуын және қайта тұтануын болдырмау мақсатында газ беру тоқтатылып, қондырғыны толығымен апаттық тоқтату жүзеге асырылды.

Өрт сағат 23:52-де толықтай жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық ТЖД 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Зауыт қызметкерлерінің, Жаңаөзен қаласы мен жақын маңда орналасқан елді мекендер тұрғындарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіп жоқ. Өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде. Жедел штаб құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>