Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Біріктірілген газ-химиялық кешенін салу жобасы бойынша үшжақты келісімге қол қойды

04.06.2021

2021 жылғы 3 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «СИБУР Холдингі» ЖАҚ (бұдан әрі - СИБУР) Атырау облысындағы Біріктірілген газ-химиялық кешенін салу жобасы бойынша (бірінші кезеңі – полипропилен өндірісі, екінші кезеңі – полиэтилен өндірісі) ынтымақтастықтың негізгі талаптарына қол қойды. Шара Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті.

Құжатқа сәйкес тараптар іске асырылып жатқан Біріктірілген газ-химиялық кешенін салу жобасына СИБУР компаниясының қатысу мүмкіндігін қарастыратын болады. СИБУР жобаның экономикалық тиімділігін зерттеп, қорытынды шығарған соң, тараптар 2021 жылдың соңына дейін оған бірлесіп қатысу туралы шешім қабылдайды.

«Жобаға қатысу туралы оң шешім қабылданған жағдайда, еліміз үшін аса маңызды кешенді іске асыру барысына СИБУР секілді сенімді серіктес атсалысуы мүмкін. «ҚазМұнайГаз» тарапынан осы жобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін де атап айтқым келеді. Оны табысты іске асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдайтын боламыз», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«СИБУР компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар және жаңа нарықтарға шыға отырып, мұнай химиясы бизнесін кеңейтуге ниетті. Жобаны бірігіп іске асыратын болсақ, серіктесімізбен әлемдік деңгейдегі полимерлік кешендерді салу мен пайдалануға беру бойынша жинақталған тәжірибемізбен бөлісеміз. Серіктестеріміз мұнай-газ өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша ірі өндірістік нысандарды салу мен пайдалану саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Олар да өз кезегінде бізге қажетті шикізаттық қолдау көрсетіп, арнайы экономикалық аймақ аясында кәсіпорындарды қолданыстағы инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алады», – деді СИБУР Басқарма төрағасы Дмитрий Конов.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде ҚМГ Атырау облысында ел тарихындағы тұңғыш газ-химиялық кешенін салып жатыр.

Жобаның полипропилен өндіру жөніндегі бірінші кезеңін іске асыру 87%-ға орындалды. Оның қуаты – жылына 500 мың тонна полипропилен. Зауыттың құрылысы осы жылы аяқталады деп күтілуде, іске қосу-реттеу жұмыстары 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Полиэтилен өндіру жөніндегі екінші кезеңді іске асыру аясында техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталды. Зауыт қуаты жылына 1,25 млн тонна ірі тонналық полиэтиленді құрайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>