Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» мұнайшыларға арнап жаңа автобустар сатып алды

03.06.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) мұнайшыларды кен орындарға тасымалдауға арналған 43 орындық Hyundai Universe Luxury төрт автобусын сатып алды. Олар «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі – ОТК) балансына берілді. Бұдан бөлек, осы жылдың 3-4 тоқсандарында 21 орынға есептелген тағы да 8 автобусты сатып алу мен жеткізу жоспарланып отыр. ҚМГ компаниясында атап өткендей, автобустарды сатып алу мұнайшылардың еңбек ету жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Жаңа көліктерді сатып алу ОТК меншігіндегі автобус паркін жаңарту қажеттілігінен де туындап отыр. Көптеген тапсырыс берушілер үшін жолаушыларды тасымалдау шартының бірі – көліктің пайдалану мерзімі 8 жылдан аспауға тиісті. Айта кетейік, ОТК паркінде көліктік тасымалдау бойынша түрлі міндеттерді атқаруға арналған жолаушылар сыйымдылығы әртүрлі (12-ден 46 жолаушыға дейін) 111 автобус бар. 2020 жылы автобустарды сатып алу жоспарланған еді, бірақ коронавирус індетінің салдарынан болған дағдарыс жағдайына байланысты бұл шешім кейінге шегерілді.

Hyundai Universe маркалы автобустарды сатып алу мақсаты қауіпсіздікке, жолаушылардың амандығы мен тасымалдау жайлылығына қойылатын жоғары талаптарды, ОТК автопаркін біріздендіру мәселесін қамтиды. Бұл өз кезегінде көліктерді техникалық ұстап-күтуге, соның ішінде қосалқы бөлшектерін жеткізуге, бір көлік түрі үшін жөндеу жұмыстары жөніндегі слесарь мамандарының болуы да шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, вахталық әдіспен еңбек ететін қызметкерлердің жеке заттарын тасымалдауға арналған үлкен жүк бөлімінің болуы, сондай-ақ кен орындарға дейінгі айтарлықтай ұзақ қашықтықтарға және жол бойында жанармай құю кешендерінің жоқтығына байланысты сыйымды отын багы да маңызды фактор болып табылады.

ОТК Маңғыстау облысында орналасқан ҚМГ еншілес мекемелеріне вахталық және кәсіпшілік ішінде көлікпен тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Бағыттар 600-2000 шақырымға дейін созылады. Соңғы 20 жылда ОТК-да автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде өлімге әкелген жағдайлар тіркелмеді. Бұл компанияда 20 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандардың жұмыс істейтінін және автокөлік құралдарының техникалық хал-ахуалы жоғары екенін айғақтайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>