Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2021 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық нәтижелері

20.05.2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржы ақпаратын тексеру нәтижелерімен бірге «Аралық қаржылық есептілік» 34 халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген, 2021 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдың аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

2021 жылғы бірінші тоқсандағы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • Түсім 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 1 376 млрд теңгемен (3 513 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2021 жылғы бірінші тоқсанда 1 433 млрд теңгені (3 413 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 275 млрд теңгемен (702 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2021 жылғы бірінші тоқсанда 494 млрд теңгені (1 176 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның таза пайдасы 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 70 млрд теңгемен (177 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, есепті кезеңде 286 теңгені (681 млн АҚШ доллары) құрады. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі пайда 287 млрд теңге (683 млн АҚШ доллары) болды;
  • Бос ақша ағыны 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 26 млрд теңгемен (66 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 35 млрд теңгені (83 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2020 жылдың соңындағы 6 162 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеп, 2021 жылғы 31 наурызда 6 123 млн АҚШ долларын құрады;
  • Компанияның жалпы қарызы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеп, 2021 жылғы 31 наурызда 9 655 млн АҚШ долларын құрады.

  Өлшем бірлігі

2021 ж

1-тоқс

2020 ж

1-тоқс

%

Мұнай, Dated Brent1

$/барр.

61,12

50,10

22,0%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ доллары

419,94

391,72

7,2%

Түсім

млрд теңге

1 433

1 376

4,1%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

218

65

235,4%

Таза пайда

млрд теңге

286

70

308,6%

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда

млрд теңге

287

86

233,7%

EBITDA2

млрд теңге

494

275

79,6%

EBITDA түзетілген көрсеткіші3

млрд теңге

277

217

27,6%

Бос ақша ағыны4

млрд теңге

35

26

34,6%

Күрделі шығындар (есептеу тәсілі бойынша)

млрд теңге

52

143

-63,6%

Күрделі шығындар (кассалық тәсіл бойынша)

млрд теңге

82

127

-35,4%

Таза қарыз5

млрд теңге

2 602

2 5947

0,3%

Жалпы қарыз6

млрд теңге

4 102

4 0787

0,6%

1 Дереккөзі: S&P Global Platts.

2 EBITDAтүскен кіріс плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі, нетто минус сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау мен сату шығыстары минус табыс салығынан басқа салықтар.

3 EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларынан алынған дивиденд минус сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны минус жалпы және әкімшілік шығындар минус тасымалдау мен сату шығындары минус табыс салығынан басқа салықтар

4 Бос ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған ақша ағыны минус жаңа құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу плюс Каспий Құбыр Консорциумына (КҚК) пайдасына қазақстандық құбыр активтері берілгеніне байланысты бұрын осы компанияға ұсынылған қарыз бойынша түсімдер. 2020 жылы КҚК 38 млрд теңге көлемінде ҚМГ алдындағы қарызын толық өтеді.

5 Таза қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздар минус ақша қаражаты мен олардың баламалары минус қысқа мерзімді банк салымдары минус ұзақ мерзімді банк салымдар. Берілген кепілдіктер есепке алынбады.

6 Жалпы қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздарБерілген кепілдіктер есепке алынбады.

7 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.

2021 жылғы бірінші тоқсандағы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 5 929 мың тоннамен салыстырғанда 5 318 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай және газ тасымалдау көлемі тиісінше, 18 327 мың тонна мұнай және 22 149 млн текше метр газды құрап, 2020 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1,0% және 21,8%-ға кеміді;
  • Отандық дәне румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі өзгеріссіз деңгейде қалып, 4 662 мың тоннаны құрады.

2021 ж 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

2020 ж 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 318

5 929

-10,3%

Газ өндіру, млн м³

2 058

2 260

-8,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 327

18 517

-1,0%

Газ тасымалдау, млн м³

22 149

28 320

-21,8%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 662

4 660

-0,04%

Арнайы өзге мәліметтер көрсетілмесе, өндірістік көрсеткіштер ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарындағы үлестеріне, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес ұйымдары үшін 100% көрсеткіштерге сәйкес көрсетіліп отыр.

Толық ақпаратты 2021 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасынан мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://www.kmg.kz/rus/investoram/reporting-and-financial-result/

2021 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық көрсеткіштерге шолу

Түсім

Түсім 2021 жылғы бірінші тоқсанда 1 433 млрд теңгені (3 413 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2020 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 4,1%-ға жоғары. Түсім динамикасына Brent мұнайына орташа бағаның бір жылда 22,0%-ға өскені және теңгенің АҚШ долларына шаққанда орташа айырбастау бағамының бір жылда 7,2%-ға әлсірегені, сондай-ақ KMG International N.V (KMGI) трейдингі көлемінің артуы оң әсер етті. Түсімнің өсуіне ОРЕС+ келісіміне сәйкес жекелеген кен орындарда өндірудің шектелуі, сондай-ақ экспортқа газ сату мен халықаралық транзит көлемінің кемуі, сонымен қатар газ сатудың орташа бағасының арзандауы салдарынан «ҚазТрансГаз» (ҚТГ) түсімінің азаюы жағымсыз ықпал етті.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 65 млрд теңгеден (167 млн АҚШ доллары) 2021 жылғы бірінші тоқсанда 218 млрд теңгеге (518 млн АҚШ доллары) дейін артты. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесінің ұлғаюына мына компаниялар ықпал етті: «Теңізшевройл» (ТШО) 89 млрд теңге (213 млн АҚШ доллары), «Азия газ құбыры» (АГҚ) 56 млрд теңге (133 млн АҚШ доллары) және Бейнеу-Шымкент газ құбыры (БШГҚ) 20 млрд теңге (47 млн АҚШ доллары) мөлшерінде болды. 2021 жылғы бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша бухгалтерлік таза шығын «Теңіз Сервис» ЖШС-де 1 млрд теңге (2 млн АҚШ доллары), Ural Group Limited (УГЛ) 2 млрд теңге (4 млн АҚШ доллары) мөлшерінде қалыптасты.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2021 жылғы бірінші тоқсанда 494 млрд теңге (1 176 млн АҚШ доллары) құрады. Аталған көрсеткіш 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 275 млрд теңгемен (702 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, «Газ сату мен тасымалдау», «Мұнай мен газ өндіру және барлау», «Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу мен сату» және «Корпоративтік орталық» сегменттерінде EBITDA-ның артуы есебінен ұлғайды.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 2021 жылғы бірінші тоқсанда 277 млрд теңге (659 млн АҚШ доллары) құрап, бір жылда 27,6%-ға өскенін көрсетті.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 70 млрд теңгеден (177 млн АҚШ доллары) 2021 жылғы бірінші тоқсанда 286 млрд теңгеге (681 млн АҚШ доллары) дейін өсті.  Пайданың өсуіне мұнайға орташа бағаның қымбаттауы, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске жататын түсім мен кірістің артуы, сондай-ай өнідірістік шығындардың, жалпы және әкімшілік шығындардың төмендеуі, сондай-ақ негізгі құралдардың, барлау және бағалау активтерінің елеулі құнсыздануы болмағаны оң әсерін тигізді.

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда 287 млрд теңгені (683 млн АҚШ доллары) құрады.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және өзге де материалдардың өзіндік құны 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға артып, 747 млрд теңгені (1 779 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткішке мұнай бағасының өсуі және мұнай сатып алу көлемінің артуы, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына шаққанда орташа айырбастау бағамының әлсірегені әсер етті.  Қайта сатуға арналған мұнайды сатып алуға шығындар сомасы  39,8%-ға дейін 569 млрд теңгеге (1 355 млн АҚШ доллары) өсті. Бұл сатылымға шығарылатын сатып алынатын газ құнының төмендеуімен және өңдеуге арналған мұнай құнының арзандауымен ішінара теңдестірілді.  Сатылымға шығарылатын сатып алынатын газ құнының 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 146 млрд теңгеден (373 млн АҚШ доллары) 2021 жылғы бірінші тоқсанда 27 млрд теңгеге (64 млн АҚШ доллары) дейін арзандауы ҚТГ-да газ бағаның төмендеуіне және сатып алу көлемінің азаюына байланысты болды.

Басқа шығындар

2021 жылғы бірінші тоқсанда өндірістік шығындар 2020 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімді жалға алу шығындарын 56,3%-ға 7 млрд теңгеге (16 млн АҚШ доллары) қысқарту нәтижесінде 5,7%-ға кеміп, 164 млрд теңгені (391 млн АҚШ доллары) құрады.

Тасымалдау және сату шығындары тиеу, тасымалдау және сақтау шығындарының артуы салдарынан 123 млрд теңгеге (292 млн АҚШ доллары) дейін бір жылда 3,4%-ға ұлғайды.

Жалпы және әкімшілік шығындар 15,8%-ға 32 млрд теңгеге (75 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді, бұл консультациялық қызметтер бойынша шығындардың азаюына және өтелуге тиісті қосымша құн салығы құнсыздануының қалпына келуіне байланысты болды.

Табыс салығынан басқа салықтар 2021 жылғы бірінші тоқсанда 2,1%-ға азайып, 92 млрд теңгені (218 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткішке негізінен экспорттық кеден салығы бойынша шығындардың төмендеуі ықпал етті. 

Қаржылық шығындар 2021 жылғы бірінші тоқсанда 68 млрд теңге (162 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстарғанда жалға алу келісімшарттары бойынша шығындардың артуы нәтижесінде 1,5%-ға жоғары болып отыр.

Күрделі шығындар

2021 жылғы бірінші тоқсанда күрделі шығындар (есептеу тәсілі бойынша, сегменттік есептілікте көрсетілген) 52 млрд теңгені (123 млн АҚШ доллары) құрады. Ал 2020 жылғы бірінші тоқсанда күрделі шығындар 143 млрд теңгені (366 млн АҚШ доллары) құраған еді.  Кассалық тәсіл бойынша күрделі шығындар 82 млрд теңгені (194 млн АҚШ) құрап, бір жылда 35,4%-ға қысқарды. Күрделі шығындар «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де (АМӨЗ) 2020 жылғы бірінші тоқсанда борыштың өтелуіне,  KMGI компаниясында 2020 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстардың атқарылуына, «Өзенмұнайгаз» АҚ негізгі құралдарды аз көлемде сатып алғанына байланысты, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-де инвестициялық жобалар бойынша атқарылған жұмыстардың көлемі аз болғанына байланысты азайды.  

Қарызды басқару

Борыштық жүктеменің көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2021 жылғы

31 наурыз

2020 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигациялар

млрд теңге

3 031

2 978

1,8%

Қарыздар

млрд теңге

1 071

1 101

-2,7%

Жалпы қарыз

млрд теңге

4 102

4 078

0,6%

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер 

млрд теңге

214

227

-5,7%

«АстанаГаз ҚМГ» АҚ  синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер 

млрд теңге

1,9

1,9

0,0%

Кепілдемелік міндеттемелерді қоса алғандағы жалпы қарыз

млрд теңге

4 318

4 308

0,2%

Сандарды дөңгелекте салдарынан олар жинақталмауы мүмкін.

2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жалпы қарыз теңгемен есептегенде 4 102 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен (4 078 млрд теңге) салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайды. Долларға шаққандағы жалпы қарыз 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 9 655 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен (9 690 млрд теңге) шамалы 0,4%-ға төмендегенін көрсетті.

Кепілдемелік міндеттемелерді қоса алғандағы жалпы қарыз[2] 2021 жылғы 31 наурызда 4 318 млрд теңгені (10 163 млн АҚШ доллары) құрап, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен теңгемен есептегенде 0,2%-ға ұлғайды (долларға шаққанда 0,7%-ға азайды).

Есепті кезең ішінде АМӨЗ The Export-Import Bank of China-дан алынған кредитті 79 млн АҚШ доллары көлемінде ішінара және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ кредитінің 142 млн АҚШ долларын толық өтеді. АМӨЗ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 4 жыл өтеу мерзімімен 54 млрд теңге жалпы сомасына ұзақ мерзімді қарыз алды. KMGI айналым капиталын қаржыландыру үшін Cargill-дан 50 млн АҚ доллары көлемінде қысқа мерзімді қарыз алды. 

2021 жылғы 31 наурыздағы ҚМГ таза қарызы 2 602 млрд теңгені (6 123 млн АҚШ доллары) құрап, теңгемен есептегенде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 0,3%-ға жоғары болып отыр (долларға шаққанда 0,6%-ға төмендеді). 

Ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты

Өлшем бірлігі

2021 жылғы

31 наурыз

2020 жылғы 31 желтоқсан

%

Ақша қаражаты мен олардың баламалары

млрд теңге

1 174

1 146

2,4%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

271

282

-3,9%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

56

57

-1,8%

Ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты

млрд теңге

1 501

1 485

1,1%

2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, сонымен қатар депозит түріндегі ақша қаражаты 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1%-ға ұлғайып, 1 501 млрд теңгені құрады. Долларға шаққанда шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 3 528 млн АҚШ доллары көлеміндегі көрсеткішпен салыстырғанда шамалы 0,1%-ға ғана 3 532 млн АҚШ долларына дейін артты.

Ақша қаражаты және олардың баламалары негізінен операциялық қызметтен 116 млрд теңге (277 млн АҚШ доллары) сомасында түскен оң таза ақша ағынына және ақша қаражаты және олардың баламаларына айырбастау бағамы өзгерісінің 7 млрд теңге (16 млн АҚШ доллары) көлемінде ықпал ету есебінен ұлғайып отыр.   

2021 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2021 жылғы 11 наурызда ҚМГ және «Самұрық-Қазына» АҚ ҚТГ-ның 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару туралы шартына қол қойды;
  • 2021 жылғы 30 наурыздан бастап 6,25 млрд АҚШ доллары жалпы сомасына ҚМГ еурооблигациялары Astana International Exchange ресми тізіміне енді;
  • 2021 жылғы 21 сәуірде ҚТГ облигацияларын ұстаушыларының отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша білікті көпшіліктің шешімімен 2021 жылғы 30 наурыздағы Келісім алу туралы меморандумға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің шарттарын өзгертуге келісім алынды. ҚТГ облигацияларын ұстаушыларының сыйақы сомасы 3,5 млн АҚШ долларын құрады;
  • 2021 жылғы 30 сәуірде S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингісін «жағымсыз» болжамымен «BB» деңгейінде растады.

[1] Ақша сомалары ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2021 және 2020жж. орташа бағамдар, тиісінше 419,94 және 391,72 теңге/АҚШ долл. құрады; кезең соңындағы бағамдар – 2020 ж. 31 желтоқсанда және 2021 ж. 31 наурыздағы бағамдар, тиісінше 424,89 және 420,91 теңге/АҚШ долл. құрады).

[2] Бейнеу-Шымкент газ құбырының синдикатталған қарызы бойынша 214 млрд теңге (504 млн АҚШ доллары) көлеміндегі кепілдемелік міндеттемелердің, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ қарызы бойынша 1,9 млрд теңге (4,4 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі кепілдемелік міндеттемелердің номиналды сомасын қамтиды. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>