Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 6 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алды

19.05.2021

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобынының 6 мыңнан астам қызметкері немесе жалпы персонал санының шамамен 10%-ы COVID-19 індетіне қарсы вакцина алды. Соның ішінде 2 мыңға жуығы вакцинаның екі компонентін де салдырды. Вакцинациялау шаралары мемлекеттік жаппай екпе егу науқаны аясында жүріп жатыр.

Екпе алу орындары еншілес компаниялардың орталық кеңселерінде, кен орындардағы арнайы жабдықталған жерлерде және тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық орталықтарда ұйымдастырылған. Мұнайшылар отандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax немесе ресейлік Спутник-V вакциналарын өз еріктері бойынша таңдай алады.

«Компания пандемия басталғаннан бері барлық алдын алу іс-шараларын қолға алып, қызметкерлердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп келеді. Сәуір айында бізде жаппай вакцинациялау науқаны басталып, сол үшін барлық жағдай жасалып отыр. Бұдан бөлек, вакцинаның екі кезеңінен өткен қызметкерлер ПТР-тестін тапсырмай, кен орындарға еш кедергісіз бара алады», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сактағанов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>