Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы энергетика мен көлік салаларындағы қытайлық әріптестерімен бірқатар келісім шарттар жасасты

15.12.2014

2014 жылдың 14-ші желтоқсаны күні Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтіп, оған екі елдің үкімет басшылары қатысты.  

Қазақстан мен Қытай компанияларының өкілдері 3 панельдік сессия аясында «Энергетика, коммуникациялар, логистика мен көлік салаларындағы мүмкіндікті кеңейту», «агроөнеркәсіп кешені саласындағы әріптестікті дамыту» мен «сауда экономикалық ықпалдастықты дамытудағы шағын және орта бизнестің рөлі» қатарлы маңызды бағыттар бойынша әріптестікті одан ары дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Кеңестің Тең Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев мұндай шаралардың маңызын айрықша атап атты. «Қытай Халық Республикасының үкіметі, ірі және орта бизнесі өкілдерімен бүгінгідей форматта өткен алғашқы кездесудің жемісті болғанын ерекше айтқым келеді. Мемлекеттік және жеке меншік сектордың дамуына серпін беретін бірқатар маңызды стратегиялық келісім шарттарға қол қойылды. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алғашқы отырысынан бері арада 1 жыл өткендіктен, осы кездесулердің нақты нәтижелеріне тоқталауға болады»,-деді ол.

Мәселен, Іле өзеніне құны $151,6 млн. долларлық Кербұлақ ГЭС салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде бұл Қапшағай ГЭС-ның қуатын қазіргі 250 мВт- тан  360 мВт-қа дейін арттырып, қыста Қазақстанның Оңтүстік өңірлеріндегі кернеуге түсетін салмақты дер шағын айтарлықтай жеңілдетеді. Табысты әріптестіктің тағы бір мысалы ретінде Ө.Шөкеев «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының алғашқы телімін салу мен Алматы облысындағы Мойнақ ГЭС және Қазақстандағы битум зауытының іске қосылуын атады.

Отырыс қорытындысында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы энергетика, көлік пен газ салаларындағы әріптестікті қамтитын бірқатар келісім шарттар жасасты. «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қытайдың Бас ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді әріптестікті тереңдетіп, кеңіту туралы келісім шартқа қол қойды. «Самұрық-Энерго» АҚ Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясымен (CIWEC) Шелек ауданын даму, Кең су өзенінің арнасын Бестөбе су қоймасына бұру ісіндегі әріптестік туралы меморандум жасасты.

Ал, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы (CNPC) мұнай-газ саласындағы техникалық әріптестікті одан ары кеңіте түсуге уағдаласты. Ол Оңтүстік-Торғай бассейніндегі кеніштерден алынатын өнімді ұлғайтуды көздейді. «ҚазМұнайГаз - қайта-өңдеу және маркетинг» АҚ қытайдағы әріптестерімен дизель отыны, синтетикалық табиғи газ және т.с.с мұнай-химия өнімдерін шығаратын өндіріс ошағын құру туралы келісімге келді.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылдың сәуір айында ҚХР-на ресми сапары барысында берілген қос ел көшбасшыларының тапсырмасына сай құрылған. Кеңес құрудағы басты мақсат сауда-экономикалық ықпалдастықтың дамуына септесу, экономиканың әр саласындағы әріптестікті ілгерілету. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің құрылтайшылық отырысы 2013 жылдың 7 қыркүйегі күні өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ

Жұртшылықпен байланыс департаменті

+7 (7172) 554114; +7 (777) 777 72 89

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>