Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Татнефть өзара ынтымақтастықты дамытуда

29.04.2021

2021 жылғы 28 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «Татнефть» ЖАО (бұдан әрі – Татнефть) бірқатар құжатқа қол қойды. Аталған шара Қазан қаласында Еуразиялық экономикалық кеңесінің Саммиті аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» бас директоры Наиль Магановтың қатысуымен өтті.  

«Бутадиен» жобасы аясында тараптар жобаны іске асырудың жол картасына және негіздемелік келісімшартқа қол қойды. Құжаттарға сәйкес жобалау компаниясы құрылып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірге инвестиция алдындағы кезең жүргізіледі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек кен орындарын геологиялық барлау және игеру саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі ниеті туралы келісімге де қол қойылды. Құжат аясында Қазақстанда геологиялық барлау және мұнай-газ өндіру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін зерттеу мен бағалау үшін іс-шаралар кешенін өткізу, осы салада бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, геологиялық-техникалық іс-шаралар мен мұнай беруді ұлғайту әдістерін  таңдап және іске асыра отырып, кен орындарды игеру мен жабдықтау жұмыстарын жобалау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, келісім Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде баламалы жаңартылатын энергия көздері саласында бірлескен мүмкіндіктерді қарастыруға жағдай туғызады.

«Бүгін қол қойылған құжаттар «Татнефть» компаниясымен жемісті ынтымақтастығымыздың жалғасы болып отыр. Геологиялық барлау, кен орындарды игеру және мұнай химиясы саласында жиналған мол тәжірибеміздің бірігуі қос компанияның одан арғы тиімді жұмысына септігін тигізетініне сенімдімін. Біздің ынтымақтастығымыз мұнай-газ кешеніне және жалпы еліміздің экономикасына инвестициялар инг технологиялар әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек», – деп атап өтті ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев.   

«Татнефть» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың нығаюына, осы қауымдастықтың Экономикалық интеграциясының стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуда. Біз әріптестерімізбен кен орындарды игеру, сондай-ақ ұңғымаларды жобалау, геологиялық-техникалық модельдеу, салу саласындағы технологияларымыз және тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз. «Татнефть» әріптестерімен ашық диалог жүргізуге әркез дайын, – деді «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов.

Еске сала кетейік, сәуірдің 5-сі күні Қарағанды облысының Саран қаласында «Бутадиен» жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойылды. Жобаны ҚМГ «Татнефть» компаниясымен бірге іске асырып жатыр.  Атырау облысында бутадиен каучугін өндіру жобасы 2025 жылға дейін іске асырылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен каучугін және 170 мың тонна изобутанды құрайды. Дайын өнім Қарағанды облысындағы шина зауытына, сондай-ақ Еуропа елдеріне, Ресей, Қытай, Түркия және басқа да мемлекеттерге жөнелтілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>