Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстың тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруда

09.04.2021

9 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мемлекеттік басқару академиясының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсты ілгерілету бойынша семинар өтті. Шараға компания басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ еншілес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсты енгізу міндеті өткен жылдың аяғында заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Ол корпоративтік адалдық стандарттарының орындалуын бақылауды көздейді.

Семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің адалдық департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Бекінов елімізде комплаенс қызметін енгізуге заңнамалық негіз қалыптастырылып, оларды дамыту үшін әдістемелік ұсыныстар дайындалғанын атап өтті. Соған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мен тәуекелдерді анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау комплаенс қызметінің басым бағыттарына айналуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін қалыптастыру барысында ISO 37001 «Пара алумен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізудің әлеуеті туралы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров баяндап берді.

Өз кезегінде ҚМГ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Мәлік Сәулебай компанияда бақылау функцияларын енгізу, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді анықтау және жою арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

ҚМГ комплаенс қызметінің басшысы Ләззат Нұрмағамбетованың мәліметіне сәйкес, ҚМГ мен оның бірқатар еншілес ұйымдарының қызметіндегі тәуекелдерге ауқымды тәуелсіз бағалау жүргізілді және комплаенс тәуекелдерінің картасы қалыптастырылды, комплаенс саласындағы ішкі құжаттар бекітілді және «жедел желі» енгізілді.

Бүгінде компания мен оның еншілес ұйымдарында 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлар қабылданып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бағалау жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>