Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз», Экология министрлігі және «Қазгеология» шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыс істейтін болады

19.03.2021

2021 жылғы 19 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар Қазақстанның аз зерттелген шөгінді бассейндерінде көмірсутектер қорын бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвесторларды тарту бойынша бірлесіп жұмыстанатын болады. Келісім тараптардың күшін біріктіруге және геологиялық зерттеу мен барлау үшін аумақтарды айқындауға мүмкіндік береді. Шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттырып қана қоймай, материалдық-шикізат базасының орнын толтыруға септігін тигізеді.

Қазіргі кезде елімізде жер қойнауын зерттеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтуге болады. Тек көмірсутек бөлігінде ғана отандық геологтар шамамен 76 млрд тонна шартты отын – болжамды ресурсы бар 15 шөгінді бассейнді анықтады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>