Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Әлеуметтік қолдау – бұрынғы деңгейінде

19.11.2014

 2014 жылдың 18 қарашасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ында Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың төрағалық етуімен ҚМГ әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу жөніндегі кеңесінің кезекті мәжілісі болып, онда күрделі және операциялық шығындарды оңтайландыру, сондай-ақ әлемдік экономикадағы өзгерістер жағдайында қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды.

Кеңес жұмысына  «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары  мен қызметкерлер өкілдері қатысты.

ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәжілістің басында атап өткеніндей, әлемдік экономикадағы қазіргі жағымсыз үрдістер мұнайға бағаның одан әрі төмендеуі жағдайында компаниялар тобының қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлауына әкеліп соғуы ғажап емес.

Кеңесте кәсіподақ жетекшілеріне ҚМГ-нің қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін қазіргі таңдағы әлемдік рыноктағы мұнайға бағаның барынша құлдырау жағдайы және шығындарды қысқарту жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар жеткізілді.

Мәжілісте атап өтілгендей, 2015 жылға арналған Даму жоспарын қалыптастыру кезінде «ҚазМұнайГаз» әлемдік рынокта қалыптасып отырған жағдайға байланысты мұнайға болжамдық бағаны бірнеше рет қайта қарауына тура келді. Кеніштерде мұнай өндірудің тұрақты көлемін ұстап тұру орасан күрделі қаржыны талап еткеніне қарамастан, ең алдымен жоспарлы операциялық және күрделі қаржы шығындарын оңтайландыру мен қысқарту жөніндегі шаралар қабылданды.

Алайда, күрделі және операциялық шығындарды еріксіз қысқарту жағдайында да ҚМГ компаниялар тобында соңғы үш жыл ішінде 31,3 пайызға өскен әлеуметтік шығындарды бұрынғы деңгейінде сақтау қажеттілігі туралы атап өтілді.

Аталмыш мәселе бойынша кеңес мүшелері еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>