Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Әл-Фараби жобасы бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды

16.03.2021

15 наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) президенті Вагит Алекперовтың қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Кездесу барысында Әл-Фараби теңіз учаскесінде бірлескен игеру жұмыстарын жүргізу аясында көмірсутектерді барлау мен өндіруге құқық беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Тараптар осы жобаның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ендігі кезең ҚМГ-ның 50,01%, ал ЛУКОЙЛ-дың 49,99% үлесі бар бірлескен кәсіпорынды құру бойынша ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында  жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасуды және болашақ мәміленің аяқталуын көздейді.

«ҚазМұнайГаз» және ЛУКОЙЛ стратегиялық серіктес болып табылады және ұзақ жылдар бойы бірқатар жобаны бірлесіп жүзеге асырып келеді. Ынтымақтастықтың дамуындағы осы кезең тараптар арасындағы сенімді әрі тығыз байланысты растап отыр. Қос компания ресурстық базаны кеңейтуге және Каспий өңіріндегі көмірсутек шикізатын геологиялық барлау және өндіру ісінде жаңа мүмкіндіктер іздеуге мүдделі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы А.Айдарбаев.

Келіссөздер барысында Хвалынское, Орталық, Жеңіс және басқа да жобалар бойынша ҚМГ мен Лукойл компанияларының бірлескен қызметі де талқыланды. Сондай-ақ серіктес Қаламқас-теңіз және Хазар жобаларына қызығушылығын білдірді. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутек іздеу үшін тартымды екенін айқындайды.

ҚМГ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ресурстық базаны кеңейту және геологиялық барлауды жүргізу туралы тапсырмасын орындау аясында, соның ішінде жетекші мұнай-газ компаниялары қатысатын бірлескен жобалардың есебінен де белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өткен жөн.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>