Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2020 жылдың қаржылық нәтижелері

15.03.2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен бірге халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары, Дәурен Қарабаев:

«ҚМГ үшін 2020 жыл күрделі кезеңге айналды. Дегенмен, компаниямыз барлық қиындықты еңсере білді. 2020 жылы ҚМГ қаржылық нәтижелеріне мұнай бағасының құлдырауы, ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді шектеу және коронавирус індеті сияқты факторлар едәуір ықпал етті. Бірақ сыртқы сын-тегеурінге қарсы тұру үшін дер кезінде қолға алынған шаралар біз болжағаннан да жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік берді. ҚМГ бұл жолы мұнай бағасының төмендеуіне барынша дайын болып шықты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша компания оң бос ақша ағынын қамтамасыз етіп, кредиттік рейтингтерді сақтай алды. Қаржылық ковенанттардың бұзылуына және қарыздың өсуіне жол берілмеді».

2020 жылдың негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • Түсім 2019 жылғы 6 859 млрд теңгемен салыстырғанда, 2020 жылы 4 556 млрд теңгені (11 019 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2019 жылғы 1 963 млрд теңгемен салыстырғанда, 2020 жылы 1 151 млрд теңгені (2 785 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның таза пайдасы 2019 жылғы 1 158 млрд теңгемен салыстырғанда есепті кезеңде 172 млрд теңгені (416 млн АҚШ доллары) құрады. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі пайда 273 млрд теңге (661 млн АҚШ доллары) болды;
  • Бос ақша ағыны 2019 жылғы 592 млрд теңгемен салыстырғанда 88 млрд теңгені (213 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2020 жылғы 31 желтоқсанда Компанияның таза қарызы 6 162 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың соңындағы 6 171 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді;
  • Таза қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанда 3,4%-ға кеміп, 9 690 млн АҚШ долларын құрады.

Өлшем бірлігі

2020

2019

%

Мұнай, Dated Brent1

$/барр.

41,84

64,21

-34,8%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл

413,46

382,87

8,0%

Түсім

млрд теңге

4 556

6 859

-33,6%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

511

828

-38,3%

Таза пайда

млрд теңге

172

1 158

-85,2%

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда

млрд теңге

273

1 197

-77,2%

EBITDA2

млрд теңге

1 151

1 963

-41,3%

Бос ақша ағыны3

млрд теңге

88

592

-85,1%

Таза қарыз4

млрд теңге

2 594

2 361

9,9%

Жалпы қарыз5

млрд теңге

4 078

3 838

6,3%

1 Дереккөзі: S&P Global Platts.

2 EBITDA = түскен кіріс плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі, нетто минус сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау мен сату шығыстары минус табыс салығынан басқа салықтар.

3 Бос ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған ақша ағыны (ТШО-ның мұнай жеткізу шарты бойынша алдын ала төлемнің таза қозғалысын шегергенде) минус жаңа құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлкті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу плюс бұрын Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдер.

4 Таза қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздар минус ақша қаражаты мен олардың баламалары минус қысқа мерзімді банк салымдары минус ұзақ мерзімді банк салымдар. Берілген кепілдіктер есепке алынбады.

5 Жалпы қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздар. Берілген кепілдіктер есепке алынбады.

2020 жылдың өндірістік нәтижелері:              

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 7,9%-ға азайып, 21 752 мың тонна болды;
  • Мұнай және газ тасымалдау көлемі 6,3% және 16,3%-ға төмендеп, 73 171 мың тонна мұнай мен 86 590 млн текше метр газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 12,2%-ға кеміп, 18 077 мың тоннаны құрады.

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

21 752

23 618

-7,9%

Газ өндіру, млн м³

8 191

8 455

-3,1%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

73 171

78 066

-6,3%

Газ тасымалдау, млн м³

86 590

103 494

-16,3%

Мұнай өңдеу, мың тонна

18 077

20 589

-12,2%

Өндірістік көрсеткіштер егер өзгесі көрсетілмесе, ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарындағы үлестеріне, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес ұйымдары үшін 100% көрсеткіштерге сәйкес көрсетілген.

Толық ақпаратты 2020 жылдың өндірістік нәтижелері жөніндегі баспасөз хабарламасынан мына сілтеме арқылы оқи аласыз: http://ir.kmg.kz/

2020 жылдың қаржылық нәтижелеріне шолу

Түсім

Түсім 2020 жылы 4 556 млрд теңгені (11 019 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 33,6 %-ға төмен. Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайға орташа бағаның бір жылда 34,8%-ға төмендегені, ОРЕС+ келісіміне сәйкес жекелеген кен орындарда өндірудің шектелуіне байланысты мұнай сату көлемінің азаюы, сондай-ақ KMG International компаниясының өнімдерін сату көлемінің кемуі негізгі кері әсерін тигізді. Түсімнің азаюы АҚШ долларына шаққанда теңгенің орташа айырбастау бағамының 8,0%-ға бәсеңдеуімен шамалы өтелді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

2020 жылы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ), және ҚМГ Қашаған Б.В (Қашаған) пайдасындағы үлесінің азаюы нәтижесінде 38,3%-ға төмендеп, 511 млрд теңгені (1 236 млн АҚШ доллары) құрады. Есепті кезеңде ТШО мен ММГ пайдасындағы үлесі мұнайға орташа бағаның құлдырауы және өндіру көлемінің азаюы нәтижесінде 58,2% және 79,6%-ға төмендеп, тиісінше 173 млрд теңге (420 млн АҚШ доллары) және 17 млрд теңгені (41 млн АҚШ доллары) құрады. 2020 жылы Қашаған таза шығынындағы үлесі мұнайға бағаның құлдырауы салдарынан 7 млрд теңгені (17 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл ретте, Қашағанның бос ақша ағыны оң болып, 463 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ural Group Limited (УГЛ), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) және Valsera Holdings B.V. (Валсера) компанияларында ҚМГ үлесінде, тиісінше, 10 млрд теңге (25 млн АҚШ доллары), 9 млрд теңге (21 млн АҚШ доллары) және 6 млрд теңге (15 млн АҚШ доллары) көлемінде бухгалтерлік таза шығын қалыптасты.  

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және өзге де материалдардың өзіндік құны 2019 жылмен салыстырғанда 41,8%-ға азайып, 2 277 млрд теңгені (5 507 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі шикі мұнайды сатып алуға шығынның азаюына, өңдеуге арналған мұнай құнының арзандауына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты болды, ол АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының әлсіреуімен ішінара өтелді. Сатылымға шығару үшін мұнайды сатып алу шығынының сомасы 46,4%-ға 1 311 млрд теңгеге (3 171 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді. Өңдеуге арналған мұнай құны 50,9%-ға азайып, 314 млрд теңгені (758 млн АҚШ доллары) құрады.

Өзге де шығындар

2020 жылы өндірістік шығындар 2019 жылмен салыстырғанда шамалы ұлғайып, 741 млрд теңгені (1 792 млн АҚШ доллары) құрады.  

Жалпы және әкімшілік шығындар 20,5%-ға 170 млрд теңгеге дейін (412 млн АҚШ доллары) төмендеді.  

2020 жылы табыс салығынан басқа салықтар негізінен мұнай бағасының арзандауы нәтижесінде ренталық салық, экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығынның азаюына байланысты 40,7%-ға төмендеп, 270 млрд теңгені (652 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылы қаржылық шығындар 298 млрд теңгені (720 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға кем болып отыр. Осы көрсеткішке ТШО мұнайын аванстау жөніндегі мәміленің аясындағы міндеттемелердің мерзімнен бұрын өтелуі ықпал етті.  

Активтердің құнсыздануы

2020 жылы COVID-19 пандемиясының қауіп-қатерлеріне байланысты және оның экономикаға ықпалы салдарынан нарықтағы бағалардың едәуір өзгерісі нәтижесінде мұнай бағасы, мұнай өңдеу зауыттарының болжаданатын маржасы, өндіріс көлемі, айырбастау бағамы және инфляция бойынша болжамдар құнсыздануға қатысты тестілеуден өткен кезде қайта қаралған болатын. 2020 жыл бойы ҚМГ KMG I компаниясының 162 млрд теңге (393 млн АҚШ доллары),  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 60 млрд теңге (146 млн АҚШ доллары), Сұңқар, Барыс және Бүркіт өздігінен жүретін баржалардың 10 млрд теңге (25 млн АҚШ доллары) және өзге де активтердің 11 млрд теңге (25 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі құнсыздануын қоса алғанда, жиынтықты кіріс туралы шоғырландырылған есепте жалпы сомасы 244 млрд теңге (589 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі құнсыздануды таныды.

Таза пайда

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2019 жылмен салыстырғанда 85,2%-ға төмендеп, 172 млрд теңгені (416 млн АҚШ доллары) құрады. Аталған көрсеткішке мұнайға орташа бағаның төмендеуі, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесіне қатысты түсім мен кірістің азаюы, сондай-ақ активтер құнының құнсыздануын тану кері әсерін тигізді. Бұл өзіндік құн бойынша шығындардың және табыс салығынан басқа салықтардың азаюымен ішінара өтелді. 

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда 273 млрд теңгені (661 млн АҚШ доллары) құрады.

Күрделі шығындар

2020 жылы Компанияның күрделі шығындары (қосу әдісі бойынша сегменттік есепте көрсетілген) 454 млрд теңгені (1 098 млн АҚШ доллары) құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға төмендеді. «Мұнай мен газды барлау және өндіру» сегментіндегі күрделі шығындардың бір жылда 35%-ға 168 млрд теңгеге дейін (405 млн АҚШ доллары) азаюы негізгі септігін тигізді.

Жалпы қарыз

2020 жылғы 31 желтоқсанда жалпы қарыз 4 078 млрд теңгені (9 690 млн АҚШ доллары) құрап, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен есептегенде 6,3%-ға ұлғайғанын көрсетті (доллармен есептегенде 3,4%-ға төмендеді).  2020 жылғы 31 желтоқсанда кепілдік міндеттемелерді[2] қоса алғандағы жалпы қарыз 4 308 млрд теңгені               (10 234 млн АҚШ доллары) құрап, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен есептегенде 5,0%-ға артып отыр (доллармен есептегенде 4,5%-ға азайды).

Жалпы қарыздың 241 млрд теңгеге ұлғаюына негізінен шетел валютасын айырбастау бағамының АҚШ долларында деноминацияланған облигациялар мен қарыздарға ықпалы себеп болды. Бұл ретте, доллармен есептегенде жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеп, 2020 жылғы 31 желтоқсанда 9 690 млн АҚШ долларын құрады. 2020 жылғы қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа өңдеу нысандарын қаржыландыруға The Export-Import Bank of China-дан (Эксим Банк) алған валюталық қарызды қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Даму банкінен 46 млрд теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді қарыз алды. 2020 жылғы мамыр айында ҚТГ облигацияларды номиналды құны бойынша 43,68 млн АҚШ доллары (18 млрд теңге) жалпы сомасында мерзімінен бұрын ішінара өтеп,

дисконттық баға бойынша 41 млн АҚШ долларын (17 млрд теңге) ақшалай төледі. 2020 жылғы қазанда Компания жылдық 3,5% купон мөлшерлемесімен және 2022 мен 2023 жылы өтелуі тиіс 906,6 млн АҚШ доллары (392 млрд теңгеге тең) сомасындағы еурооблигацияларды бір мезетте толық мерзімінен бұрын өтей отырып, енді 2033 жылы өтелетін 750 млн АҚШ доллары (322 млрд теңгеге тең) сомасына еурооблигациялар шығарды.

Ақша қаражаты

2020 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, соның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, шамалы 0,6%-ға ұлғайып, 1 485 млрд теңгені (3 528 млн АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының өсуіне негізінен операциялық қызметтен түскен 447 млрд теңге (1 080 млн АҚШ доллары) сомасында оң таза ақша ағыны, сондай-ақ 85 млрд теңге (206 млн АҚШ доллары) сомасында ақша қаражаты мен олардың баламаларына айырбастау бағамының өзгерісі ықпал етті. Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары доллармен санағанда 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 3 859 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткіштен 8,6%-ға 3 528 млн АҚШ долларына дейін төмендеді.

Таза қарыз

Жоғарыда мазмұндалғанның нәтижесінде, ҚМГ таза қарызы 2020 жылғы 31 желтоқсанда 2 594 млрд теңгені (6 162 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен теңгемен санағанда 9,9%-ға жоғары (доллармен есептегенде 0,2%-ға төмен).

2020 жылдың басынан бергі басты оқиғалар: 

  • 2020 жылғы 27 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі мұнайға бағаның төмендеуіне байланысты ҚМГ рейтингісін «тұрақты»-дан «жағымсыз» деп қайта қарап, кредиттік рейтингісін BB деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы 27 наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі КМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы мамырда ҚТГ 2027 жылы өтелуге тиісті кепілдемелік облигацияларды 43,68 млн АҚШ доллары сомасында номиналды құны бойынша ішінара өтеді;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес 2020 жылғы мамырда ҚМГ «Самұрық-Қазынаға» 74 млрд теңге (178 млн АҚШ доллары) және ҚР Ұлттық банкіне 8 млрд теңге (19 млн АҚШ доллары) төленген дивидендтерді қоса алғанда, 82 млрд теңге (198 млн АҚШ доллары) мөлшеріндеі дивиденд төледі;
  • 2020 жылғы қазанда Компания жылдық 3,5% купон мөлшерлемесімен және 2022 мен 2023 жылы өтелуі тиіс 906,6 млн АҚШ доллары (392 млрд теңгеге тең) сомасындағы еурооблигацияларды бір мезетте толық мерзімінен бұрын өтей отырып, енді 2033 жылы өтелетін 750 млн АҚШ доллары (322 млрд теңгеге тең) сомасына еурооблигациялар шығарды;
  • 2020 жылғы 16 қарашада ҚТГ, ВТБ банкі және «ВТБ банкі (Қазақстан)» АҚ ресей рублімен жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларына қарыз тарту туралы кредиттік келісімге қол қойды. Қаражат ING Bank, Citibank N.A., Mitsubishi UFJ Financial Group, Inc., Societe Generale и Mizuho Bank Ltd. 2018 жылы ұсынған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсалды;
  • 2020 жылғы 17 қарашада «KMG Drilling&Services» ЖШС Компаниялар консорциумымен («Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС және «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС) арбитраждық іске қатысты дауды реттеу бойынша 90,4 млн АҚШ доллары көлемінде (төлем күні айырбастау бағамы бойынша 39 млрд теңгеге тең) толық соманы өтеді;
  • 2021 жылғы 28 қаңтарда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингісін жағымсыз болжаммен «ВВ» деңгейінде растады.

[1]Ақша сомалары ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2020 және 2019 жж. орташа бағамдар, тиісінше 413,46 және 382,87 теңге/АҚШ долл. құрайды; жыл соңындағы бағамдар – 2020 ж. 31 желтоқсанда және 2019 ж. 31 желтоқсандағы бағамдар, тиісінше 420,91 және 382,59 теңге/АҚШ долл. құрайды).

[2] Бейнеу-Шымкент газ құбырының синдикатталған қарызы бойынша 227 млрд теңге (540 млн АҚШ доллары) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелердің, «Астана газ ҚМГ» АҚ қарызы бойынша 1,9 млрд теңге (4,4 млн АҚШ доллары) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелердің және жалға алудың 62 млрд теңгелік (148 млн АҚШ доллары) міндеттемелердің сомасын қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>