Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Самұрық-Қазына арасында ҚазТрансГаздың 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шарты жасалды

15.03.2021

2021 жылғы 11 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚТГ) 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына (бұдан әрі – СБШ немесе Шарт) қол қойды.

Сенімгерлік басқару шарты Қорға ҚТГ дамуының стратегиялық маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсетуге, соның ішінде ішкі нарықта газ бағасын белгілеуді реттеу жұмыстарын жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін жаңғырту мен кеңейту, ел өңірлерін әрі қарай газбен қамту үшін ҚТГ-ның басқару ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Шарт талаптарына сәйкес ҚМГ «ҚазТрансГазға» толық бақылауын сақтап қалады және оның бенефициар меншік иесі болып қалады. Алдағы уақытта да ҚТГ халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ҚМГ қаржылық есептілігінде шоғырланатын болады. Шарт ҚТГ акцияларын сату немесе иеліктен шығаруды білдірмейді. ҚМГ мен ҚТГ-ның еурооблигациялары және басқа да халықаралық міндеттемелердегі ковенанттарды сақтау арқылы жасалып, кредиторларының келісімін алуды қажет етпейді. СБШ және оның талаптары ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерінің ағымдағы деңгейлерін сақтап қалуға ықпал етеді.

ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерін инвестициялық деңгейде сақтап тұру және халықаралық инвесторлардың, оның ішінде ҚМГ мен ҚТГ еурооблигацияларын ұстаушыларының мүддесін қорғау ҚМГ маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Бұған дейін 2020 жылғы маусымда Қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметіне, Қорға, ҚМГ мен ҚТГ компанияларына ҚТГ-ны тікелей Қорға бағындыру жөніндегі мүмкіндікті қарастырып, кейіннен нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>