Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Маңғыстаумұнайгаз» мұнай қалдықтары жиналған 10 полигон мен 6,5 гектар жерді тазалады

12.03.2021

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы соңғы жылдары мұнай қалдықтары жиналған 10 полигон мен 6,5 гектар жерді тазалады. Жинақталған және жаңадан пайда болған ластануларды кәдеге жарату мен өңдеу жұмыстарына кәсіпорын бөлген қаражат көлемі 2016 жылғы 881 млн теңгеден 2021 жылы 7,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бүгінгі күні барлық тазартылған аумақтар мемлекеттік бақылау органдарына тапсырылды.

Бұдан бөлек, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мердігерлерге де жеке талаптар қояды. Енді әлеуетті мердігер мұнай қалдықтарын келісімшарт аумақтарының сыртына шығармауы тиіс. Өңделіп, қалпына келтірілген топырақ мұнаймен ластанып, тазартылған жерді қайта қалпына келтіру үшін пайдаланатын болады.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 6 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.  Құжатқа сәйкес ҚМГ еншілес кәсіпорындары келісімшарт аумақтарында мұнаймен ластанған жерлерді тазалайды, сондай-ақ жабдықталмаған шлам жинағыштарында орналасқан қалдықтарды кәдеге жаратады және қайта өңдейді.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>