Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «Air Liquide» компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытына сутек пен азот жеткізу туралы келісімге келді

02.03.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және француздық «Air Liquide» компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытына өндірістік техникалық газдарды жеткізу туралы келісті. Жоба «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС бірлескен кәсіпорны арқылы іске асырылатын болады.

Ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жыл сайын 200 млн текше метр сутек пен 50 млн текше метр азот өндіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған келісім цифрлық технологиялардың трансфертін, қуатты тұтынуды оңтайландыру, жабдықтың техникалық беріктігі мен өндіріс тиімділігін арттыруды да көздейді. Бұл үшін сутек пен азот өндіру қондырғылары Брюссель қаласындағы (Бельгия) Зияткерлік және инновациялық орталыққа қосылатын болады. Air Liquide инвестициясының жалпы көлемі 86 млн еуроны құрайды, оның 65 млн Атырау МӨЗ-нің жобасына жұмсалады.

Еске сала кетейік, Air Liquide – өнеркәсіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларына арналған газ өндіру бойынша әлемдегі жетекші кәсіпорын. Air Liquide технологиялық инновациялары өнеркәсіп компанияларының энергетикалық шығындарын қысқарту мен ластайтын заттарды шығару көлемін азайту мақсатында, табиғи ресурстарды орынды пайдалану және сутек, биоотын немесе күн жарығы сияқты болашақ қуат көздерін дамыту үшін пайдаланылады.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС – ҚМГ (25%) мен Air Liquide (75%) компанияларының бірлескен кәсіпорны. Ол 2018 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытының сутек және бумен қамту қондырғыларын басқару жобасын іске асырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>