Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Satti» отандық бұрғылау қондырғысы Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігінде ұңғымаларды бұрғылайтын болады

27.02.2021

2021 жылғы 25 ақпанда Дубай қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы (бұдан әрі – SOCAR) Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында өзі көтерілетін қалқымалы «Satti» бұрғылау қондырғысын (бұдан әрі – «Satti» қондырғысы) бірлесіп пайдалану туралы келісімге келді.

«KMG Drilling&Services» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен «Caspian Drilling Company Ltd» (SOCAR еншілес ұйымы) арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім «Satti» қондырғысын пайдалана отырып, Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігіндегі Shallow Water Absheron Peninsula құрылымында 2 барлау және 1 опциондық ұңғыманы бұрғылауды көздейді. Құжатқа қол қою рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ахметжан Есімов және ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

«Satti» қондырғысы – бұл Қазақстанда құрастырылған алғашқы теңіздегі бұрғылау қондырғысы. Ол Каспий теңізінде 80 метрге дейінгі тереңдікте бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 19 маусымда «Satti» қондырғысы «KMG Drilling&Services» ЖШС мен «Caspian Drilling Company Ltd» арасындағы сенімді басқару келісімшартының аясында Баку қаласына жеткізілді. Келісімшартқа сәйкес бұрғылау қондырғысы жетілдірілетін болады. Нәтижесінде ол 6 000 метрден астам тереңдікте барлау ұңғымаларын қауіпсіз әрі тиімді бұрғылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

ҚМГ өкілдері атап өткендей, мұндай жобаларға қатысу отандық мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, теңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізу ауқымын кеңейтуге жол ашады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>