Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2020 жылғы өндірістік нәтижелері

25.02.2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2020 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.

ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Cерікұлы Айдарбаев:

«2020 жылы күллі дүниежүзі, оның ішінде мұнай-газ саласы індетпен бетпе-бет келіп, үлкен қиындықтарға тап болды. COVID-19 пандемиясы, оның салдарынан энергия ресурстарына сұраныстың азаюы және ОПЕК+ келісімі аясындағы шектеулер негізгі өндірістік көрсеткіштеріміздің төмендеуіне әкелді. Пандемияның теріс әсеріне төтеп беру мақсатында ұлттық компанияда дағдарысқа қарсы шаралар дер кезінде әзірленіп, ойдағыдай іске асырылып келеді. Қолға алынған шаралар дағдарыстың кері әсерін барынша азайтып, тұрақтылықты сақтауға және әрі қарай дамуға мүмкіндік туғызады. Компания эпидемиологиялық ахуал мен мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, өндіріс процесін үзбей, барлық бағыттағы жұмыстарды жалғастырып келеді.

Компания қызметкерлері мен олардың отбасыларының амандығы және денсаулығы басты назарда. Індеттің таралуын барынша азайту үшін жан-жақты шаралар қабылданды. Оның үстіне түрлі сын-тегеурінге қарамай, тұрақты дамуымыздың аясында тағы айтулы қадам жасадық. Дәлел ретінде Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі Компанияға 69 балл деңгейінде аса жоғары баға бергенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 2020 жылы өндірісте өлімге әкелген оқиғалардың тіркелмеуі де қуантарлық жәйт. Мұндай көрсеткішке Компания алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұдан бөлек, жазатайым оқиғалардың саны да күрт азайды. Бұл ретте, Ұлттық компания бойынша жарақат алу коэффициенті IOGP Халықаралық мұнай өндірушілер қауымдастығының орташа салалық көрсеткіштерінен алғаш рет төмен болып отыр.

Үлкен ұжымның бірлескен күш-жігерінің және әрбір қызметкердің қажырлы еңбегінің арқасында қиындықтарды еңсере білдік. Барша қызметкерлерге кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, алдағы уақытта Компанияның одан әрі дамуына мүмкіндік беретін қажырлы еңбектері үшін алғысымды білдіремін».

2020 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 7,9%-ға азайып, 21 752 мың тонна болды;
  • Мұнай және газ тасымалдау көлемі 6,3% және 16,3%-ға төмендеп, 73 171 мың тонна мұнай мен 86 590 млн текше метр газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 12,2%-ға кеміп, 18 077 мың тоннаны құрады.

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

21 752

23 618

-7,9%

Газ өндіру, млн м³

8 191

8 455

-3,1%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

73 171

78 066

-6,3%

Газ тасымалдау, млн м³

86 590

103 494

-16,3%

Мұнай өңдеу, мың тонна

18 077

20 589

-12,2%

2020 жылдың өндірістік нәтижелері

Өндірістік көрсеткіштер егер арнайы өзге мәліметтер көрсетілмесе, ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарындағы үлестеріне, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес ұйымдары үшін 100% көрсеткіштерге сәйкес көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

2020 жылы ҚМГ бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 21 752 мың тонна (тәулігіне 445 мың баррель) құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға кем түсті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 3,1%-ға 8 191 млн текше метрге дейін төмендеді.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз(100%)

5 347

5 586

-4,3%

Маңғыстаумұнайгаз (50%)

2 977

3 204

-7,1%

Ембімұнайгаз (100%)

2 601

2 900  

-10,3%

Теңіз (20%)

5 292

5 958

-11,2%

Қашаған (8,44%)

1 253

1 169

7,2%

Қарашығанақ (10%)

1 094

1 015

7,8%

Өзгелері

3 189

3 786

-15,8%

Барлығы

21 752

23 618

-7,9%

Теңіз кен орнында мұнай өндіру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға кеміп, 5 292 мың тонна (тәулігіне 115 мың баррель), ал газ өндіру 9,5%-ға азайып, 2 950 млн текше метрді құрады. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған шектеулер айтарлықтай ықпал етті.

Қашағанда мұнай өндіру 7,2%-ға 1 253 мың тоннаға дейін (тәулігіне 27 мың баррель) өсті. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 8,3%-ға артып, 758 млн текше метрді құрады. Өндіру деңгейінің ұлғаюына 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуы септігін тигізді, оның нәтижесінде теңіз және жерүсті кешендерін пайдалану коэффициенті артты. Айдау қорының 4 ұңғымадан 6 ұңғымаға дейін ұлғаюы, мұнай технологиялық желілерінде қосымша ребойлерді орнату да мұнай өндірісінің өсуіне мүмкіндік берді. 2020 жылға жоспарланған 1 332 мың тонна мұнай көлеміндегі көрсеткіш ОПЕК+ аясында қабылданған шектеулерге байланысты орындалмады. 2020 жылы Қашаған кен орнында (100%) орташа тәуліктік жалпы өндіру тәулігіне 328 мың баррельді құрады.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 7,8%-ға ұлғайып, 1 094 мың тоннаны (тәулігіне 23 мың баррель) құрады. Газ өндіру 2 021 млн текше метр құрап, 2019 жылдың деңгейінен 8,6%-ға жоғары болды. Мұнай және газ өндіру көлемінің артуы 2019 жылдың қыркүйек-қараша айларында жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарынан кейін Қарашығанақ өңдеу кешеніне қарасты өндірістік нысандарының және Газды кешенді дайындау қондырғыларының жаңғыруына, сондай-ақ 5-ші магистралды желісіндегі жаңа газ айдау ұңғымалары іске қосылғаннан кейін жаз мезгілінде газ айдау деңгейінің өсуіне байланысты болды.

Операциялық активтерде мұнай өндіру деңгейі 8,8%-ға 14 113 мың тоннаға дейін (тәулігіне 279 мың баррель) және газ өндіру 6,6%-ға 2 463 млн текше метрге дейін төмендеді. Мұнай өндіру көлемінің азаюы ОПЕК+ келісімінің шектеулеріне, сонымен қатар байырғы кен орындарында  өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеуіне байланысты болды.

Көмірсутек шикізатының қорлары

DeGolyer & MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компанияның PRMS халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген аудитіне сәйкес 2020 жылғы 31 желтоқсанда   ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қорлары (2P) 635 млн м.э. тоннасын (тәулігіне 4 895 млн м.э. баррелін) құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2Р қорларының деңгейі 6,1%-ға кеміді. Көрсеткіштер негізінен технологиялық (байырғы кен орындарында мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеуі), сондай-ақ макроэкономикалық себептерге (мұнайға болжамды бағаның түсуі және айырбастау бағамының құбылмалығы) байланысты төмендеп отыр.  

PRMS бойынша таза қорлар (2020 жылғы 31 желтоқсанда)

Қор санаты, млн м.э.тоннасы

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

459

499

-8,0%

Дәләлденген және ықтимал (2P)

635

676

-6,1%

Дәлелденген және ықтимал және қисынды (3P)

757

790

-4,2%

Қор санаты, млн м.э. баррелі

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

3 550

3 860

-8,0%

Дәләлденген және ықтимал (2P)

4 894

5 220

5 832

6 089

-4,1%

Мұнай және газ тасымалдау

2020 жылы мұнайды магистральмен және теңізбен тасымалдау көрсеткіші 6,3%-ға 73 171 мың тоннаға дейін төмендеді[1].

Мұнай тасымалдау, мың тонна

2020

(100%)

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

42 298

42 298

44 463

-4.9%

Қазақстан-Қытай құбыры 

15 883

7 942

8 100

-2.0%

МұнайТас2

3 321

1 694

1 648

2.8%

Каспий Құбыр Консорциумы

59 027

12 248

13 126

-6.7%

Қазақтеңізфлоты

8 990

8 990

10 729

-16.2%

Барлығы

-

73 171

78 066

-6.3%

Магистралды құбырлар бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4,7%-ға қысқарып, 64 181 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне 2020 жылдың қаңтарында мұнай құрамында хлорорганикалық қоспаның шамадан тыс мөлшерде анықталуының салдарынан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізу және Құмкөл кен орындары тобында мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен кемуі салдарынан мұнай құбырлары жүйесіне мұнай тапсыру көлемінің азаюы және ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнайды шектеулі өндіру жайттары ықпал етті.

2020 жылы мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 16,2%-ға 8 990 мың тоннаға дейін кемуі жүк тиеу кідірісінің, сонымен қатар ауа-райының қолайсыздығына байланысты Жерорта теңізіндегі тасымалдау көлемінің азаюы нәтижесінде болды.  

2020 жылы ҚМГ магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 16,3%-ға 86 590 млн текше метрге дейін төмендеді. Бұл көрсеткішке негізінен Қытайға жөнелтілетін орта азиялық газдың транзиттік көлемінің азаюы, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Газпром» ЖАҚ ресей газының транзит ағындарының төмендеуі, Ресейге жөнелтілетін Қарашығанақ газының экспорт көлемінің азаюы және газ өндіру деңгейінің кемуі себебінен Теңіз газы экспортының төмендеуі ықпал етті.

Газ тасымалдау, млн м³

2020

(100%)

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

Интергаз Орталық Азия

57 753

57 753

72 961

-20.8%

Азия Газ Құбыры

39 776

19 888

22 935

-13.3%

Бейнеу-Шымкент газ құбыры

12 694

6 347

5 044

25.8%

ҚазТрансГаз Аймақ

2 603

2 603

2 554

1.9%

Барлығы

-

86 590

103 494

-16.3%

Көмірсутек шикізатын сату

2020 жылы ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға азайып, 22 012 мың тоннаны құрады. Оның 68,9%-ы экспортқа жөнелтілді.

ҚМГ өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 6 851 мың тоннаны құрады, оның ішінде шикізатты әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайының 3 517 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2020 жылы тауар газын сату көлемі 2019 жылмен салыстырғанда шамалы ғана 0,7%-ға қысқарып, 22 663 млн текше метрді құрады. Тауар газының экспорты 7 852 млн текше метрге жетті, оның 89,3%-ы Қытайға экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020 жылы Қытай бағытына жөнелтілген газ экспорты жоспарланған көлемнен төмен болды, бірақ өткен жылдың көрсеткіштермен салыстырсақ, нақты экспорт көлемі өзгермеді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Қазақстанның барлық қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты 2020 жылы Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс едәуір төмендегені байқалды. Бұл жәйт отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қызметіне елеулі әсер етті. Қоймада тауардың шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі азайтылды. Бірақ өндіріс тоқтаған жоқ. Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы мұнай өнімдерін шығарудың қажетті көлеміне сәйкес теңдестірілді. Қазіргі уақытта зауыттар өздерінің өндірістік қызметін жалғастыруда.  

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

2020

(ҚМГ үлесіне)

2019

(ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ

5 016

5 388

-6,9%

ПМХЗ

5 004

5 290

-5,4%

ПҚОП1

2 397

2 701

-11,3%

Caspi Bitum

433

443

-2,3%

Петромидия

4 864

6 331

-23,2%

Вега

364

436

-16,6%

Барлығы

18 077

20 589

-12,2%

[1] ПҚОП өңдеу көлемі 50% үлесі бойынша көрсетілген.

2020 жылы көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеудің жалпы көлемі 12,2%-ға төмендеп, 18 077 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 7%-ға азайып, 12 849 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің төмендеуіне мұнай өнімдерін тұтыну деңгейіне сәйкес барлық төрт негізгі МӨЗ-де мұнай көлемінің азаюы салдарынан болды;
  • Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 5 228 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 22,7%-ға төмен. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы 15 наурыз бен 1 мамыр аралығында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтауына, сондай-ақ өңірде мұнай өнімдеріне деген сұраныстың азаюына байланысты төмендеді.

2020 жылы отандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 12,5%-ға қысқарып, 16 817 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дер 11 707 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылғы деңгейден 7,1%-ға төмен. Мұнай өнімдерінің өндірісі негізінен мұнай өнімдерінің тұтынуына COVID-19 коронавирус індетінің ықпалы салдарынан МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемінің азаюына байланысты төмендеді;
  • KMG International зауыттары (Петромидия, Вега) 5 110 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 22,7%-ға төмен. Петромидия МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілгеніне байланысты оның жұмысы тоқтатылып, нәтижесінде мұнай өнімдерін шығару көлемі де азайды.

Экологиялық жауапкершілік және еңбек қауіпсіздігі

ҚМГ өз қызметінің қоршаған ортаға және қызметкерлерінің денсаулығына кері әсерін болдырмау шараларына әрдайым жіті назар аударады.  

2020 жылы ҚМГ қызметін Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі 100-ден 69 балл деңгейінде бағалады. Бұл компанияның тұрақты даму саласындағы жоғары көрсеткіштерін растайды.  ESG-рейтингінің құрамдас бағыттары бойынша ҚМГ мынадай баға алды: экологиялық бағыты 69 балл деңгейінде, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67.

Бұдан басқа, ҚМГ 34,5 балл деңгейінде ESG-тәуекел рейтингісіне ие болды. Бұл басқарылмайтын ESG-тәуекелінің жоғары деңгейін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бес санаттың төртіншісінде орналасты. Sustainalytics сарапшылары ҚМГ-дағы  ESG-тәуекелдерін басқаруды «мықты» деп бағалады. Бастапқыда Компанияның тәуекелдерге ұшырау деңгейі «жоғары» деп бағаланған еді. ҚМГ рейтингісінің жоғары мәні негізінен менеджмент бақылай алмайтын салалық тәуекелдерге байланысты болды.

2020 жылы CDP есептілігі (Carbon Disclosure Project) кеңейтілді. Су ресурстарын басқару жөніндегі мәліметтер 2019 жылдың қорытындысы бойынша су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама аясында алғаш рет CDP алаңында жарияланды. Сондай-ақ, ҚМГ екінші жыл қатарынан CDP климат сауалнамасы шеңберінде 2019 жылдың парник газдарының шығарындылары бойынша есебін жариялады. Ол есепте парник газдарының тікелей және жанама шығарындылары туралы деректер, парник газдарының шығарындыларын басқару мәселелері, негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер қамтылған.  Есептердің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыз: http://ir.kmg.kz/

Өлшем бірлігі

2020

2019

%

IOGP1

Ілеспе мұнай газын жағу жиілігі

КСШ өндірудің 1 000 тоннасына

2,2

2,95

-25,4%

10,6

Жұмыс уақытын жоғалта отырып, жазатайым оқиғалардың коэффициенті (LTIR)

1 млн адам-сағатына

0,21

0,31

-32,3%

0,24

Өлім жағдайларының коэффициенті (FAR)

100 млн                      адам-сағатына

0,0

1,28

-

0,46

[1] 2019 жылғы IOGP (Халықаралық мұнай өндірушілерінің қауымдастығының) жария көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).

[1]Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

2 «Мұнайтас» үлестік әдіспен шоғырланатын бірлескен кәсіпорын болып табылады, соған байланысты тасымалдау көлемі 51% иемдену үлесіне сәйкес  көрсетілген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>