ІЕ бизнес-мектебі профессорының мастер-классы (Мадрид)
14.11.2014
2014 жылғы 12 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің бірі – IE Business School профессоры Фернандо Кортиньястың «Ғаламдық бәсеке: бизнесті дамытудың мультиполярлық сценарийі және әсер ету салалары» атты тақырыпқа мастер-классы болды. Мастер-классқа ҚМГ компаниялары тобының 50 астам қызметкері қатысты.
Іс-шаралар барысында әлемде түрлі экономикалық блоктардың және өңірлік интеграциялық бірлестіктердің туындауы мен дамуына тарихи алғышарттар қаралды.
Талқылау барысында Ф. Кортиньяс Орталық Азия елдерінің мұнай-газ әлеуетіне салыстырмалы баға берді, дамудың ықтимал сценарийі мен перспективаларын белгілеп көрсетті, сондай-ақ ағымдағы геоэкономикалық және геосаяси үрдістер жағдайларында Қазақстан экономикасы үшін ашылатын мүмкіндіктерді атап өтті.
IE Business School MBA және Executive MBAбағдарламалары бойынша Forbes, The Economist, The Wall Street Journal және Bloomberg Businessweek рейтингтерінде жетекші орын алады.