Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Ішкі аудит қызметінің жұмысына тәуелсіз бағалау жүргізілді

18.02.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысына «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС жүргізген сыртқы бағалаудың қорытындысы ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және озық халықаралық тәжірибелерге толығымен сәйкес келетінін көрсетті.

Бұдан бөлек, IA Capability Model for the Public Sector моделі бойынша дамуды бағалау нәтижелеріне сәйкес ішкі аудит қызметі бағыттарының басым бөлігіне дамудың «Оңтайландырушы» деңгейі немесе бес деңгейдің бесіншісі берілді.  Аталған модель тиімді ішкі аудиттің негіздерін анықтайды және ағымдағы деңгейіне байланысты оның даму бағыттарын сипаттайды.

ҚМГ Ішкі аудит жұмысының тиімділігі жоғары деп танылуы компанияда ішкі бақылаудың пәрменді жүйесі енгізілгенін, тәуекелдерді бағалаудың, жылдық жоспарлаудың  және жеке аудиторлық тексерулерді өткізудің жүйелі және дәйекті әдісі қолданылатынын растайды.   

Жалпы, ішкі аудит қызметі заңнама талаптарының және ішкі нормативтік құжаттардың бұзушылықтары бойынша тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Ішкі аудиттің нәтижелі жұмысы заң бұзушылықтарын анықтап қана қоймай, оларды алдын-алуға септігін тигізеді. Ұлттық компанияның Ішкі аудит қызметі тәуелсіз және Директорлар кеңесіне бағынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>