Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда ALTAY -45 қысқы дизель отыны шығарыла бастады

15.01.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ға қарасты Атырау МӨЗ-де минус 45˚С температураға дейін қатпайтын Altay -45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 403 19154-38-2020  стандарты бойынша дайындалған ДТ-А-К5 Altay -45 маркалы дизель отыны мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды. Жаңа өнім K5 санатының экологиялық талаптарына сай келеді.

Күкірттің аз мөлшерде болуы және төмен температуралық қасиеттерін жақсартатын қоспалардың жоқтығының арқасында өнім арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес келеді. Атырау МӨЗ-і рекордтық қату температурасы төмен отын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын екенін атап өткен жөн.

Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті өтеу үшін шағын көлемде өндірілді. Алдағы уақытта сұранысқа қарай Altay -45 дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылатын болады.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Атырау МӨЗ-і сол кездегі Қазақстандағы ең төмен температурадағы Khazar -38 дизель отынын өндіре бастаған еді. Осылайша, зауыт Altay -45 өндірісінің басталуымен сүзгілеудің төмен температурасымен аязға төзімді дизель өнімдері желісін шығаруды жалғастырды.

Дизель отынының жоғары сапалы төмен температуралы түрлерін өндіру АМӨЗ-ді үш кезеңдік жаңғырту аясында салынған жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>