Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-ның 2020 жылғы тоғыз айдағы қаржылық нәтижелері

25.11.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратты ауқымды тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен бірге «Аралық қаржылық есептілік» 34-ші халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылғы тоғыз айдағы аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

ҚМГ Басқармасы төрағасының орынбасары, Дәурен Қарабаев:

«Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі мұнай бағасының арзандауына, COVID-19 пандемиясына және ОПЕК+ келісім шеңберінде өндіріс деңгейінінің төмендеуіне байланысты болды.

Дегенмен, қаржылық нәтижелер жылдың басындағы болжамға қарағанда, әлдеқайда жақсы. ҚМГ сыртқы жағымсыз жағдайларға қарамастан, биылғы тоғыз айдың нәтижелері бойынша оң бос ақша ағынына қол жеткізе алды. Бұл Компанияның 2020-2021 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы стратегияның арқасында мүмкін болды. Аталған стратегия аясында Компанияның шығындары қысқартылған болатын. Ұлттық компания қаржылық тұрақтылықты сақтау бойынша жоспарлы жұмысын да жалғастырып келеді. Қазан айында біз жалпы көлемі 750 млн АҚШ долларынан тұратын еурооблигациялардың 12,5-жылдық шығарылымын ойдағыдай орналастырдық. Компания түскен қаражатты 2022 және 2023 жылдары өтелуге тиіс еурооблигацияларды мерзімнен бұрын өтеуге пайдаланды.

2020 жылғы тоғыз айдағы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • 2020 жылғы тоғыз айдағы түсім 3 334 млрд теңгені (8 147 млн АҚШ доллары) құрап, 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 35,0%-ға кеміді;
  • EBITDA[2] көрсеткіші өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 43,2%-ға төмендеп, 851 млрд теңгені (2 081 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның есепті кезеңдегі таза пайдасы 2019 жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 82,8%-ға азайып, 136 млрд теңге (333 млн АҚШ доллары) болды. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі пайда 223 млрд теңгені (545 млн АҚШ доллары) құрады.
  • Бос ақша ағыны[3] 146 млрд теңгені (357 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2020 жылғы 30 қыркүйектегі Компанияның таза қарызы[4] 6 217 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың соңындағы 6 171 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,7%-ға артып отыр;
  • 2020 жылғы 30 қыркүйектегі компанияның жалпы қарызы 2019 жылдың 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға азайып, 9 867 млн АҚШ долларын құрады.

Өлшем бірлігі

9А 2020

9А 2019

%

Мұнай, Dated Brent

$/барр.

41,06

64,59

-36,4%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ доллары

409,23

381,52

7,3%

Түсім

млрд теңге

3 334

5 128

-35,0%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

323

639

-49,4%

Таза пайда

млрд теңге

136

794

-82,8%

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда

млрд теңге

223

832

-73,2%

EBITDA

млрд теңге

851

1 498

-43,2%

Бос ақша ағыны

млрд теңге

146

349

-58,1%

Таза қарызы[5]

млрд теңге

2 685

2 361[6]

13,7%

Жалпы қарызы

млрд теңге

4 261

3 8383

11,0%

2020 жылғы тоғыз айдағы өндірістік көрсеткіштер[7]:            

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 6,6%-ға кеміп, 16 423 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай және газ тасымалдау көлемі 5,9% және 14,7%-ға азайып, 55225 мың тонна мұнай және 63 448 млн текше метр газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14,4%-ға төмендеп, 13 081 мың тоннаны құрады.

9А 2020

9А 2019

%

Мұнай өндіру, мың тонна

16 423

17 593

-6,6%

Газ өндіру, млн м³

6 173

6 227

-0,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 225

58 696

-5,9%

Газ тасымалдау, млн м³

63 448

74 369

-14,7%

Мұнай өңдеу, мың тонна

13 081

15 281

-14,4%

Толық ақпаратты 2020 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелер жөніндегі баспасөз хабарламасынан мына сілтеме арқылы оқи аласыз: http://ir.kmg.kz/ru.

2020 жылғы тоғыз айдағы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім және өзге де кірістер

2020 жылғы тоғыз айдағы түсім 3 334 млрд теңгені (8 147 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішінен 35,0 %-ға төмен. Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайға орташа бағаның бір жылда 36,4%-ға төмендегені, KMG International (KMG I) компаниясының мұнай трейдингі мен мұнай өнімдерін сату көлемінің азайтқаны негізгі кері әсерін тигізді. Бұл АҚШ долларына шаққанда теңгенің орташа айырбастау бағамының 7,3%-ға бәсеңдеуімен шамалы өтелді. Отандық газды экспортқа сатудан түскен түсім негізінен газ экспорты көлемінің азаюы және Қытайға газ сату бағасының арзандауы салдарынан 9,8%-ға 452 млрд теңгеге (1 104 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді.

2020 жылғы тоғыз айдағы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ), ҚМГ Қашаған Б.В (Қашаған), «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚазРосГаз) және Бейнеу-Шымкент Газ құбыры (БШГҚ) пайдасындағы үлесінің азаюы нәтижесінде 49,4%-ға төмендеп, 323 млрд теңгені (790 млн АҚШ доллары) құрады. Есепті кезеңде ТШО мен ММГ пайдасындағы үлесі мұнайға орташа бағаның құлдырауы және өндіру көлемінің азаюы нәтижесінде 65,4% және 81,3%-ға төмендеп, тиісінше 108 млрд теңге (264 млн АҚШ доллары) және 12 млрд теңгені (30 млн АҚШ доллары) құрады. 2020 жылғы тоғыз айында Қашаған шығынындағы үлесі 9 млрд теңгені (23 млн АҚШ доллары) құрады. Бұған мұнай бағасының арзандауы, өзіндік құн тұрғысында тозу мен амортизацияға, сатуға жұмсалатын шығын өсімі кері әсерін тигізді, бұл өндіру көлемінің ұлғаюымен ішінара теңдестірілді. ҚазРосГаз және БШГҚ пайдасындағы үлесі АҚШ долларына шаққанда ұлттық валюта теңгенің құнсыздануы әсерінен бағам айырбасы бойынша шығындарды тану нәтижесінде төмендеді.

Өзіндік құн және өзге де шығындар

Есепті кезеңде сатып алынатын мұнай мен газдың, одан әрі өткізілетін мұнай өнімдерінің өзіндік құны және шикі мұнайды өндіруге жұмсалатын шығындар 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 44,7%-ға азайып, 1 623 млрд теңгені (3 967 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі шикі мұнайды сатып алуға шығынның азаюына, өңдеуге арналған мұнай құнының арзандауына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты болды, ол АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының әлсіреуімен ішінара өтелді. Қайта сату үшін мұнайды сатып алу шығынының сомасы 48,3%-ға 955 млрд теңгеге (2 333 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді. Өңдеуге арналған мұнай құны 57,5%-ға азайып, 217 млрд теңгені (530 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы тоғыз айдағы өндірістік шығындар 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда шамалы артып, 545 млрд теңгені (1 331 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы тоғыз айдағы табыс салығынан басқа салықтар негізінен мұнай бағасының арзандауы есебінен ренталық салық, эскпорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығынның азаюы нәтижесінде 40,8%-ға төмендеп, 204 млрд теңгені (499 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы то5ыз айдағы қаржылық шығындар 202 млрд теңгені (494 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 17,7%-ға кем болып отыр. Осы көрсеткіштің азаюына ТШО мұнайына аванс беру жөніндегі мәміленің аясындағы міндеттемелердің мерзімнен бұрын өтелуі ықпал етті.

Активтердің құнсыздануы

COVID-19 пандемиясының қауіп-қатерлеріне байланысты және оның экономикаға ықпалы салдарынан нарықтағы бағалардың едәуір өзгерістері нәтижесінде 2020 жылғы тоғыз айында Брент маркалы мұнайдың бағасы бойынша, мұнай өңдеу зауыттарының болжамданатын маржасы, айырбастау бағамы бойынша және инфляция көрсеткіштерінің баға болжалдары құнсыздануға қатысты тестілеуден өткен кезде қайта қаралған болатын. 2020 жылғы тоғыз айы бойы ҚМГ 60 млрд теңге (148 млн АҚШ доллары) көлеміндегі «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ), 159 млрд теңге (389 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі KMG International-дың және 8 млрд теңге (20 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі өзге активтерінің құнсыздануын қоса алғанда, жалпы сомасы 227 млрд теңге (556 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі құнсыздануды таныды.

Таза пайда

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 82,8%-ға төмендеп, 136 млрд теңгені (333 млн АҚШ доллары) құрады. Аталған көрсеткішке мұнайға орташа бағаның төмендеуі, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесіне қатысты түсім мен кірістің азаюы, сондай-ақ активтер құнының құнсыздануын тану кері әсерін тигізді. Бұл өзіндік құн бойынша шығындардың және табыс салығынан басқа салықтардың азаюымен ішінара өтелді. 

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда 223 млрд теңгені (545 млн АҚШ доллары) құрады.

Қарыз

2020 жылғы 30 қыркүйектегі жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,0%-ға артып, 4 261 млрд теңгені (9 867 млн АҚШ доллары) құрады (Доллармен есептегенде қарыз сомасы 1,6%-ға азайып отыр). Кепілдемелік міндеттемелерді[8] ескерсек, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 10,0%-ға артып, 4 511 млрд теңгені (10 447 млн АҚШ доллары) құрады (доллармен есептегенде 2,5%-ға төмендеді).

Жалпы қарыздың 423 млрд теңгеге дейін артуына негізінен шетел валютасын айырбастау бағамының АҚШ долларында деноминацияланған облигациялар мен қарыздарға ықпал етуі себеп болды. Бұл ретте, 2020 жылғы 30 маусымда доллармен есептегендегі жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеп, 9 867 млн АҚШ долларын құрады. 2020 жылғы қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жаңа өңдеу нысандарын қаржыландыруға The Export-Import Bank of China-дан (Эксим Банк) алған валюталық қарызды қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Даму банкінен 46 млрд теңге (113 млн АҚШ доллары) мөлшерінде ұзақ мерзімді қарыз алды. 2020 жылғы мамыр айында ҚТГ соманы 41 млн АҚШ доллары (18 млрд теңге) дисконттық баға бойынша ақша қаражатымен төлей отырып, облигацияларды 43,68 млн АҚШ доллары (18 млрд теңге) жалпы сомасында номиналды құны бойынша мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, соның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,7%-ға артып, 1 576 млрд теңгені (3 650 млн АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты және олардың баламалары 401 млрд теңге (981 млн АҚШ доллары) көлемінде операциялық қызметтен түскен оң таза ақша ағыны және айырбастау бағамының ақша қаражаты мен олардың баламаларына 101 млрд теңге (247 млн АҚШ доллары) сомасына өзгеруінің ықпалы нәтижесінде ұлғайып отыр.  Доллармен есептегенде шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 3 859 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 5,4%-ға 3 650 млн АҚШ долларына дейін азайды.

Жоғарыда баяндалғанның нәтижесінде, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі ҚМГ таза қарызы 2 685  млрд теңге (6 217 млн АҚШ долл.) құрады. Бұл теңгемен есептегенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 13,7%-ға жоғары (доллармен есептегенде 0,7%-ға жоғары).

2020 жылдың басынан бергі басты оқиғалар:

2020 жылғы 27 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі мұнайға бағаның төмендеуіне байланысты ҚМГ рейтингісін «тұрақты»-дан «жағымсыз» деп қайта қарап, кредиттік рейтингісін BB деңгейінде растады;

  • 2020 жылғы 27 наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі КМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы мамырда ҚТГ 43,68 млн АҚШ доллары сомасында номиналды құны бойынша 2027 жылы өтеу мерзімімен кепілдемелік облигациялардың ішінара сатып алды;
  • 2020 жылғы мамырда Самұрық-Қазына және ҚР Ұлттық банкінің шешіміне сәйкес 2019 жылдың дивидендтерін жариялағаннан кейін 20 тамыздағы жағдай бойынша ҚМГ 82 млрд теңге (202 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі дивидендтерді толық төледі. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазынаға» тиесілі дивиденд 74 млрд теңге (183 млн АҚШ доллары) және ҚР Ұлттық банкіне тиесілі дивиденд 8 млрд теңге (19 млн АҚШ доллары) құрады.
  • Қазан айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жалпы көлемі 750 млн. АҚШ доллары еурооблигациялардың 12,5-жылдық шығарылымын орналастырды. Компания келіп түскен қаражатты жалпы номиналды көлемі 906,6 млн АҚШ долларын құрайтын, 2022 және 2023 жылдары өтелуге тиіс еурооблигацияларды мерзімнен бұрын өтеуге пайдаланды.
  • 2020 жылғы 16 қарашада «ҚазТрансГаз» АҚ, ВТБ банкі және «ВТБ «Қазақстан» Банкі» АҚ ресей рублімен 200 млрд АҚШ доллары жалпы сомасына қарыз алу туралы кредиттік келісімге қол қойды. Қаражат 2018 жылы ING Bank, Citibank N.A., Mitsubishi UFJ Financial Group, Inc., Societe Generale және Mizuho Bank Ltd. ұсынған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсалатын болады.

[1] Ақша сомалары ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2020 және 2019 жж. тоғыз айдағы орташа бағамдар, тиісінше 409,23 және 381,52 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең соңында – 2020 ж. 30 қыркүйектегі және 2019 ж. 31 желтоқсандағы бағамдар, тиісінше 431,82 және 382,59 теңге/АҚШ долл. құрайды)

[2] Компания EBITDA көрсеткішін мынадай әдістеме бойынша есептейді: Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен кіріс + БК мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі, нетто – Сатып алынатын мұнай, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны - Өндірістік шығыстар - Жалпы және әкімшілік шығыстар – Тасымалдау және сату бойынша шығыстар – Операциялық салық.

[3] Бос ақша ағыны операциялық ақша ағыны (ТШО-ның мұнай жеткізу шарты бойынша таза төлемді шегергенде) мен күрделі шығындар арасындағы айырма + бұрын Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдер түрінде есептеледі.

[4] Компания таза қарызды былай есептейді: «Ұзақ мерзімді қарыздар + Қазіргі қарыздар - Ақша қаражаты мен олардың баламалары – Қысқа мерзімді банк салымдары –Ұзақ мерзімді банк салымдары».

[5]2020 ж. 30 қыркүйектегі таза қарыз 249 млрд теңге (576 млн АҚШ долл.) сомасындағы Бейнеу-Шымкент Газ құбырының (БШГҚ) синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелерді, 1,9 млрд теңге (4,3 млн АҚШ долл.) сомасындағы «АстанаГаз ҚМГ» қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелерді және 52 млрд теңге (120 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу бойынша міндеттемелерді қамтымайды; 2019 ж. 31 желтоқсандағы таза қарызға  262 млрд теңге (684 млн АҚШ долл.) сомасындағы БШГҚ синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер,  1,9 млрд теңге (4,9  млн АҚШ долл.) сомасындағы «АстанаГаз ҚМГ» қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер және 47 млрд теңге (123 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу бойынша міндеттемелер кірмейді.   

[6] 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.

[7] Өндірістік көрсеткіштер операциялық үлесі бірге есептеліп көрсетілген, бұл ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы иелену үлесіне сәйкес және шоғырланатын еншілес және тәуелді ұйымдар үшін 100% көрсеткіштерінің есебін көрсетеді.

[8] Кепілдемелік міндеттемелердің номиналды сомасы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>