Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Атыраудағы компанияның өндірістік нысандарының жұмысымен танысты

19.11.2020

Қарашаның 17-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырауға жұмыс сапары барысында компанияның өндірістік кәсіпорындарына барды.

ҚМГ басшысы біріктірілген газ-химиялық кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күні жоба 78.2%-ға жүзеге асырылды. ҚМГ басшылығы су дайындау мен ағындарды тазалау, сығымдалған ауа мен азот өндіру қондырғыларының құрылыс алаңдарын көріп шықты. Бу-газ турбиналы электр стансасының жұмысы да тексерілді.

«KPI басшылығының карантин кезінде құрылыс алаңында жергілікті және шетел жұмысшыларын шоғырландыруды арттыру жөнінде қолға алған шараларын атап өткім келеді. Дегенмен, қабылданған шектеулер жұмыс қарқыны мен жабдықты жеткізу мерзімдеріне ықпалын тигізбей қоймады. Сол себепті іске қосу-реттеу шараларын уақытылы жүргізу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тездету қажет», – деді жобаны іске асыру мәселелеріне арналған жиын барысында А.Айдарбаев.

Бұдан кейін ұлттық компания басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытында «Tazalyq» жобасының іске асырылуымен танысты. ҚМГ басшысы осы жобаның жүзеге асыру мерзімдерін қысқартып, жабдықты сатып алуды жылдамдату қажеттілігін атап өтті. Бұдан басқа, қарашаның 1-де АМӨЗ-де болған жағдай туралы да сөз қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, құрамында қалқымалы және органикалық заттары бар ағынды су нормативті-тазартылған су ағындысы арнасына ағып кеткен еді. Жиналыста ҚМГ басшылығы жағдайды дер кезінде бақылауға алғаны атап көрсетілді. Зауытқа алдағы уақытта мұндай жағдайларды енді болдырмау тапсырылды.  

Теңізшевройл компаниясының кеңсесінде ҚМГ Басқарма төрағасы Болашақ кеңейту жобасы – Сағалық қысымды басқару жобасының (БКЖ-СҚБЖ) іске асырылуымен танысты. «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер шетелден Қазақстанға 408 модулдық жүктемелерден тұратын теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасының аяқталғаны жайында айтып берді.

«Теңіз тасымалының аяқталуы орасан зор жетістік. Бұл жоба қазақстандық компаниялардың теңіз логистикасы мен металл конструкцияларын жасап шығару саласындағы едәуір мүмкіндіктерін көрсетті. Нарықтағы күрделі жағдайға, пандемия мен теңіздегі логистикалық операциялардың жаһандық ауқымына қарамастан, серіктестеріміздің және Қазақстан Республикасының сенімін ақтағанымызға қуаныштымын. Біз жобаны аяқтау және барынша дамыту мақсатында Қазақстан Үкіметімен, жергілікті атқарушы органдарымен және бизнес-серіктестерімізбен жемісті ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасатынына үміттенеміз» - деді Имер Боннер.

БКЖ-СҚБЖ жобасын іске асырылған сәттен бастап ТШО қазақстандық тауар, қызмет пен жұмыстарды сатып алуға 10,3 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Жобада еңбек етіп жатқан қазақстандық қызметкерлердің үлесі 91%-ды құрайды. ТШО инжирингтік, материалдық-техникалық және өндірістік қызметтерді көрсетуге де жергілікті компанияларды тартады. БКЖ-СҚБЖ жобасына қатысуға алдын ала 2350-ден астам қазақстандық ұйым іріктеліп алынып, соның 630 компаниясымен келісімшарт жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>