Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ: әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жүйесі дамытылады

16.10.2014

 «ҚазМұнайгазда» әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу жөніндегі кеңестің қызметі әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайту, кәсіподақ бірлестіктері мен еңбек ұжымдары өкілдерінің өзара іс-қимылы, ҚМГ-ның еншілес ұйымдарында еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Әлеуметтік шиеленіс, еңбек даулары мен жанжалдары туындауының алдын алу осы құрылымның ерекше назарында тұр.  Бұл - жаңа қарым-қатынастарды бастаудағы маңызды нүкте, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін жасауға деген ұмтылыс.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек қатынастары мен жанжалтану мәселелері бойынша оқыту семинарларын, тренингтер өткізудің берер пайдасы мол. Осыны ескере отырып 2014 жылдың 13-25 қазанында Астана және Атырау қалаларында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік-еңбек мәселелеріне жауапты 60-тан астам жетекшілер мен қызметкерлер қатысқан семинар-тренинг өткізілді.

Қазіргі уақыт  еңбек қатынастары саласында соттан тыс рәсімдерді енгізу, медиация институтын дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейтуді, еңбек даулары мен жандалдарын құзыретті түрде шешуге қабілетті кәсіби медиаторлар дайындауды талап етіп отыр. Алдағы уақытта осы мәселе төңірегінде біршама жұмыстар атқарылатын болады. Мұның өзі әлеуметтік әріптестік жүйесінде еңбек қатынастарын реттеудің және еңбек даулары мен жанжалдарын шешудің нақты әдістерінің бірі болып табылады.

Семинар-тренингті өткізуге «Медиация» Біріккен орталығының мамандары тартылды. Оқыту аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылатын болады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>