Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2020 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелері

30.10.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2020 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жариялады.

2020 жылдың тоғыз айындағы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 6,6%-ға кеміп, 16 423 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай және газ тасымалдау көлемі 5,9% және 14,7%-ға азайып, 55225 мың тонна мұнай және 63 448 млн текше метр газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14,4%-ға төмендеп, 13 081 мың тоннаны құрады.

9А 2020

9А 2019

%

Мұнай өндіру, мың тонна

16 423

17 593

-6,6%

Газ өндіру, млн м³

6 173

6 227

-0,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 225

58 696

-5,9%

Газ тасымалдау, млн м³

63 448

74 369

-14,7%

Мұнай өңдеу, мың тонна

13 081

15 281

-14,4%

2020 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер[1]

Көмірсутек шикізатын өндіру

2020 жылдың тоғыз айында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 6,6%-ға азайып, 16 423 мың тоннаны (тәулігіне 449 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру деңгейі 0,9%-ға ғана, 6 173 млн текше метрге дейін төмендеді.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

9А 2020

9А2019

%

Теңіз (20%)

4 032

4 394

-8,2%

Қашаған (8,44%)

954

838

13,8%

Қарашығанақ (10%)

816

760

7,4%

Өзенмұнайгаз (100%)

4 027

4 177

-3,6%

Маңғыстаумұнайгаз (50%)

2 229

2 395

-6,9%

Ембімұнайгаз (100%)

1 967

2 165

-9,1%

Басқалары

2 397

2 864

-16,3%

Барлығы

16 423

17 593

-6,6%

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта мұнай және конденсат өндіру 5 803 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 3,2%-ға төмен. Бұл ретте ілеспе және табиғи газды өндіру өзгеріссіз қалды және 4 315 млн текше метрді құрады.

Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 8,2%-ға қысқарып, 4 032 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады. Ал газ өндіру 6,9% -ға кеміп, 2 238 млн текше метрді құрады. Мұнай өндіру деңгейіне ОПЕК+ келісімінің шектеулері елеулі әсер етті.

Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру деңгейі 13,8%-ға немесе 954 мың тоннаға дейін (тәулігіне 28 мың баррель) өсті. Табиғи және ілеспе газды өндіру 14,6%-ға ұлғайып, 576 млн текше метрді құрады. Мұнай және газ өндіру 2019 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде артты, бұл теңіз және жерүсті кешендерінің пайдалану коэффициентін ұлғайтуға, айдау қорын 4 ұңғымадан 6 ұңғымаға дейін көбейтуге, мұнай технологиялық желілерінде қосымша ребойлер қондырғыларын орнатуға, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік тудырды. 2020 жылдың тоғыз айында Қашаған кен орнындағы орташа тәуліктік жалпы өндіру (100%) тәулігіне 333 мың баррельді құрады.

Қарашығанақ кен орнында мұнай және конденсат өндіру 7,4%-ға ұлғайып, 816 мың тоннаны (тәулігіне 23 мың баррель) құрады. Газ өндіру деңгейі 1 501 млн текше метрді құрап, 2019 жылдың тоғыз айындағы деңгейден 7,9%-ға жоғары болды. Мұнай және газ өндіру көлемінің артуы 2019 жылдың қыркүйек-қараша айларында нысандардың жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарынан кейін Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) өндірістік нысандарын және Газды кешенді дайындау қондырғыларын (ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3) жаңғыртумен байланысты болды.

Операциялық активтерді мұнай өндіру көлемі 8,5%-ға 10 620 мың тоннаға дейін (тәулігіне 281 мың баррель), ал газ өндіру 3,7%-ға 1 858 млн текше метрге дейін азайды. Мұнай өндіру көлемінің азаюы ОПЕК+ келісімінің шектеулеріне, сонымен қатар Қазгермұнай және ПетроҚазақстан Инк кәсіпорындарында өндіру деңгейінің табиғи жолмен 29,6% және 23,1%-ға азаюына байланысты.

Мұнай және газ тасымалдау

2020 жылдың тоғыз айында мұнай тасымалдау көлемі 5,9%-ға немесе 55 225 мың тоннаға дейін азайды[2].

Мұнай тасымалдау, мың тонна

ҚМГ үлесіне

100%

9А2020 және 9А2019 өзгерісі, %

ҚазТрансОйл (90%)[3]

31 742

31 742

-4,8%

Қазақстан-Қытай құбыры (50%)

5 821

11 642

-4,2%

Мұнай Тас (51%)

1 199

2 351

-5,3%

Каспий Құбыр Консорциумы (20,75%)

9 253

44 595

-4,0%

Қазақтеңізкөлікфлоты (100%)

7 210

7 210

-13,9%

Барлығы

55 225

-

-5,9%

Магистралды құбырлар бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4,6%-ға қысқарып, 48 015 мың тоннаны құрады. Оның азаюына 2020 жылдың қаңтарында мұнай құрамында хлорорганикалық қоспалардың шамадан тыс мөлшерде анықталуының салдарынан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізу және мұнай құбырлары жүйесіне Құмкөл кен орындары тобының мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен кемуі салдарынан мұнай тапсыру көлемінің азаюы және ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнайды шектеулі өндіру әсер етті.

2020 жылдың тоғыз айында мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 13,9%-ға 7 210 мың тоннаға дейін төмендеуі жүк тиеу кідірісінің, сонымен қатар ауа райының қолайсыз жағдайлары салдарынан Жерорта теңізіндегі тасымалдау көлемінің азаюына байланысты болды.

2020 жылдың тоғыз айында ҚМГ магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 14,7%-ға немесе 63 448 млн текше метрге дейін төмендеді. Оның төмендеуі негізінен Қытайға жөнелтілетін орта азиялық газдың транзиттік көлемінің азаюына, Қазақстан аумағы арқылы «Газпром» ЖАҚ ресейлік газдың транзиттік ағындарының төмендеуіне және Ресейге газ өндіру деңгейінің кемуі себебінен Теңіз газы экспортының азаюына байланысты болды.

Газ тасымалдау, млн м³

ҚМГ үлесіне

100%

9А2020 және 9А2019 өзгерісі, %

Интергаз Орталық Азия (100%)

42 626

42 626

-17,9%

Азия газ құбыры (50%)

14 469

28 938

-15,6%

Бейнеу-Шымкент газ құбыры(50%)

4 464

8 929

27,2%

ҚазТрансГаз Аймақ (100%)

1 889

1 889

3,8%

Барлығы

63 448

-

-14,7%

Көмірсутек шикізатын сату

2020 жылдың тоғыз айында ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға азайып, 17 011 мың тоннаны құрады. Ал оның 71%-ы экспортқа шығарылды.

Өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 4 955 мың тоннаны құрады, соның ішінде мұнайды әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сатуға операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай) шикі мұнайының 2 500 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2020 жылдың тоғыз айында тауарлық газды сату көлемі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сатылған көлеммен салыстырғанда 1,5%-ға қысқарып, 15 498 млн текше метрді құрады. Тауарлық газдың экспорты 5 936 млн текше метрге жетті, оның 88%-ы 2018 жылдың қазан айында Қытайға табиғи газды 10 млрд м3 дейінгі көлемде жеткізу туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытайға экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020 жылдың тоғыз айында Қытай бағытына жөнелтілген газ экспорты жоспарланған көлемнен төмен болды, бірақ өткен жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштермен салыстырсақ, нақты экспорт көлемі өзгермеді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Қазақстанның барлық дерлік қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты 2020 жылдың тоғыз айында Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс едәуір төмендегені байқалды. Бұл жәйт отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қызметіне елеулі әсер етті. Қоймада тауардың шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі азайтылды, бірақ өндіріс тоқтатылған жоқ. Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы мұнай өнімдерін шығарудың қажетті көлеміне сәйкес теңдестірілді. Қазіргі уақытта зауыттар өздерінің өндірістік қызметін жалғастыруда.

Көмірсутек шикізатын өңдеу[4], мың тонна

9А 2020

9А 2019

%

АМӨЗ (99,53%)

3 679

3 915

-6,0%

ПМХЗ (100%)

3 519

3 931

-10,5%

ПҚОП (49,72%)

1 767

2 023

-12,6%

Caspi Bitum (50%)

346

332

4,4%

Петромидия (54,63%)

3 504

4 756

-26,3%

Вега (54,63%)

265

325

-18,5%

Барлығы

13 081

15 281

-14,4%

2020 жылдың тоғыз айында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеудің жалпы көлемі 14,4%-ға төмендеп, 13 081 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 8,7%-ға азайып, 9 312 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің төмендеуіне мұнай өнімдерін тұтыну деңгейіне сәйкес барлық үш негізгі МӨЗ-де қоймада мұнай көлемінің азаюы салдарынан болды;
  • Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 3 769 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 25,8%-ға төмен. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы наурыздың 15-і мен мамырдың 1-і аралығында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты төмендеді.

2020 жылдың тоғыз айында қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 14,7%-ға қысқарып, 12 202 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дер 8 510 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 8,8%-ға төмен. Мұнай өнімдерінің өндірісі негізінен мұнай өнімдерінің тұтынуына COVID-19 коронавирус инфекциясының ықпалы салдарынан МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемінің азаюына байланысты төмендеді;
  • KMG International зауыттары (Петромидия, Вега) 3 692 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2019 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 25,8%-ға төмен. Көлемнің азаюы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу себебінен Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты болды.

[1] Барлық мәтін бойынша егер арнайы өзге мәліметтер көрсетілмесе, өндірістік көрсеткіштер ҚМГ операциялық үлесі ескеріліп көрсетілген

[2] Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесіне әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

[3] ҚазТрансОйлдың мұнай тасымалдау көлемінде 90% мөлшерінде нақты иелену үлесі кезінде 100% ҚМГ операциялық үлесі ретінде пайдаланылады.

[4] Көмірсутек шикізатын өңдеу көлеміндерін ҚМГ операциялық үлесі ретінде мынадай операциялық үлестер қолданылады: АМӨЗ - 100%, ПМХЗ – 100%, ПҚОП – 50%, Caspi Bitum – 50%, Петромидия – 100%, Вега – 100%.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>