Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз тұрақты даму саласында ESG-рейтингісін иеленді

16.10.2020

2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ (ҚМГ) тұрақты даму саласындағы қызметі бойынша Sustainalytics[1] рейтинг агенттігі тарапынан алғаш рет халықаралық деңгейде бағаланды. Компания 69 балл жинады. Аталған рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін айқындайды (дүниежүзі бойынша салалық 119 компанияның арасында 33 орын). Бұл ретте ESG тәуекел-рейтингі 34,5 балды құрады. ESG-рейтингі бойынша ҚМГ компаниясына мынадай баға берілді: экологиялық бағытта – 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67 балл.

ESG қағидаттарын ұстану экология (Environmental), әлеуметтік саясат (Social) және корпоративтік басқару (Governance) салаларының ең озық тәжірибелерін енгізуді көздейді. Оның негізі 15 жылға жуық бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымымен жауапты инвестициялаудың қағидаттары ретінде қалыптастырылған.

Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі берген жоғары баға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы корпоративтік басқару саласын жетілдірудің тұрақты процесімен қатар қоршаған ортаның ахуалы және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша стратегиялық міндеттемелері мен жауапкершілігін растайды.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайтын ұлттық оператор ретінде ҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін қызметін жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастыратын болады.

ESG бойынша ақпаратты жариялау ашықтығын арттыру мақсатында ҚМГ 2012 жылдан бері GRI Стандарттарына (GRI Standards) сәйкес есептерін жыл сайын жариялап келеді.

[1] Sustainalytics – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы зерттеулермен айналысатын жетекші тәуелсіз компания. Сондай-ақ, әлем бойынша инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеу мен енгізуге көмектесетін сараптамалық ұйым. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>