Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау облысындағы полипропилен өндіретін мұнай-химия кешені бастапқы кезеңде өнімнің 6 түрін шығарады

15.10.2020

Біріктрілген газ-химиялық кешен (бұдан әрі – БГХК) 2021 жылы іске қосылғаннан кейін пленка, талшық, фибра және басқа да полипропилен өнімдерін шығарады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Каспий және Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» 7-ші халықаралық онлайн-конфереция барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС технология жөніндегі басқарушы директоры Болат Әбдуәлиев баяндады.

Кешеннің жобалық қуаты – жылына 500 мың тонна өнім. Атап айтқанда, буып-түю материалдарын, үй тұрмысындағы тауарлар, талшық, жіп, медициналық бұйым, құбыр, жиһаз және т.б. өндірісінде қажет болатын полипропиленнің ондаған түрлі маркасы шығарылатын болады.

«Мысалы, гомополимерден автомобильдерге арналған құралдарды, соның ішінде орындық бөлшектерін, жабдық панельдерін, ауа сүзгіштерінің корпустарын, жанармай жүйесінің элементтерін және басқа да көптеген заттарды жасауға болады», - деп атап өтті өз сөзінде Б. Әбдуәлиев.

Бүгінде БГХК жобасы 77%-ға орындалды. Жобалау жұмысы аяқталды, жабдықты дайындау және жеткізу 70%-ды құрады, ал құрылыс-монтаждау жұмыстары 46%-ға орындалды.

Онлайн-конференция барысында Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында қолданылатын цифрлық технологиялар жөнінде де сөз қозғалды. Айталық, Атырау мұнай өңдеу зауытында Spiral сызықтық бағдарламалау және мамандандырылған бағдарламалық қамту жүйесін енгізу кезінде операциялық шығындар 530 млн теңгеге үнемделді. Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің жоспарлау және автоматтандыру басқармасының бастығы Мәриям Игисенова мәлімдеді. Ал, Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлау процесінің трансформациясы есебінен үнемдеу мөлшері 270 млн теңгені құрады. Бұдан басқа өңдеу тереңдегі ұлғайып, шығын қысқартылды.

Конференцияда ҚМГ компаниялар тобы атынан «Қазақстан Республикасында полиэтилен өндірісін дамыту», «Атырау мұнай өңдеу зауытында карантин кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі», «Қазақстан Республикасында Мұнай өңдеу зауыттарында технологиялық процестердің тиімділігін басқару» тақырыптары да ұсынылды.

«Каспий және Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» халықаралық конферециясы өңірдегі ең ірі салалық «даунстрим» шарасы болып табылады. Оған аймақтың барлық елдерінен бүкіл мұнай өңдеу және мұнай химиясы кәсіпорындарының және технология мен инжирингті жеткізуші компаниялардың өкілдері қатысады. Онлайн шараға «ҚазМұнайГаз» және оның еншілес ұйымдарынан барлығы 30-дан астам адам қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>