Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «ЛУКОЙЛ» компаниялары «Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды

08.10.2020

2020 жылғы 7 қазанда Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов «Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды. Бұған дейін уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер енгізген еді, соған сәйкес «I-P-2» учаскесінің атауы «Әл-Фараби» жер қойнауы учаскесі болып өзгерді.

2019 жылдың маусымында ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында осы жоба бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын. Сол кезде қос компания оны бірлесіп іске асырудың негізгі шарттары жөнінде уағдаласты. Бүгінгі келісім аталған жер қойнауы учаскесі бойынша бірлескен жұмыстың кезекті кезеңі болып табылады. Ендігі қадам көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге келісімшартқа отыруды көздейді.

Қол қойылған құжат «Әл-Фараби» жобасы бойынша болашақ жер қойнауын пайдаланушының қызметіне қатысты ҚМГ және ЛУКОЙЛ-дың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Келісім ҚМГ жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын иеленген соң және ҚМГ-ға 50,01%, ал ЛУКОЙЛ-ға 49,99% үлесі тиесілі бірлескен кәсіпорынды құру бойынша ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында жоспарланып отырған мәміле аяқталғаннан кейін өз күшіне енеді.

«Бүгінгі келісім «ҚазМұнайГаз» бен «ЛУКОЙЛ» арасындағы серіктестіктің қарымды дамуының тағы бір айғағы. Ресурстық қорды дамыту – ҚМГ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Біз бұл жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Каспий теңізінің қазақстандық секторын тиімді игеруге бар күш-жігерін жұмсайтын болады», – деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Қазіргі кезде ҚМГ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне «Әл-Фараби» учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша тікелей келіссөздер жүргізуге өтінім беруді жоспарлап отыр.

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ ынтымақтастығы стратегиялық маңызға ие. Компаниялар «Қарашығанақ», «Теңіз», «Құмкөл» ірі жобаларында, сондай-ақ «Каспий құбыр консорциумы» мұнай тасымалдау жобасында серіктес болып табылады. 2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және ЛУКОЙЛ арасында «Жеңіс» теңіз учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге келісімшарт жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>