Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Прогреске ұмтылу» атты 2019 жылдың Тұрақты даму туралы есебін шығарды

07.09.2020

2020 жылғы 3 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Директорлар кеңесінің отырысында 2019 жылғы Тұрақты даму туралы есебі бекітілді. 

ҚМГ жыл сайын Тұрақты даму туралы есебін жариялап келеді. Аталған құжат Біріккен ұлттар ұйымының Жаһандық келісімшарты аясындағы ілгерілеу туралы және Тұрақты даму саласындағы жаһандық мақсаттарға жетудегі Компанияның аяқалысы жөніндегі ҚМГ хабарламасы болып табылады.

2019 жылдың Тұрақты даму туралы есебі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижелердің көрсеткіштерін ашып көрсетеді. Соның ішінде тұрақты даму тұрғысынан елеулі тұстарын: қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерге жұмсалған инвестициялар, қызметін жүргізетін өңірлердің дамуына жәрдемдесу бойынша ақпарат берілген; 2019 жылға арналған тұрақты даму саласындағы мүдделі тараптар картасын және маңызды тақырыптардың матрицасын қамтиды.

Есеп GRI Standards тұрақты даму саласындағы есептілік бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленіп, GRI Materiality Disclosures Service маңыздылығын анықтау процесінің тексерінен өтті.

Барлық тараптардың мүдделерін ескерудің маңызын ұғына отырып, біз кері байланысты ұйымдастыру үшін жыл сайын сауалнама жүргіземіз. Мұндай тәжірибе Есептің мазмұнын жақсартуға, сондай-ақ Компанияның тұрақты даму мәселелері бойынша қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың хабардар болу деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>