Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелері

27.08.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратты ауқымды тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен бірге «Аралық қаржылық есептілік» 34-ші халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтың аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

2020 жылғы[1] бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:

  • 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта түсім 2 254 млрд теңгені (5 570 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 33,8%-ға төмен;
  • EBITDA көрсеткіші 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішпен салыстырғанда 46,6%-ға төмендеп, 552 млрд теңгені (1 364 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2019 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 96,7%-ға төмендеп, 21 млрд теңгені (51 млн АҚШ доллары) құрады. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі пайда 104 млрд теңгені (256 млн АҚШ доллары) құрады.
  • Бос ақша ағыны - 5 млрд теңгені (-12 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Компанияның таза қарызы 2019 жылдың соңындағы 6 171 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4,2%-ға артып, 6 432 млн АҚШ долларын құрады;
  • 2020 жылғы 30 маусымда жалпы қарыз 2019 жылғы 31желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1%-ға азайып, 9 822 млн АҚШ долларын құрады.

Өлшем бірлігі

1Ж2020

1Ж2019

%

Мұнай, Dated Brent

$/барр.

40,07

65,95

-39,2%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл.

404,71

379,29

6,7%

Түсім

млрд теңге

2 254

3 403

-33,8%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

224

445

-49,6%

Таза пайда

млрд теңге

21

622

-96,7%

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда

млрд теңге

104

624

-83,4%

EBITDA

млрд теңге

552

1 033

-46,6%

Бос ақша ағыны

млрд теңге

-5

141

-103,4%

Таза қарыз[2]

млрд теңге

2 598

2 361[3]

10,0%

Жалпы қарыз

млрд теңге

3 967

3 8383

3,4%

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 3,1%-ға төмендеп, 11 345 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай және газ тасымалдау сегментіндегі көрсеткіштер 4,2% және 9,8%-ға азайып, 37 329 мың тонна мұнай және 45 172 млн м³ газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 17,1%-ға төмендеп, 8 290 мың тоннаны құрады.

1Ж2020

1Ж2019

%

Мұнай өндіру, мың тонна

11 345

11 704

-3,1%

Газ өндіру, млн м³

4 321

4 160

3,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

37 329

38 949

-4,2%

Газ тасымалдау, млн м³

45 172

50 078

-9,8%

Мұнай өңдеу, мың тонна

8 290

9 997

-17,1%

Толық ақпаратты 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелер жөніндегі баспасөз хабарламасынан мына сілтеме арқылы оқи аласыз: http://ir.kmg.kz/ru.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім және өзге де кірістер

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы түсім 2 254 млрд теңгені (5 570 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 33,8%-ға төмен. Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайға орташа бағаның бір жылда 39,2%-ға төмендегені, KMG International (KMG I) мұнай трейдингі мен мұнай өнімдерін сату көлемінің азайғаны негізгі кері әсерін тигізді, бұл АҚШ долларына шаққанда теңгенің орташа айырбастау бағамының 6,7%-ға бәсеңдеуімен шамалы өтелді. Отандық газды экспортқа сатудан түскен түсім негізінен газ экспорты көлемінің азаюы есебінен 3,6%-ға 328 млрд теңгеге (809 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ), ҚМГ Қашаған Б.В (Қашаған), «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚазРосГаз) және Бейнеу-Шымкент Газ құбыры (БШГҚ) пайдасындағы үлесінің азаюы нәтижесінде 49,6%-ға азайып, 224 млрд теңгені (554 млн АҚШ доллары) құрады. Есепті кезеңде ТШО мен ММГ пайдасындағы үлесі мұнайға орташа бағаның құлдырауы және өндіру көлемінің азаюы нәтижесінде 68,9% және 89,7%-ға төмендеп, тиісінше 70 млрд теңге (172 млн АҚШ доллары) және 5 млрд теңгені (12 млн АҚШ доллары) құрады. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Қашаған шығынындағы үлесі 11 млрд теңгені (28 млн АҚШ доллары) құрады. Бұған мұнай бағасының арзандауы, амортизация бөлігінде өзіндік құн бойынша шығыстар өсімі әсер етті, бұл өндіру көлемінің ұлғаюымен ішінара теңдестірілді. ҚазРосГаз және БШГҚ пайдасындағы үлесі АҚШ долларына шаққанда ұлттық валюта теңгенің құнсыздануы әсерінен бағам айырбасы бойынша шығындарды тану нәтижесінде төмендеді.

Өзіндік құн және өзге де шығындар

Есепті кезеңде сатып алынатын мұнай мен газдың, одан әрі өткізілетін мұнай өнімдерінің өзіндік құны және шикі мұнайды өндіруге жұмсалатын шығындар 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 42,0%-ға азайып, 1 126 млрд теңгені (2 782 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі шикі мұнайды сатып алуға шығындардың азаюына, өңдеуге арналған мұнай құнының арзандауына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты, ол сатып алынатын газға жұмсалатын шығындардың өсімімен және АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының әлсіреуімен ішінара өтелді. Қайта сату үшін мұнайды сатып алу шығындарының сомасы 41,5%-ға 652 млрд теңгеге (1 612 млн АҚШ доллары) дейін төмендеді. Өңдеуге арналған мұнай құны 66,1%-ға азайып, 153 млрд теңгені (378 млн АҚШ доллары) құрады. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (ҚТГ) газды сатып алу шығындары 197 млрд теңгені (488 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістік шығындар 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 8,0%-ға артып, 364 млрд теңгені (898 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта табыс салығынан басқа салықтар негізінен ренталық салық, эскпорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығындардың азаюы және мұнай бағасының арзандауы нәтижесінде 38,3%-ға төмендеп, 139 млрд теңгені (345 млн АҚШ доллары) құрады.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта қаржы шығындары 135 млрд теңгені (334 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 15,9%-ға кем болып отыр. Осы көрсеткіштің азаюы ТШО мұнайына аванс беру жөніндегі мәміленің аясындағы міндеттемелердің мерзімнен бұрын өтелуімен байланысты.

Активтердің құнсыздануы

COVID-19 пандемиясының қауіп-қатерлері және оның экономикаға ықпалы салдарынан нарық бағаларының едәуір өзгерістері нәтижесінде 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Брент маркалы мұнайдың бағасы бойынша, мұнай өңдеу зауыттарының болжамданатын маржасы, айырбастау бағамы бойынша және инфляция көрсеткіштерінің баға болжалдары құнсыздануға қатысты тестілеуден өткен кезде қайта қаралған болатын. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚМГ 60 млрд теңге (149   млн АҚШ доллары) көлеміндегі «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ), 159 млрд теңге (393 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі KMG International-дың және 6 млрд теңге (15 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі өзге активтерінің құнсыздануын қоса алғанда, жалпы сомасы 225 млрд теңге (557 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі құнсыздануды таныды.

Таза пайда

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 96,7%-ға төмендеп, 21 млрд теңгені (51 млн АҚШ доллары) құрады. Аталған көрсеткішке мұнайға орташа бағаның төмендеуі, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесіне қатысты түсім мен кірістің азаюы, сондай-ақ активтер құнының құнсыздануын тану кері әсерін тигізді. Бұл өзіндік құн бойынша шығындардың және табыс салығынан басқа салықтардың азаюымен ішінара өтелді.  

Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезең ішіндегі таза пайда 104 млрд теңгені (256 млн АҚШ доллары) құрады.

Салықтар бойынша төлемдер және басқа да міндетті төлемдер 539 млрд теңгені (1 331 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 26,4%-ға төмен.

Қарыз

2020 жылғы 30 маусымда жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,4%-ға ұлғайып, 3 967 млрд теңгені (9 822 млн АҚШ доллары) құрады. 2020 жылғы 30 маусымда кепілдемелік міндеттемелер[4] ескерілген жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ға (доллармен есептегенде 2,6%-ға) артып, 4 216 млрд теңгені (10 438 млн АҚШ доллары) құрады.

Жалпы қарыздың 130 млрд теңгеге көбейюіне негізінен шетел валютасын айырбастау бағамының АҚШ долларында деноминацияланған облигациялар мен қарыздарға ықпал етуі себеп болды. Бұл ретте, 2020 жылғы 30 маусымда доллармен есептегендегі жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеп, 9 822 млн АҚШ долларын құрады. 2020 жылғы қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жаңа өңдеу нысандарын қаржыландыруға The Export-Import Bank of China-дан (Эксим Банк) алған валюталық қарызды қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Даму банкінен 46 млрд теңге (114 млн АҚШ доллары) мөлшерінде ұзақ мерзімді қарыз алды. 2020 жылғы мамыр айында ҚТГ соманы 41 млн АҚШ доллары (18 млрд теңге) дисконттық баға бойынша ақша қаражатымен төлей отырып, облигацияларды 43,68 млн АҚШ доллары (18 млрд теңге) жалпы сомасында номиналды құны бойынша мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, соның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,3%-ға азайып, 1 369 млрд теңгені (3 390 млн АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты және олардың баламалары 227 млрд теңге (561 млн АҚШ доллары) сомасында ақша түріндегі күрделі шығындардың және 181 млрд теңге (448 млн АҚШ доллары) сомасында қарыздарды өтеудің нәтижесінде төмендеді. Доллармен есептегенде шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 3 859 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12,2%-ға 3 390 млн АҚШ долларына дейін азайды.

Жоғарыда баяндалғанның нәтижесінде, 2020 жылғы 30 маусымдағы ҚМГ таза қарызы 2 598 млрд теңге (6 432 млн АҚШ долл.) құрады. Бұл теңгемен есептегенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 10,0%-ға жоғары (доллармен есептегенде 4,2%-ға жоғары).

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы басты оқиғалар: 

  • 2020 жылғы 27 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ҚМГ рейтингісін «тұрақты»-дан «жағымсыз» деп қайта қарап, кредиттік рейтингісін BB деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы 27 наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі КМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы мамырда ҚТГ 43,68 млн АҚШ доллары сомасында номиналды құны бойынша 2027 жылы өтеу мерзімімен кепілдемелік облигациялардың ішінара сатып алуын жүргізді;
  • 2020 жылғы мамырда Самұрық-Қазына және ҚР Ұлттық банкінің шешіміне сәйкес 2019 жылдың дивидендтерін жариялағаннан кейін 20 тамыздағы жағдай бойынша ҚМГ 82 млрд теңге (202 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі дивидендтерді толық төледі. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазынаға» тиесілі дивиденд 74 млрд теңге (183 млн АҚШ доллары) және ҚР Ұлттық банкіне тиесілі дивиденд 8 млрд теңге (19 млн АҚШ доллары) құрады.

[1] Ақша сомалары ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2020 және 2019 жж. бірінші жартыжылдығында орташа бағамдар, тиісінше 404,71 және 379,29 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең соңында – 2020 ж. 30 маусымдағы және 2019 ж. 31 желтоқсандағы бағамдар, тиісінше 403,93 және 382,59 теңге/АҚШ долл. құрайды).

[2] 2020 ж. 30 маусымдағы таза қарыз 247 млрд теңге (612 млн АҚШ долл.) сомасындағы Бейнеу-Шымкент Газ құбырының (БШГҚ) синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелерді, 1,9 млрд теңге (4,6 млн АҚШ долл.) сомасындағы «АстанаГаз ҚМГ» қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелерді және 46 млрд теңге (113 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу бойынша міндеттемелерді қамтымайды; 2019 ж. 31 желтоқсандағы таза қарызға  262 млрд теңге (684 млн АҚШ долл.) сомасындағы БШГҚ синдикатталған қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер,  1,9 млрд теңге (4,9  млн АҚШ долл.) сомасындағы «АстанаГаз ҚМГ» қарызы бойынша кепілдемелік міндеттемелер және 47 млрд теңге (123 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу бойынша міндеттемелер кірмейді.  

[3] 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.

[4] Кепілдемелік міндеттемелердің номиналды сомасы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>