Компьютерлердің екінші тынысы
05.08.2020
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Біз біргеміз» және «Өз үлесінді қос» еріктілік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында CompForChildren қорына 20 компьютер сыйлады. CompForChildren пайдаланудан шығарылған компьютерлер мен сыртқы құрылғыларды жинайды және оларды аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін таратады. Бағдарлама эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алуы кезінде ерекше маңызға ие.
«CompForChildren қорының басшысынан келіп түскен өтініштің негізінде пайдаланудан шығарылған компьютерлерді қайта құрастыру арқылы олардың көбін қалпына келтірдік. Содан кейін қалпына келтірілген әрі жұмыс істеуге жарамды компьютерлер CompForChildren қорына әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардағы мектеп оқушыларына көмек ретінде сыйға тартылды. Компьютерлер компаниямен салыстырғанда талабы төменірек бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге әбден жарайды. Бұл оларды мектеп оқушыларына сабақ беру, компьютерлік сауаттылықты, кеңселік қосымшаларда жұмыс істеу дағдыларын дамыту және т.б. процестерде қолдануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚМГ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Құсайынов.
ҚМГ компаниялары тобында қызметкерлер мен жас мамандар кеңесінің күшімен әртүрлі еріктілік бағдарламалары, акциялар мен іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Компания қызметкерлері түрлі қайырымдылық қорларымен өзара ынтымақтастық орнатып, ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға және т.б. үнемі көмек көрсетіп келеді.