Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелері

03.08.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелерін жариялады.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ кондесатын өндіру деңгейі 3,1%-ға азайып, 11 345 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай және газ тасымалдау сегментіндегі көрсеткіштер 4,2%-ға және 9,8%-ға азайып, 37 329 мың тонна мұнай және 45 172 млн м³ газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 17,1%-ға төмендеп, 8 290 мың тоннаны құрады.

6А 2020

6А 2019

%

Мұнай өндіру, мың тонна

11 345

11 704

-3,1%

Газ өндіру, млн м³

4 321

4 160

3,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

37 329

38 949

-4,2%

Газ тасымалдау, млн м³

45 172

50 078

-9,8%

Мұнай өңдеу, мың тонна

8 290

9 997

-17,1%

2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелер[1]

Көмірсутек шикізатын өндіру

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11 345 мың тонна (тәулігіне 467 мың баррель) мұнайды құрап, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,1%-ға төмендегенін көрсетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 3,9%-ға 4 321 млн м³ дейін артты.  

Мұнай өндіру, мың тонна

6А 2020

6А 2019

%

Теңіз (20%)

2 852

2 992

-4,7%

Қашаған (8,44%)

673

472

42,5%

Қарашығанақ (10%)

562

535

5,2%

Өзенмұнайгаз  (100%)

2 746

2 751

-0,2%

Маңғыстаумұнайгаз (50%)

1 526

1 579

-3,3%

Ембімұнайгаз (100%)

1 353

1 430

-5,4%

Өзгелер

1 631

1 946

-16,2%

Барлығы

11 345

11 704

-3,1%

Теңіз, Қашаған, Қарашығанақта мұнайды және табиғи ілеспе газды өндіру көлемі тиісінше, 4 088 мың тоннаны (тәулігіне 179 мың баррель) және 3 021 млн м³ құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2% және 4,3%-ға жоғары болды.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4,7%-ға қысқарып, 2 852 мың тоннаны (тәулігіне 125 мың баррель) және газ өндіру көлемі 4,0%-ға азайып, 1 571 млн м³ құрады. Мұнай мен газ өндіру көлемінің азаюына жоспарлы өндіруді қысқарту айтарлықтай ықпал етті.

Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру 42,5%-ға дейін 673 мың тоннаға (тәулігіне 29 мың баррель) дейін өсті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 46,0%-ға артып, 406 млн м³ құрады. Мұнай мен газды өндіру көлемі 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын сәтті жүргізу нәтижесінде артты. Бұл теңіз және жерүсті кешендерін пайдалану коэффициентін жоғарылатуға, айдау қорының 4 ұңғымадан 6 ұңғымаға дейін ұлғайтуға, мұнай технологиялық желілерінде қосымша ребойлерді орнатуға, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды пайдалануға беруге септігін тигізді. Қашаған кен орнында 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы орта тәулікті жалпы өндіру тәулігіне 354 мың баррельді құрады.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай өндіру 5,2%-ға өсіп, 562 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель) құрады. Газ өндіру 1 044 млн м³ құрап, 2019 жылдың біріннші жартжылдықтағы деңгейден 6,3%-ға жоғары болды. Осы кен орнындағы мұнай мен газ өндіру көлемінің өсімі 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізілген нысандарды жоспарлы алдын алу жөндеуден кейін Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) өндірістік нысандарын және Газды кешенді дайындау қондырғыларын (ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3) жаңғыртумен байланысты болды.

Операциялық активтердегі мұнай өндіру деңгейі 5,8%-ға 7 257 мың тоннаға (тәулігіне 289 мың баррель) дейін азайды. Ал газ өндіру 2,9%-ға өсіп, 1 300 млн м³ құрады. Операциялық активтерді мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі негізінен Қазгермұнай және ПетроҚазақстан Инк кәсіпорындарында өндіру деңгейінің табиғи жолмен 29,6% және 22,9%-ға азаюына байланысты.

Мұнай және газ тасымалдау

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ-ның мұнай тасымалдау көлемі 4,2%-ға 37 329 мың тоннаға[2] (ҚМГ үлесіне) дейін кеміді.  

Мұнай тасымалдау, мың тонна

ҚМГ үлесіне

100%

6А2020 және 6А2019 өзгерісі, %

ҚазТрансОйл (90%)

21 510

21 510

-3,1%

Қазақстан-Қытай құбыры (50%)

3 766

7 532

-6,9%

Мұнай Тас (51%)

686

1 345

-22,9%

Каспий Құбыр Консорциумы (20,75%)

6 473

31 195

2,3%

Қазақкөліктеңізфлоты (100%)

4 894

4 894

-10,8%

Барлығы

37 329

-

-

Магистральды құбырлар бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3,1%-ға төмендеп, 32 435 мың тоннаны (ҚМГ үлесіне) құрады. Осы көрсеткіштің шамалы азаюы 2020 жылдың қаңтарында мұнай құрамында хлорорганикалық қоспалардың шамадан тыс мөлшерде анықталуының салдарынан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізуіне және мұнай құбырлары жүйесіне Құмкөл кен орындары тобының мұнай тапсыру көлемінің азаюына байланысты.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 10,8%-ға 4 894 мың тоннаға дейін төмендеуі негізінен Жерорта теңізіне жүк жөнелтушілерге тиесілі көлемнің азаюымен түсіндіріледі.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ-ның магистральды газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 9,8%-ға 45 172 млн м³ дейін төмендеді. Көлемнің төмендеуі негізінен Қытайға жөнелтілетін орта азиялық газдың транзиттік көлемінің азаюына, Қазақстан аумағы арқылы «Газпром» ЖАО ресейлік газдың транзиттік ағындарының төмендеуіне және Ресейге Қарашығанақ газы экспортының азаюына байланысты болды.

Газ тасымалдау, млн м³

ҚМГ үлесіне

100%

6А2020 және 6А2019 өзгерісі, %

Интергаз Орталық Азия (100%)

30 982

30 982

-10,4%

Азиялық Газ Құбыры (50%)

9 629

19 258

-17,4%

Бейнеу-Шымкент газ құбыры (50%)

3 192

6 383

24,3%

ҚазТрансГаз Аймақ (100%)

1 369

1 369

7,4%

Барлығы

45 172

-

-

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында тауарлық газды сату көлемі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сатылған көлеммен салыстырғанда 1,6%-ға шамалы ұлғайып, 11 813 млн м3 құрады. Тауарлық газдың экспорты 4 224 млн м3 құрады, оның 84%-ы 2018 жылдың қазан айында Қытайға табиғи газды 10 млрд м3 дейінгі көлемде жеткізу туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытайға экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Қытай бағытында газ экспорты жоспарланған көлемнен төмен болды, бірақ өткен жылдың бірінші жартыжылдықтағы жеткізу деңгейімен салыстырсақ, нақты экспорттық көлемнің азаюы небәрі 1,5 %-ды құрады.

Көмірсутек шикізатын сату

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға азайып, 11 447 мың тоннаны құрады. Ал оның 72%-ы экспортқа шығарылды.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 3 245 мың тоннаны құрады, соның ішінде мұнайды әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сатуға операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай) шикі мұнайының 1 696 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Қазақстанның барлық дерлік қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бірінші жартыжылдығында Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс едәуір төмендеді. Бұл жәйт отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қызметіне елеулі әсер етті. Қоймада тауардың шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі азайтылды, бірақ өндіріс тоқтатылған жоқ. Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы мұнай өнімдерін шығарудың қажетті көлеміне сәйкес теңдестірілді. Қазіргі уақытта зауыттар өздерінің өндірістік қызметін жалғастыруда.

Мұнай өңдеу, мың тонна

6А 2020

6А 2019

%

АМӨЗ(100%)

2 633

2 699

-2,4%

ПМХЗ (100%)

2 056

2 475

-16,9%

ПҚОП (50%)

1 135

1 315

-13,7%

Caspi Bitum (50%)

196

181

8,5%

Петромидия (54,63%)

2 116

3 126

-32,3%

Вега (54,63%)

154

202

-23,6%

Барлығы

8 290

9 997

-17,1%

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеудің жалпы көлемі 17,1%-ға төмендеп, 8 290 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 9,7%-ға азайып, 6 020 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің төмендеуі қоймада мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналуын болдырмау үшін ПМХЗ мен ПҚОП-та мұнай өңдеу көлемінің азаюына байланысты және мұнай өнімдерінің тұтынуына COVID-19 коронавирус инфекциясының ықпалы салдарынан болды;
  • Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 2 270 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 31,8%-ға төмен. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы наурыздың 15-і мен мамырдың 1-і аралығында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты төмендеді.

2020 жылғы бірінші жартыжылдықта қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 18,3%-ға қысқарып, 7 646 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дер 5 415 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 11,3%-ға төмен. Мұнай өнімдерінің өндірісі негізінен мұнай өнімдерінің тұтынуына COVID-19 коронавирус инфекциясының ықпалы салдарынан МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемінің азаюына байланысты төмендеді;
  • KMG International зауыттары (Петромидия, Вега) 2 31 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 31,5%-ға төмен. Көлемнің азаюы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу себебінен Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты.

[1] Егер арнайы өзгесі көрсетілмесе, барлық мәтін бойынша өндірістік көрсеткіштер ҚМГ операциялық үлесі ескеріліп көрсетілген.

[2] Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесіне әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>