Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жаңа вахталық қалашықтар салынатын болады

24.07.2020

2020 жылғы 23 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Оңдасын Оразалинмен кездесті. Кездесуде ҚМГ кәсіпорындарындағы коронавирус инфекциясымен күрес және оның алдын алу бойынша қолға алынған шаралар талқыланды. Алик Айдарбаев күрделі нарық жағдайына қарамастан, компания өңірдегі жұмыс орындары мен жалақыларды сақтап қалғанын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» үнемі өзін әлеуметтік-жауапты компания ретінде танытып келді. Алдағы уақытта да осы алған бағытымыздан таймай, аймақтың өміріне белсене атсалысатын боламыз. Халықтың игілігі үшін облыс әкімдігімен бірлескен жемісті жұмысымыз әлі де жалғасатынына сенімдімін», – деді ҚМГ басшысы.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2007 жылдан бері Байғанин ауданының Жарқамыс елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен ақысыз түрде қамтамасыз ететіні, ал «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС Әлібекмола және Қожасай кен орындарына жақын орналасқан Жағабұлақ, Кемерші және Бірлік ауылдарының тұрғындарына жыл сайын демеушілік көмек көрсететіні аталып өтті.

Ақтөбе қаласында А. Айдарбаев «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС еншілес кәсіпорындарының басшыларымен жиналыс өткізіп, олардың өндірістік және экономикалық көрсеткіштеріне оң баға берді. Бұдан бөлек, дер кезінде қабылданған санитарлық және эпидемиологиялық шаралардың арқасында коронавирусқа байланысты кен орындардағы тұрақты жағдайды да атап өтті.

Жергілікті деңгейде жасалып жатқан жұмыстармен танысу үшін А.Айдарбаев өңірдегі компанияның өндірістік нысандарын аралады. Оңтүстік Қаратөбе және Лақтыбай кен орындарына барып, облыс әкімімен бірге жаңа вахталық қалашықтың алғашқы іргетасын қалады. Қазіргі уақытта өндірістік персонал жабдықталған вагондарда тұрып жатқанын атап өткен жөн. Вагондар Оңтүстік Қаратөбе және Лақтыбай кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде уақытша қолдану үшін салынған болатын.

«Ұлттық компания алдында бірнеше міндет тұр, соның ішінде үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету. Сондықтан Компания күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және вахтада барынша қолайлы жағдай жасау үшін барлық күш-жігерін салуда», – деп атап өтті А. Айдарбаев.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Талғат Исаевтың айтуынша, тұрғын бөлімдермен қатар асханалар, медициналық орындар, спортзал және қызмет көрсетуге арналған қосалқы үй-жайлар салынатын болады. Қызметкерлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Ғимараттар бір-бірімен өтпелі дәліздермен біріктіріледі. Барлық аумақ бойынша жолдар, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, жарықпен жабдықталады және көгалдандырылады. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ҚМГ басшысы сапар барысында Қожасай кен орнындағы газ өңдеу кешініне де барды. Зауыт пайдалануға берілген сәттен бастап шикізат өнімдері тиімді қолданылып келеді. Ілеспе мұнай газын өңдеу көлемі артып, ауаға зиянды заттардың шығарылуы азайды. Бұл өңірдің экологиялық хал-ахуалына оң әсерін тигізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>