Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамынан «ҚазТрансГаз» АҚ-ны шығару үшін кредиторлардың келісімі қажет

05.06.2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «ҚазТрансГаз» АҚ-ны «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағынышты етуді ұсынды. Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Өз сөзінде ҚМГ басшысы елімізде тәуелсіздік жылдары мұнай және газ тасымалының мықты инфрақұрылымы қалыптасқанын атап өтті.

«Инфрақұрылымды дамыту кезеңінде «ҚазТрансГаз» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ҚазМұнайГаз құрамында болуы толығымен орынды еді. Тасымалдау бағыттарының диверсификацияланған желісін дамыту үшін барлық ресурстарды бірыңғай орталыққа біріктіру қажет болатын. Қазіргі уақытқа дейін аталған жұмыстардың барлығы дерлік аяқталды және айтылып отырған қос компания өз алдына дербес болып қалыптасты. Осыған байланысты алғашқы кезеңде «ҚазТрансГаз» компаниясын «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағынышты ету ұсынылады. Бұл басқару деңгейлерін азайтуға, ҚМГ IPO-ға шыққан жағдайда инфрақұрылымдық жобаларды мемлекет еншісінде сақтауға, ал ҚМГ өзіне мұнай және газды барлау, өндіру және өңдеуге, сондай-ақ мұнай-газ химиясы жобаларына айрықша ден қоюға мүмкіндік береді», – деді Алик Айдарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев аталған ұсынысты қолдап, бұл мәселені пысықтауды тапсырды.

Қазіргі уақытта ҚМГ «ҚазТрансГаз» АҚ-ға қатысты тапсырманы орындауға кірісті. Мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» қоры мен ҚМГ директорлар кеңестерінің тиісті келісімін алу қажет.

Сондай-ақ ҚМГ-ның келісімшарттық қатынастары бар мүдделі тараптармен де келіссөз жүргізілетін болады. Кредиторлардың, соның ішінде ҚМГ Еурооблигацияларын ұстаушылардың келісімін алу үшін оларға мәміленің мән-жайы мен жасау себептерін түсіндіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіледі. Мәміленің құрылымы бойынша шешім барлық тараптардың мүдделері мен ҚМГ-ның кредиттік рейтингіне ықпалы ескеріліп қабылданады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ға қатысты мәселе бұдан кейінгі кезеңде қосымша қаралатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>