Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2014 жылдың алғашы жарты жылының операциялық нәтижелері

24.07.2014

Астана, 23 шілде 2014ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың бірінші жарты жылындағы операциялық нәтижелерін, жаңғырту бағдарламасының ағымдағы қорытындыларын, табиғатты қорғау ведомствасымен меморандумға қол қойылғанын, Лиман блогында эксплуатациялық сынақ жұмыстарының басталғанын, және «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (КИНГ) акцияларын сату туралы шешім қабылданғанын жариялайды.

·         2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында  «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлесті есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 106 мың тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден  0,2%-ға артық.

·         Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.  

·         Өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында екі нысан қолданысқа берілді.

·         Лиман блогындағы Новобогат ЮВ (карниз үсті) кен орнында эксплуатациялық сынақ басталды.

·         Қоршаған ортаны қорғау саласында меморандумға қол қойылды.

·         Компания «Қазақ мұнай және газ институтындағы» (КИНГ) өзіне тиесілі акцияларды сату туралы шешім қабылдады.

ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов: «2014 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің биылғы жылға межеленген жоспарды орындап жатқанын дәлелдейді. Өндірісті жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыс та жалғасын тапты – мемлекеттік органдар мен ҚМГ ҰК арасында тарихи ластанған топырақты кәдеге жаратуда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, Атырау облысындағы екі мұнай-газ өндіруші басқармада  ілеспе газды кәдеге жарату проблемасы шешілді десе болады, Маңғыстау облысында радиоактивті қондырғыларды тазарту жобасын іске асыру басталды».

2013 жылдың алғашқы жарты жылындағы операциялық қызмет

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден  0,2%-ға артық.

«Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 627 мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88 мың тонна (тәулігіне 3,6 мың баррель) немесе 3%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 391 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен шамалас. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 018 мың тоннаны құрады (тәулігіне 163 мың баррель), бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  2%-ға артық.

 2014 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша тәуліктік өндіру көлемі Компания жоспарына толықтай сәйкес келеді. ҚМГ БӨ 2014 жылға 8 170 мың тонна деңгейінде қабылданған жоспарды ұстанып келеді, оның 5 350 мың тоннасы ӨМГ және 2 820 мың тоннасы ЕМГ үлесінде болмақ. 

 2014 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 2 938 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 010 мың  тоннаны (тәулігіне 40 мың  баррель) құрады. Компанияның болжамы бойынша, 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа жөнелтетін мұнай көлемі 1,9 млн. тоннаны құрамақ.

Бірлескен кәсіпорындар

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2014 жылдың алғашқы алты айында 2 088  мың тоннаны (тәулігіне 86 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден  3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 51%-ын құрайтын, 1 084 мың тонна мұнайдың (тәулігіне 44 мың баррель) экспортқа жеткізілімдерін қоса алғанда, 2 086 мың тонна тонна мұнайды (тәулігіне 86 мың баррель) құрады.

Өндірісті жаңғырту бағдарламасының ағымдағы нәтижелері

Екі сервистік компанияның операциялық қызметінің нәтижелері

ҚМГ БӨ-нің екі сервистік компаниясы – ӨМГ-ге қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» (БЖБ) мен «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» (ТКжҰҚКБ) жеткілікті жұмыс ауқымымен қамтылған және өндірістік жоспарға сәйкес қызметін атқарып жатыр. 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖБ 27 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізіп, 1537 ұңғымаға жер асты жөндеуін жүргізді. 2014 жылға 50 ұңғымаға күрделі, 2 928 ұңғымаға жерасты жөндеуін жүргізу жоспарланған. 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында ТКжҰҚКБ 21 ұңғымаға күрделі және 390 ұңғымаға жерасты жөндеуін жүргізді. 2014 жылға 45 күрделі және 760 жерасты ұңғымасын жөндеу жоспарланған.

2013 жылдың екінші жартыжылдығында ТКжҰҚКБ екі өндірістік базасы іске қосылды.  2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында бұл базаларды кеңейту жобасы тәмамдалып, олар қолданысқа берілді. Нақтылап айтқанда, Қаламқас кен орнында 100 автокөлік пен ұңғымаларды күрделі жөндеуге арналған құрылғыларды жөндеу және сақтау техникасына арналған өндірістік база кеңейтілді. Қаражанбас кен орнында осындай 250 орындық база кеңейтілді.

С. Балғымбаев кен орнындағы газды кәдеге жарату қондырғысы

2013 жылдың тамыз айында ЕМГ-де С. Балғымбаев кен орнындағы ілеспе газды кәдеге жарату қондырғысының құрылысы аяқталды. Жылына 20 млн. текше метр газды өңдейтін қондырғының арқасында экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес, тазартылмаған газды жағу тоқтатылады. Газды кәдеге жарату қондырғысының құрылысына 1,4 млрд. теңге (9,6 млн. доллар) инвестиция салынды. Өңделген газдың бір бөлігі компанияның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Газдың қалған бөлігі ішкі нарыққа мемлекет бекіткен бағамен сатылады. 2014 жылдың маусым айынан бастап қондырғы сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Қондырғының түбегейлі іске қосылуы 2014 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланған.

Табиғатты қорғау шаралары

Меморандумға қол қою

2014 жылдың 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су қорлары министрлігі, Қазақстан Республикасының мұнай мен газ министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ БӨ мен ӨМГ құрамында) арасында қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде ластанған жерлерді тазалау және қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес 2021 жылға дейін ӨМГ-дегі 11 қалдық жинағыштағы қалдықтарды кәдеге жаратып, ластанған топырақты өңдеу қарастырылған. 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында ластанған топырақты өңдеу технологиялары салыстырылып, сараптамалық жұмыс жүргізілді. 2014 жылдың үшінші тоқсанында таңдап алынған технология сынақтан өтеді.

Радиоактивті құбырларды тазарту

Қазақстанның кейбір мұнай кеніштерінде, соның ішінде Өзен кен орнында мұнай өндіру барысында сораптық құбырлар және басқа да құрылғылардың бетінде радиоактивті тұздар мен металлдар жиналады. Осы уақытқа дейін мұндай құрылғылар ӨМГ-дегі уақытша жинақтағыш полигонында сақталатын. Компания бұл құбырларды тазартудың түрлі технологияларын сынақтан өткізіп келді. 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында арнаулы мердігерлік ұйым ӨМГ-де 1000 тонна радиоактивті құбыр мен құрылғыны тазартты. Тазартудан кейін құбырлар мен қондырғылар ӨМГ өндірісіне қайта қолдануға берілді. Тазартудан кейін жиналған радиоактивті тұздар мен қақ түріндегі қалдықтарды мердігерлер ұзақ мерзімді сақтауға арнайы ұйымдарға тапсырады. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 1000 тонна радиоактивті құбырлар мен қондырғыларды тазарту жоспарланған. Бұдан былай ӨМГ жинақталып қалған радиоактивті құбырлар мен қондырғыларды тазарту жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр, осылайша қоршаған ортаға келетін зиянды азайту көзделеді.

Геологиялық барлау

Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғырының табылуы

Бұған дейін хабарлағандай, 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында Рожковское кен орнында  тас-көмір кезеңіндегі башқұрт шөгіндісінде жаңа мұнай шоғыры табылды. Нақтылап айтқанда, 2013 жылы кен орнының  солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде  максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың  мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең.

Лиман блогында эксплуатациялық сынақтың басталуы

Бірінші жарты жылдықта Компания Лиман блогындағы Новобогат ЮВ (карниз үсті) кен орнында эксплуатациялық сынақ жұмыстарын бастады. Бұл жұмыстар екі жылға жалғаспақ, оның нәтижесі бойынша коммерциялық өндірісті бастау не бастамау туралы шешім қабылданады.

Активтерді сату

2014 жылдың 20 маусымында ҚМГ БӨ «Қазақ мұнай және газ институтының» акционерлер құрамынан шықты, яғни, акциялар пакетінің 1,7% құрайтын 154 566 дана акциясын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пайдасына сатты. Бұл мәмілені Компанияның басқармасы 2014 жылдың 28 мамырында мақұлдаған болатын. Мәміле құны 154,5 млн. теңге (0,8 млн. АҚШ доллары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төлем жасалған күнгі бағамы бойынша). Бұл жобадағы үлесін сату Компанияның профильді емес активтерден шығуы тұрғысында  ҚМГ БӨ Стратегиясына сәйкес келеді. 

АНЫҚТАМА

 ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Бұрғылау жұмыстары басқармасы 2012 жылы құрылды және ӨМГ-нің ұңғымалар мен құбырларды жөндейтін өндірістік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС де 2012 жылы құрылған, ҚМГ БӨ-нің ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу, жол салу және жөндеу, мұнай өндіруші компанияларға экипажды техниканы жалға беру сияқты қызмет түрлерін көрсететін еншілес компаниясы.

Халықаралық талаптар бойынша жүргізілген техникалық аудит нәтижесі бойынша ҚМГ БӨ-нің Рожковское кен орны бойынша 2Р санатындағы мұнай қорлары 2012 жылғы 5,4 млн. тоннадан 2013 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін артты. Рожковское кен орнын 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланған.

«Қазақ мұнай және газ институты» (КИНГ) Қазақстан Республикасындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясы, 2002 жылдың желтоқсан айында құрылған, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласына кешенді ғылыми және инжинирингтік қолдау көрсетеді.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)

Елена Пак

e-mail: pr@kmgep.kz

 Brunswick Group (+44 207 404 5959)

Andrew Mitchell

e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

 Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>