Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелері

29.04.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялады.

2020 жылғы бірінші тоқсандағы басты оқиғалар:

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 5 929 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы деңгеймен шамалас болды;
  • Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 18 517 мың тонна мұнай мен 28 320 млн м³ газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,9%-ға азайып, 4 660 мың тоннаны құрады.

2020 ж. 1-тоқс.

2019 ж. 1-тоқс.

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 929

5 939

-0,2%

Газ өндіру, млн м³

2 260

2 173

4,0%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 517

19 660

-5,8%

Газ тасымалдау, млн м³

28 320

25 881

9,4%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 660

4 901

-4,9%

ҚМГ Басқарма төрағасы, Айдарбаев Алик Cерікұлы:

«Қазір біз бәріміз күрделі кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Жаһандық пандемия салдарынан көптеген елдерде адамдар, денсаулық сақтау жүйесі және жалпы әлем экономикасы ауыр сынақтан өтуде. Бүгінгі таңда індеттің таралуын болдырмау және қатаң тәртіпті сақтау үшін алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлерге, полиция және басқа да қызметкерлерге алғыс білдіргім келеді.

Саланың ерекшелігіне қарай, ел экономикасын қолдау қажеттілігі және үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін ҚМГ өндірістік қызметін тоқтатқан жоқ. Алайда коронавирус пандемиясы салдарынан мұнай бағасының күрт төмендеуі және Қазақстан өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту жөнінде шешім қабылдаған мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы ОПЕК+ келісімі 2020 жылдың екінші тоқсанында ҚМГ өндірісінің шектелуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық компания Энергетика министрлігімен бірлесіп түрлі сценарийлерді әзірлеуде және ҚМГ мүдделі тараптармен бірге қажетті шаралар қабылдайтын болады.

Ел үшін осындай бұрын-соңды болмаған кезеңде ҚМГ үшін қызметкерлер мен олардың отбасыларының амандығы, компанияның мүмкіндіктеріне қарай дағдарысты жағдайды еңсеру басты басымдық болып табылады».

2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелер

Көмірсутек шикізатын өндіру

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 5 929 мың тоннаны (тәулігіне 489 мың баррель) құрап, 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда еш өзгеріссіз дерлік қалды. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 4,0%-ға 2 260 млн м³ дейін өсті.  

Мега жобалардың (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) мұнай және ілеспе табиғи газды өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 2 184 мың тоннаны (тәулігіне 191 мың баррель) және 1 597 млн м³ құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 4,6% және 5,9%-ға жоғары.

Теңіз кен орнында мұнай және газ өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,9%-ға өсіп, тиісінше 1 535 мың тонна (тәулігіне 135 мың баррель) және 841 млн м³ құрады. 2020 жылғы бірінші тоқсанда жаһандық пандемия Теңіз кен орнындағы өндірістік қызметке ықпал етпеді. Алайда сәуір айының ортасында ТШО-ның мердігерлік ұйым қызметкерлерінен COVID-19 жұқтыру жағдайлары анықталды. ТШО қызметкерлер арасында індетті жұқтыру қауіпін азайту үшін Теңіз кен орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын әзірледі. Жоспар негізгі өндірісте құрылыс жұмыстарын тоқтатуды, болашақ кеңейту жобасы аясында аса маңызды емес жұмыстарды кезең-кезеңімен тоқтата тұруды және Теңіз кен орны аумағында қызметкерлер санын азайтуды көздейді. 

Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 23%-ға 365 мың тоннаға дейін (тәулігіне 32 мың баррель) ұлғайды. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 25,2%-ға өсіп, 219 млн м³ құрады. Мұнай және газ өндіру көлемі екі ұңғыманы айдау қорына ауыстыру есебінен газды айдау көлемінің ұлғаюы және өндірістік нысандарды пайдалану коэффициентінің жақсаруы нәтижесінде артты. 2020 жылғы бірінші тоқсанда Қашаған кен орнында орташа тәуліктік жалпы өндіру деңгейі тәулігіне 384 мың баррельді құрады.  

Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 5,2%-ға артып, 285 мың тоннаны (тәулігіне 25 мың баррель) құрады. Газ өндіру 538 млн м³ құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы деңгейден 8,1%-ға жоғары болды. Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуі Орынбор газ өңдеу зауыты тарапынан газды тұрақты қабылдап тұруына және 2019 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК) және Газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) нысандарында жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болды.

Операциялық активтерде мұнай мен газ өндіру көлемі 2,8%-ға, тиісінше 3 744 мың тоннаға (тәулігіне 298 мың баррель) және 663 млн м³ дейін төмендеді. Операциялық активтердегі өндіру көлемінің азаюы негізінен Қазгермұнай және ПетроҚазақстан кен орындарында өндірістік жоспарға сай өндіру деңгейінің сәйкесінше 28,4%-ға және 22,3%-ға табиғи жолмен төмендеуіне байланысты болды

Мұнай және газ тасымалдау

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ-ның мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға 18 517 мың тоннаға дейін азайды (ҚМГ үлесіне[1]).

Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 3,8%-ға азайып, 16 158 мың тоннаны (ҚМГ үлесіне) құрады. Осындай шамалы деңгейдегі төмендеу «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізуіне және мұнай құбырлары жүйесіне Құмкөл кен орындары тобының мұнай тапсыру көлемінің азаюына байланысты. Көлемнің азаюы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) тасымалдау көлеміндегі ҚМГ үлесінің 4,7%-ға 3 514 мың тоннаға өсуімен ішінара өтелді. 

2020 жылғы бірінші тоқсанда мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 17,4%-ға 2 359 мың тоннаға дейін төмендеуі Жерорта теңізіне және Ақтау-Махачкала бағыты бойынша жүк жөнелтушілер көлемінің азаюымен түсіндіріледі.   

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 9,4%-ға 28 320 млн м³ дейін ұлғайды. Өсу негізінен түркмен газының тразинттік тасымалдауын іске асыруымен, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Газпром» ЖАО ресей газы ағындарының артуымен және Өзбекстанға газдың транзиттік көлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2020 жылғы бірінші тоқсанда тауарлық газды сату көлемі 2019 жылғы бірінші тоқсандағы сату көлемімен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайып, 7 802 млн м³ құрады. Тауарлық газдың экспорты 2 565 млн м³ құрады. Оның 76%-ы 2018 жылдың қазан айында Қытайға табиғи газды 10 млрд м3 дейінгі көлемде жеткізу туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) аумағына экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚХР бағытында газ экспорты жоспарланған көлемнен төмен, бірақ өткен жылғы бірінші тоқсандағы жеткізу көлемінен 10%-ға жоғары болды.  

Көмірсутек шикізатын сату

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ жеке өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шамалы ұлғайып, 5 922 мың тоннаны құрады. Ал оның 69%-ы экспортқа шығарылды.

2020 жылғы бірінші тоқсанда жеке өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 1 826 мың тоннаны құрады, соның ішінде мұнайды әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін 1 011 мың тонна көлеміндегі операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай) шикі мұнайы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Жаһандық пандемия 2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ-ның мұнай өңдеу секторына айтарлықтай ықпалын тигізген жоқ. Алайда Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне байланысты 2020 жылғы сәуір айында Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс едәуір төмендеді. Бұл жайт отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қызметіне елеулі әсер етті. Қазір зауыттар өз қызметін жалғастыруда, дегенмен қоймада тауардың шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін мұнай өңдеу көлемі мен мұнай өнімдерінің өндірісі ең төменгі деңгейге дейін азайтылды. 2020 жылғы наурыз айының ортасынан бастап қазақстандық МӨЗ-дердің қуаты шамамен 13%-ға төмендеді.  

2020 жылғы бірінші тоқсанда румын МӨЗ-дерде көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемінің 17,7%-ға төмендеуі қазақстандық МӨЗ-дерде КСШ өңдеудің ұлғаюымен ішінара өтелді. Нәтижесінде КСШ өңдеудің жалпы көлемі 4 660 мың тоннаны құрады:   

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі (ҚМГ үлесіне) шамалы ұлғайып, 3 348 мың тоннаны құрады. Өсу ПМХЗ мен ПҚОП-та өңдеу көлемінің қысқаруына байланысты елде мұнай өнімдері өндірісінің тепе-теңдігін сақтау мақсатында АМӨЗ-де өңдеу көлемінің артуына байланысты болды. 2020 жылғы қаңтарда ақтөбелік мұнайды айдаудың тоқтатылуына және мұнай өнімдерін тұтынудың азаюына ықпал еткен Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне орай ПМХЗ мен ПҚОП-та шамалы азаю байқалды.
  • Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 1 312 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 17,7%-ға төмен. Көлемнің азаюы 2020 жылғы наурыздың13-і мен сәуірдің 30-ы аралығыда жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты болды.

2020 жылғы бірінші тоқсанда қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 8,0%-ға қысқарып, 4 231 мың тоннаны құрады:  

  • Қазақстандық МӨЗ-дер ҚМГ үлесіне 2 954 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 2,8%-ға төмен. Мұнай өнімдері өндірісінің азаюы 2020 жылғы қаңтарда ақтөбелік мұнай айдаудың тоқтатылуына және Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне байланысты болды;
  • KMG International зауыттары (Петромидия, Вега) 1 276 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 18,1%-ға төмен. Көлемнің азаюы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу себебінен Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты.

Барлық мұнай-газ секторы сияқты, қазіргі ахуал кезінде болашақ көрсеткіштерге қатысты нақты болжам жасау қиын. Алайда ҚМГ нарықтағы жағдайды жіті бақылап, барлық өзгерістерге мониторинг жүргізуде және 2020 жылғы екінші тоқсан нәтижелеріне ықпал ететін сұраныстың бұрын-соңды болмаған өзгерістері кезінде әрекет етудің түрлі сценарийлерін пысықтауда. Компания қажеттілік туындаған кезде мүдделі тараптарды жаңа жағдайлар немесе қабылданған шаралар туралы хабардар ететін болады.

[1] Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесіне әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>