Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда коронавирустың салдарынан мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді

16.04.2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) еліміздің ірі қалаларында карантиннің енгізілуіне және мұнай өнімдерін тұтынудың азаюына байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттары теңдестірілген ең төмен қуатпен жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Қазақстанда мұнай өңдеуді төрт кәсіпорын жүзеге асырады: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ-і), сондай-ақ «CASPI BITUM» БК» ЖШС битум зауыты.

2020 жылғы сәуір айында мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс айтарлықтай төмендеді: автобензин мен дизель отынына – 40%-ға, ал авиациялық отынға – 70%-ға. Бұл мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілерінен келіп түсетін өтінімдер динамикасына жасалған талдаудың нәтижесімен расталып отыр.

Қоймаларда мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-дерінде мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін шығару көлемдері ең төмен деңгейге дейін азайтылды. Зауыттар өз қызметін жалғастыруда.

Сақтық шаралары күшейтілді

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) пандемиясына байланысты наурыздың 15-нен бастап зауыттарда барлық жағдайды басқаратын штабтар жұмыс істеуде. Олар өз қызметін ұлттық компанияның орталық штабымен күн сайын үйлестіріп отырады.

Індеттің алдын алу бойынша арнайы шаралар қабылданды: әкімшілік және өндірістік нысандарда санитарлық-дезинфекциялық және бақылау-өткізу тәртіптері күшейтілді; кәсіпорындарда әкімшілік қызметкерлердің 70%-ы қашықтықтан жұмыс жасау тәсіліне көшірілді; зауыт қызметкерлеріне құрылымдық бөлімшелер арасында жүріп-тұруға шектеу қойылды; қызметкерлердің денсаулығын қадағалау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі; үй-жайлар мен ғимараттарда, көлік құралдарына және зауыттарға тиесілі аймақтарда тазалық жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

«ҚазМұнайГаз» зауыттарды кемінде 2 айға жететіндей мөлшерде сумен, азық-түлікпен, бірінші кезектегі аса қажет тауарлармен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде. Барлық жұмысшыларға жеке қорғаныс құралдары – медициналық маска, нитрил қолғаптары, бактерияға қарсы құралдар таратылды.

Жаңғырту нәтижелері

Еске сала кетейік, үш мұнай өңдеу зауытын (Атырау, Павлодар және Шымкент) жаңғырту нәтижесінде еліміз бойынша ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне сұранысы толық өтелді. Мұнай өңдеу кәсіпорындарында мұнай өңдеу әлеуеті жылына 17,5 млн тоннаға дейін артылды, ал өңдеу тереңдігі 90%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда қазақстандықтар К4 және К5 экологиялық санаттағы (тиісінше, Еуро-4 пен Еуро-5) бензинмен қамтамасыз етілген. 2019 жылы артылған бензин көлемі таяу және алыс шетелге экспортқа жөнелтілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі (ҚМГ үлесін есепке алғанда) 13 822 мың тоннаны құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.

2019 жылы мұнай өнімдерін шығару көлемі ҚМГ операциялық үлесін есепке алғанда 12 513 мың тонна дайын өнімді құрады, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 361 мың тоннаға (3%-ға) артық.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>