Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» экологиялық жауапкершілік саласындағы ашықтық рейтингісінде 1-орынды иеленді

27.03.2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) экологиялық жауапкершілік саласындағы мұнай-газ компаниялары ашықтығының Еуразиялық рейтингісінде 1-ші орынды иеленді. ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес рейтингтің 2019 жылғы іріктеуіне еліміздің жарты миллион тоннадан астам көмірсутек өндіретін 14 мұнай-газ компаниясы ілінді.

Зерттеудің басты мақсаты – қоршаған ортаға кері әсерді азайту мен көмірсутек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік жауапты бизнесті жүргізуге ықпал ету.

ҚМГ үш жыл қатарынан экологиялық жауапкершілік саласындағы мұнай-газ компаниялары ашықтығы рейтингісінде көш бастап, экологиялық тұрғыдан Қазақстанның ең ашық әрі жауапты компаниясы екенін кезекті рет дәлелдеп отыр. Компания экологиялық жауапты бизнесін жалғастырып, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытуда. Осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізуде. Жылдық есеп, Тұрақты даму есеп аясында компанияның барлық экологиялық қырлары туралы мәліметтер жыл сайын жарияланып тұрады, сондай-ақ өзекті ақпарат компанияның ресми сайтына орналастырылады.

Бұдан басқа, ҚМГ-ның 17 еншілес компаниясы (қатысу үлесі кемінде 50%) арасында жеке зерттеу жүргізілді. Бұл ретте рейтингке тек өндіруші активтер ғана емес, сонымен қатар өңдеу және тасымалдау бағытындағы компаниялар енгізілді. Осы іріктеуде бірінші орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ иеленді. Еншілес және тәуелді ұйымдар арасындағы рейтинг ҚМГ-ның ерікті бастамасы екенін атап өтеміз. Оның мақсаты еншілес ұйымдардың экологиялық ашықтығын және «ішкі бәсекелестігін» арттыру болып табылады.

Зерттеуді БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP), CREON Capital және РФ Ұлттық рейтинг агенттігінің қолдауымен Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен КРЕОН тобы ұйымдастырды. Осы жылы рейтинг өз ауқымын кеңейтіп Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан компанияларын қамтыды. Келесі кезеңде Өзбекстан мен Түркменстанды қамту жоспарланып отыр.

Рейтинг нәтижелерімен осы жерден таныса аласыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>