ҚМГ Литвада активтер сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ
11.07.2014
2014 жылдың 9-10 шілдесінде бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен польшалық «PKN Orlen» концерні арасында Мажейкяй мұнай өңдеу заводын сатып алу туралы келіссөздерге қатысты материалдар жарық көрді.
ҚМГ аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейді. Қазіргі уақытта «PKN Orlen» концернінен мұнай өңдеу активтерін сатып алу туралы мәселе қарастырылған емес және бұл бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.