Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2019 жылғы қаржылық нәтижелері

12.03.2020

Нұр-Сұлтан, 12 наурыз 2020 жыл - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) бойынша 2019 жылғы қаржылық нәтижелерін жариялады.

2019 жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • EBITDA көрсеткіші[2] 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,0%-ға өсіп, 1 963 млрд. теңге (5 126 млн. АҚШ доллары) болды;
  • Бос ақша ағыны[3] 42,4%-ға артып, 592 млрд теңгені (1 537 млн. АҚШ доллары) құрады;
  • ТШО мұнайын толық мөлшерде аванстау шеңберіндегі келісімшарттық міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға арналған ақшалай қаражатты пайдалану нәтижесінде Компанияның таза қарызы 2 361 млрд. теңгені (6 171 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылдың соңындағы көрсеткіштен 8,6%-ға жоғары.

Өлшем бірлігі

2019

2018

%

Мұнай, Brent dated

$/барр.

64,21

71,31

-10,0%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл.

382,87

345,04

11,0%

Түсім

млрд теңге

6 859

6 989

-1,9%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

828

697

18,7%

Таза пайда

млрд теңге

1 158

694

67,0%

EBITDA2

млрд теңге

1 963

1 707

15,0%

Бос ақша ағыны3

млрд теңге

592

416

42,4%

Таза қарыз

млрд теңге

2 361

2 175

8,6%

2019 жылғы өндірістік нәтижелер

  • 2019 жылы мұнай мен конденсат өндіру деңгейі тұрақты болды және 23 618 мың тоннаны немесе Қазақстан бойынша барлық өндіру көлемінің 26%-ын құрады;
  • Мұнай мен газ тасымалдау сегменті тұрақты жағдайды көрсетуде: ҚМГ құбыр жүйелері арқылы 78 066 мың тонна мұнай және 103 494 млрд м³ газ тасымалданды;
  • ҚМГ ашық түсті мұнай өнімдеріне ҚР ішкі нарығының қажеттілігін толық өтеді; артылған көлемі Еуропа мен Орталық Азия нарықтарына экспортқа жөнелтілді.

2019

2018

%

Мұнай өндіру, мың тонна

23 618

23 606

0,1%

Газ өндіру, млн м³

8 455

8 137

3,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

78 066

75 038

4,0%

Газ тасымалдау, млн м³

103 494

111 567

-7,2%

Мұнай өңдеу, мың тонна

20 588

19 715

4,4%

Егжей-тегжейлі ақпаратты 2019 жылғы өндірістік нәтижелердің қорытындысы жөніндегі баспасөз хабарламасында, мына сілтеме бойынша оқи аласыз:  http://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=555.

2019 жылғы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім және басқа да кірістер

2019 жылы түсім 6 859 млрд теңге (17 915 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 1,9%-ға төмен. Түсім динамикасына негізгі теріс әсер еткен жайт – Брент маркалы мұнайының орташа бағасының 10,0%-ға төмендеуі және KMG International (KMG I) мұнай трейдингі көлемінің азаюы, бұл газды Қытайға сату көлемінің ұлғаюымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының 11,0% төмендеуімен ішінара өтелді. 2019 жылы KMG I компаниясының мұнайды сатудан түскен түсімі 1 567 млрд теңге (4 092 млн. АҚШ доллары) құрап, 2018 жылғы көрсеткіштен 13,2%-ға төмен болды. Қазақстандық газды экспортқа өткізуден түскен түсім 674 млрд теңгеге (1 761 млн. АҚШ доллары) дейін 22,9%-ға артты.

2019 жылы ҚМГ-ның қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесі, нетто 828 млрд. теңгені (2 163 млн. АҚШ доллары) құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға артты. Осы ұлғаюға, негізінен, «Азия газ құбыры» ЖШС-ның (АГҚ)[4] 168 млрд. теңге (439 млн. АҚШ доллары) сомасында жинақталған, танылмаған залалды толық қалпына келтіру әсерін тигізді.

2019 жылғы қаржы кірістері 241 млрд теңгені (629 млн. АҚШ доллары) құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 49,6%-ға артты. Негізгі ұлғаю «Мерует» өнімді бөлу келісімшартына (ӨБК) сәйкес келісімшарттық аумақтан ерікті түрде бас тарту нәтижесінде «Меруерт» жобасы серіктестерінің жалпы сомасы 111 млрд теңгені (290 млн. АҚШ долл.) құрайтын қарызын есептен шығарумен байланысты болды.          

Өзіндік құн және өзге де шығыстар

Есепті кезеңде одан әрі өткізу үшін сатып алынатын мұнайдың,  мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 2018 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға азайып,                 3 914 млрд теңгені (10 222 млн АҚШ доллары) құрады. Өзіндік құнның төмендеуі шикі мұнайды сатып алу шығындарының азаюымен және Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының төмендеуімен байланысты болды, бұл сатып алынатын газ шығындарының өсуімен және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен ішінара өтелді. Мұнайды сатып алуға жұмсалған шығындар сомасы 2 448 млрд теңгеге (6 395 млн. АҚШ долл) дейін 6,1%-ға төмендеді. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (ҚТГ) газ сатып алу шығындары 473 млрд теңгеге (1 235 млн. АҚШ доллары) дейін 53,3% артты.

Еңбекақы төлеу, жабдықтарды жөндеу және ұстау, сондай-ақ жалдау бойынша шығыстардың өсуіне байланысты 2019 жылы өндірістік шығындар 19,4%-ға ұлғайып, 722 млрд теңгені (1 885 млн. АҚШ доллары) құрады.  2019 жылы өндірістік персоналдың еңбекақысын төлеу шығындары 2018 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға ұлғайып, 338 млрд теңгені (883 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл негізінен операциялық өндіру активтерінде және ҚТГ-да жалақыны шамамен 7% индекстеу нәтижесінде болды. 2019 жылы жөндеу және ұстау шығындары 129 млрд теңге (338 млн АҚШ долларын) құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 31,5%-ға артық болды. Бұл «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-да ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің артуына, Қарашығанақ мега жобасында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) технологиялық жабдықтарды жөндеуге байланысты болды. Жалдау бойынша шығыстардың ұлғаюы Қазтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ), ҚМГ және KMG I арасындағы мұнай жеткізу және тасымалдау туралы келісім шеңберінде мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін өзге кеме иелерін тартумен байланысты болды.

2019 жылы тасымалдау және сату шығындары Қытайға газ сату көлемінің өсуі нәтижесінде 13,4%-ға артып, 420 млрд теңге (1 098 млн. АҚШ доллары) құрады.

2019 жылы жалпы және әкімшілік шығыстар 214 млрд теңгені (559 млн. АҚШ доллары) құрап,  2018 жылдың деңгейімен шамалас болды. 2019 жылы ҚМГ өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын салу бойынша KMG Drilling and Services ЖШС мен Консорциум (Ersai Caspian Contractor, Caspian Offshore and Marine Construction ЖШС) арасындағы сот ісіне байланысты 34 млрд теңге (90 млн АҚШ доллары) сомасына резерв есептеді. Егжей-тегжейлі ақпарат ҚМГ-ның 2019 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігінің ескертпелерде берілген. 

2019 жылы қаржы шығындары 317 млрд теңге (829 млн. АҚШ доллары) құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 25,8%-ға кем болды. Аталған шығындар 2018 жылы Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеу сыйақысының танылуына байланысты азайды.

Есепті кезеңдегі Компанияның таза табысы 2018 жылмен салыстырғанда 67,0%-ға өсіп, 1 158 млрд теңге (3 026 млн. АҚШ долл.) құрады. Таза пайда динамикасына АГҚ-ның танылмаған жинақталған шығындарын қалпына келтіру, Қытайға газ сату көлемінің ұлғаюы, қаржы кірісінің ұлғаюы және 2019 жылы қаржы шығысының азаюы оң әсерін тигізді.         

Салық төлемдері және басқа да міндетті төлемдер 1 522 млрд теңге (3 975 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 5,4% жоғары.

Борыштық жүктеме

2019 жылғы 31 желтоқсанда жалпы қарыз 316 млрд теңгеге (780 млн. АҚШ доллары)  немесе 2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеп, 3 838 млрд. теңге (10 030 млн. АҚШ доллары) құрады. Жалпы қарыздың төмендеуі негізінен «Меруерт» жобасының серіктестерінен алынған жалпы сомасы 111 млрд теңге (290 млн АҚШ доллары) қарызды есептен шығаруға, АМӨЗ деңгейінде 62 млрд теңге (163 млн АҚШ долларына жуық) сомасындағы берешекті азайтуға, 2044 жылы өтелуге тиісті 11,6 млрд теңге (30,1 млн АҚШ доллары) Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық сатып алуға, Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ)40,5 млрд теңге (113 млн АҚШ долларына жуық) сомасындағы облигацияларын өтеуге, KMG I қарызының 32 млрд теңгеге (83 млн АҚШ долларына жуық) азаюына және басқа еншілес ұйымдар бойынша қарызды төлеуімен байланысты болды.

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 25,4% төмендеп, 1 476 млрд теңгені (3 859 млн АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының төмендеуі ТШО-ның мұнайын аванстау шеңберіндегі келісімшарттық міндеттемелерді толық көлемде мерзімінен бұрын орындауға[5] байланысты болды (мерзімінен бұрын өтелген сома 1 250 млрд АҚШ долларын құрады).

Жоғарыда баяндалғанның нәтижесінде, ҚМГ таза қарызы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2 361 млрд теңгені (6 171 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 8,6%-ға жоғары – 2 175 млрд теңге (5 661 млн АҚШ доллары).

2019 жылғы басты оқиғалар:

  • 2019 жылдың қаңтар айында қарызға қызмет көрсету бойынша шығыстарды азайту мақсатында АМӨЗ (1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы» биржасында облигацияларды орналастыру және (2) Халық Банкінен қарыз тарту есебінен Қазақстанның Даму Банкінде (ҚДБ) 300 млн. АҚШ долл. сомасында борышты қайта қаржыландырды;
  • 2019 жылғы 28 наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингісін «ВВВ-/болжам тұрақты» деңгейінде растады, бұл ретте жеке рейтингі (stand-alone credit profile) «b» деңгейінен «bb-» деңгейіне дейін көтерілгенін атап өтті;
  • 2019 жылғы 29 наурызда ҚМГ (1) 2018 жылғы Еурооблигацияларды шығару шарттарымен ковенант пакетін теңестіруге және (2) 2044 жылы өтелуі тиіс 30,1 млн. АҚШ доллары сомасындағы Еурооблигацияларды мерзіміне бұрын өтеуге 2022, 2023, 2022, 2047 жылдары өтелуі тиіс Еурооблигацияларды (2018 жылға дейін шығарылған Еурооблигациялар) ұстаушылардың келісімін алды;
  • 2019 жылдың шілде айында АМӨЗ валюталық тәуекелді басқару мақсатында ҚДБ-дан алынған 152 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз валютасын «АҚШ долларынан» «теңгеге» ауыстырды;
  • 2019 жылғы 22 тамызда Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ-ның Қазақстан Үкіметінің қолдауынсыз, өздігінен кредит төлеу қабілеттілігі рейтингін «Ва3«-тен «Ва2«-ге дейін көтерді. ҚМГ-ның ұзақ мерзімді рейтингісі «Тұрақты» деген болжамнан «Позитивті» болып қайта қаралып, «Ваа3» деңгейінде расталды;
  • 2019 жылдың тамыз айында ҚМГ мен ҚТГ қаржыландыру шарттарын және кредиттік құжаттаманы жақсарту мақсатында шетелдік банктердің синдикатынан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС алған қарызды қайта қаржыландыру шеңберінде жалпы сомасы 720 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бірлескен қаржылық кепілдік шығарды;
  • 2019 жыл бойы ҚМГ жалғыз ұстаушысы ҚДБ болып табылатын шығарылған облигациялар бойынша 113 млн АҚШ доллары сомасындағы берешекті толық өтеді;
  • 2019 жылы ҚМГ 1 250 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі мерзімінен бұрын өтеуді қоса алғанда, ТШО мұнайын аванстау шеңберінде 2 250 млн АҚШ доллары сомасына міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындады;
  • 2019 жылғы желтоқсан айында АМӨЗ ҚМГ кепілдігі бойынша, оның ішінде Қытайдың Эксим Банкіндегі валюталық қарыздың бір бөлігін 2020 жылғы қаңтарда қайта қаржыландыру үшін 200 млн АҚШ долларына баламалы сомаға теңгемен Қазақстан Даму Банкімен кредиттік келісімге қол қойды.  

[1] Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2019 және 2018 жылдың орташа бағамдары тиісінше 382,87 және 345,04 теңге/АҚШ долларын құрады; кезең соңындағы бағамдар – 2019 жылғы 31 желтоқсанда және 2018 жылғы 31 желтоқсанда тиісінше 382,59 және 384,20  теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] 2019 жылдан бастап Компания Қаржылық кірісті есептен алып тастай отырып, Earnings before interest, taxes, depreciation and amortization (EBITDA) есептеу тәсілін қайта қарады. ҚМГ-ның 2019 жылғы және кейінгі кезеңдердегі есептерінде Компания EBITDA-ны мынадай әдіснама бойынша есептейді: Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен кіріс + БК мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі, нетто – Сатып алынатын мұнайдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны - Жалпы және әкімшілік шығыстар – Тасымалдау және сату бойынша шығыстар – Операциялық салықтар. Өткен кезеңдердің көрсеткіштері тиісінше қайта саналды.

[3] 2019 жылдан бастап Компания бұған дейін Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдерді қоса отырып, Бос ақша ағынын есептеу тәсілін қайта қарады. Бос ақша ағыны операциялық ақша ағыны (ТШО-ның мұнай жеткізу шарты бойынша таза төлемді шегергенде) мен күрделі шығындар арасындағы айырма + бұрын Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдер түрінде есептеледі. Өткен кезеңдердің көрсеткіштері тиісінше қайта саналды.

[4] АГҚ «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚМГ-ның 100% еншілес ұйымы) мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd (акционері – CNODC компаниясы, CNPC еншілес кәсіпорны) бірлескен кәсіпорны болып табылады.

[5]   2016 жылы Компания ТШО шикі мұнайы мен сұйытылған газын жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасасты. Шарт талаптарына сәйкес Компания шарт жасалған сәттен бастап 2021 жылдың маусым және тамыз айларын қоса алғанда, мұнай мен сұйытылған газ көлемін кем дегенде сәйкесінше 38,4 миллион тонна және 1,25 миллион тонна деңгейінде жеткізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>