Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2019 жылғы өндірістік нәтижелері

19.02.2020

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 19 ақпан – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2019 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.

2019 жылғы басты оқиғалары:

  • 2019 жылы мұнай мен конденсат өндіру деңгейі тұрақты болып, 23 618 мың тоннаны немесе Қазақстан бойынша барлық өндіру көлемінің 26%-ын құрады;
  • ҚМГ алғаш рет PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген қор нәтижелерін жариялап отыр. ҚМГ-ның дәлелденген және ықтимал көмірсутек қоры 2019 жылдың 31 желтоқсанында мұнай эквивалентінде 676 млн тоннаны (5 220 млн мэб) құрады;
  • Мұнай мен газ тасымалдау сегменті тұрақты жағдайды көрсетуде: ҚМГ-ның құбыр желілері арқылы 78 066 мың тонна мұнай және 103 494 млрд м³ газ тасымалданды;
  • ҚМГ Қазақстан Республикасы ішкі нарығының ашық түсті мұнай өнімдеріне сұранысын толық өтеді. Артылған көлемі Еуропа мен Орталық Азия нарықтарына экспортқа шығарылды;
  • Компания ашықтықты қолдайтынын растай отырып, алғаш рет парниктік газдардың шығарындылары туралы есепті жариялады. Есеп климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ҚМГ-ның жетістіктері мен жоспарларын ашып көрсетеді.

2019

2018

%

Мұнай өндіру, мың тонна

23 618

23 606

0,05%

Газ өндіру, млн м³

8 455

8 137

3,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

78 066

75 038

4,0%

Газ тасымалдау, млн м³

103 494

111 567

-7,2%

Мұнай өңдеу, мың тонна

20 588

19 715

4,4%

ҚМГ Басқарма төрағасы, Айдарбаев Алик Cерікұлы:

««2019 жыл да ҚМГ үшін табысты болғанын хабарлаймын. Біз қауіпсіздік мәселелерін қашанда басты назарда ұстап, мұнайды барлау мен өндіру, тасымалдау және өңдеу бағыттарында қызметімізді жалғастырдық. Соның нәтижесінде Қазақстанның ұлттық мұнай-газ саласындағы көшбасшы компания екенімізді тағы да дәлелдедік.

Негізгі мүдделі тараптардың сенімі компания мәртебесін сақтап тұруда маңызды екенін айрықша атап өтеміз. Бұл ретте мүдделі тараптар үшін кірісті барынша көбейту жөніндегі стратегиямызды жүзеге асыруда едәуір нәтижеге қол жеткіздік. ҚМГ үшін бизнесті жауапкершілікпен жүргізу және адамдар мен қоршаған ортаға қамқорлық таныту әрдайым басымдыққа ие екенін мәлімдейміз».

2019 жылдың өндірістік нәтижелері 
Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ-ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2019 жылы 23 618 мың тонна мұнайды (тәулігіне 485 мың баррель) құрап, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз дерлік болды. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 3,9%-ға өсіп, 8 455 млн м³ құрады.

Мега жобалардың (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) мұнай және ілеспе табиғи газды өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі тиісінше 8 142 мың тоннаны (тәулігіне 178 мың баррель) және 5 819 млн м³ құрады.

Теңіз мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 4,1%-ға 5 958 мың тоннаға дейін (тәулігіне 130 мың баррель) ұлғайды, ал газ өндіру 4,2%-ға 3 258 млн м³ дейін өсті. Күрделі жөндеу жүргізу үшін өндіру процесінің тоқтатылғанына қарамастан, көлемнің ұлғаюы жұмыстың тұрақтылығына және КТЖ/ШГА/ЕБЗ зауыттары (кешенді-технологиялық желі/ шикі газды айдау/ екінші буын зауыты) беріктігінің артуына байланысты болды. Өткен жылы 1-і тамыз бен 9-ы қыркүйек аралығында Теңізде КТЖ1 зауытында 40 күнге созылған жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 6,9%-ға 1 169 мың тоннаға дейін (тәулігіне 25 мың баррель) артты. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 10,4%-ға өсіп, 700 млн м³ құрады. Мұнай және газ өндіру көлемі 2019 жылдың 14 сәуірі мен 19 мамыры аралығында жерүсті және теңіз кешендерінде күрделі жөндеу жүргізу және пайдалану коэффициентін 98,4%-ға дейін арттыру аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде артты. 2019 жылы Қашағанда өндіру ең жоғары көрсеткішке жетіп, тәулігіне 400 мыңға жуық баррельді құрады. Ал 2019 жылдың 4-ші тоқсанындағы орташа тәуліктік өндіру деңгейі тәулігіне 344 мың баррельді құрады. Қашаған кен орнында алғаш рет барлық өндірістік нысандар толық тоқтатылып, күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутекті өндіру көлемі 7,3%-ға төмендеп, ҚМГ үлесіне 1 015 мың тоннаны (тәулігіне 22 мың баррель) құрады. Газ өндіру 1 861 млн м³ құрап, 2018 жылғы деңгейден 1,6%-ға төмен болды. Мұнай мен газ өндірудің төмендеуі барлық өндірістік нысандардың толық тоқтатылуына байланысты болды: 2019 жылдың 16 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында (25 күн) жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарашығанақ өңдеу кешені және газды кешенді дайындаудың екі қондырғысы тоқтатылды.

Операциялық активтердің мұнай мен газ өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі шамалы азайып, тиісінше, 15 476 мың тонна (тәулігіне 307 мың баррель) және 2 636 млн м³ дейін төмендеді. Операциялық активтердегі өндіру көлемінің төмендеуі негізінен Қазгермұнай және ПетроҚазақстан кен орындарында өндірістік жоспарға сай өндіру деңгейінің сәйкесінше 17,7%-ға және 15,5%-ға табиғи жолмен төмендеуіне байланысты болды.

Жаңа келісімшарттар/келісімдер

ҚМГ 2019 жылы жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобаларына стратегиялық серіктестерді тарту және халықаралық мұнай-газ компанияларымен геологиялық барлау саласында ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.

  • ҚМГ ЛУКОЙЛ-мен бірлесіп Жеңіс учаскесінде және ENI компаниясымен бірлесіп Абай учаскесінде барлау мен өндіруге келісімшарттар жасап, жер қойнауын пайдалануға құқық алды. Аталған учаскелер Каспий теңізінің қазақстандық аумағында орналасқан. Сондай-ақ ҚМГ мен ЛУКОЙЛ I-P-2 жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісті. Осыған орай Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды. Құжаттың аясында жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.
  • Сонымен бірге ҚМГ 2019 жылы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін бірнеше келісімге қол қойды: ЛУКОЙЛ және норвегияның Equinor компаниясымен бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімдер; BP, Татнефть және әзірбайжандық SOCAR компаниясымен меморандумдар жасалды.

Көмірсутек шикізатының қорлары

ҚМГ алғаш рет PRMS халықаралық стандарттарға сай әзірленген қор нәтижелерін жариялап отыр. DeGolyer & MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының аудитіне сәйкес, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2P) мұнай эквивалентінде 676 млн тоннаны (5 220 млн мэб) құрады. Осының ішінде мұнай мен конденсат үлесіне 2P жалпы қорларынан 76%-ы тиесілі. 2P қорының (2019 жылғы өндіру деңгейі ескерілген мұнай мен конденсат) еселігі 23 жылды құрайды.

Төмендегі кестеде PRMS бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсандағы таза қорлар[1] туралы деректер келтірілген.

Қорлар

Мұнай және конденсат,

млн барр

СТГ[2],

млн барр

Тауарлық газ,

млрд т. ф.

Көмірсутек қорлары,

 млн мэб

Дәлелденген қорлар (1P)

2 825

168

5 204

3 860

Дәлелденген және ықтимал қорлар (2P)

3 993

189

6 228

5 220

Дәледенген және ықтимал және қисынды қорлар (3P)

4 686

224

7 070

6 089

Қорлар

Мұнай және конденсат,

млн тонна

СТГ,

млн тонна

Тауарлық газ, млрд м³

Көмірсутек қорлары, м.э. млн тонна

Дәлелденген қорлар (1P)

371

14

147

499

Дәлелденген және ықтимал қорлар (2P)

524

16

176

676

Дәлелденген және ықтимал және қисынды қорлар (3P)

616

19

200

790

млн мэб = мұнай эквивалентінің миллион баррелі, млрд т.ф = миллиард текше фут, млрд м3 = миллиард текше метр, 6 000 т.ф = мұнай эквивалентінің 1 баррелі, 1 м3 = 35,31466 текше фут, 1 тонна ~7,62 баррель.

Мұнай мен газ тасымалдау

ҚМГ-ның 2019 жылы мұнай тасымалдау көлемі 4,0%-ға 78 066 мың тоннаға (ҚМГ үлесін есепке алғанда[3]) артты. Мұнай тасымалдау көлемінің негізгі өсуі «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (ҚТКФ) іске асыратын теңіз тасымалының ұлғаюына байланысты болды. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 2018 жылдың соңында ҚТКФ, ҚМГ және KMG International арасында жасалған жеткізу мен тасымалдау туралы келісімнің нәтижесінде 1,5 есеге ұлғайды.

Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) тасымалдау көлеміндегі ҚМГ үлесі 3,6%-ға 13 126 мың тоннаға өсті. 2019 жылғы мамыр айында КҚК акционерлері жобаны 2019 жылдан 2023 жылға дейін іске асыру мерзімімен қазақстандық учаскедегі оның қуатын 35%-ға жылына 72,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту үшін КҚК мұнай құбырының тар жерлерін жою жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

ҚМГ магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 2019 жылы 7,2%-ға 103 494 млн м³ дейін төмендеді. Газ тасымалының азаюы, негізінен, «Газпром» ЖАҚ ресейлік газ ағымдарын қайта бөлу салдарынан газ транзитінің төмендеуіне және Орталық Азия газының Қытайға транзиті көлемінің азаюына байланысты болды.

Тауарлық газды өткізу көлемі 2019 жылы 22,8 млрд м3 құрады. Экспортқа 8,8 млрд м3 газ жөнелтілді. Осы көлемнің 81%-ы 2018 жылдың қазан айында Қытайға 10 млрд м3 табиғи газ жеткізу туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытай Халық Республикасының аумағына экспортқа жіберілді.

Көмірсутек шикізатын сату

2019 жылы ҚМГ жеке өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өзгерген жоқ және 23 509 мың тоннаны құрады. Ал оның 70%-ы экспортқа шығарылды.

2019 жылы ішкі нарыққа өзі өндірген мұнайды жеткізу көлемі 7 130 мың тоннаны (кейіннен мұнай өнімдерін өткізу үшін 6 672 мың тонна көлемінде шикі мұнай жеткізуді қоса алғанда) құрады.

Өңдеу

2019 жылы отандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға ұлғайып, 20 588 мың тоннаны құрады:

  • 2019 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі (ҚМГ үлесін есепке алғанда) 3,3%-ға ұлғайып, 13 822 мың тоннаны құрады. Осы көрсеткіштерге негізінен Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП) жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін зауыт қуатының ұлғаюы нәтижесіндегі өңдеу көлемінің өсуі оң әсерін тигізді;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 6 767 мың тонна құрап, 2018 жылдың көрсеткішінен 6,9%-ға жоғары болды. Бұл көрсеткіш Петромидия МӨЗ-де өңдеу қоспасын жақсарту және орташа тәуліктік өңдеу нормасын рекордтық деңгейде сақтап тұру нәтижесінде жоғарылады.

2019 жылы қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,3%-ға өсіп, 19 126 мың тоннаны құрады:

  • Отандық МӨЗ-дер (ҚМГ үлесін есепке алғанда) 12 513 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП) жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін зауыт қуатының ұлғаюы нәтижесіндегі өңдеу көлемінің өсуіне байланысты 2018 жылдың көрсеткішінен 3,0%-ға жоғары. 2019 жылы ашық түсті мұнай өнімдерін шығару үлесі 2018 жылдағы 61%-бен салыстырғанда 64%-ды құрады. 2019 жылы ҚМГ Қазақстан Республикасы ішкі нарығының ашық түсті мұнай өнімдеріне сұранысын толық өтеді. 37 мың тонна мұнай өнімдері ҚМГ ресурсынан Еуропа мен Орталық Азия нарықтарына экспортқа шығарылды.
  • KMG I (Петромидия, Вега) зауыттарында 6 614 мың тонна мұнай өнімдері өндірілді. Бұл Петромидия зауытында өңдеуге арналған қоспаны жақсарту және нарықтың сұранысы артуы нәтижесінде 2018 жылдағы көрсеткіштен 6,9%-ға жоғары болды.

Экологиялық жауапкершілік және еңбек қауіпсіздігі

ҚМГ өз қызметінің қоршаған ортаға және қызметкерлерінің денсаулығына жағымсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларға әрдайым жіті назар аударады.  

  • ҚМГ өзінің 100% еншілес ұйымы «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты Прорва кен орындары тобында Газды кешенді өңдеу қондырғысын (ГКӨҚ) және ҚМГ-ға 50%-ы тиесілі еншілес ұйымы «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің Қожасай кен орнында ГКӨҚ-40 салу және пайдалануға беру есебінен 2019 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының 1 000 тоннасына ілеспе мұнай газын жағу деңгейін 6,0 тоннадан 2,95 тоннаға дейін қысқарту бойынша едәуір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл ҚМГ даму стратегиясында басым бағыттардың бірі болып табылады;
  • Сондай-ақ 2019 жылы Компания алғаш рет CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы парниктік газды шығарындылары жөніндегі верификацияланған есебін жариялады. Ол Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ-ның барлық активтері бойынша парниктің газдардың тікелей және жанама шығарындыларын қамтиды. Есептің толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыз: http://ir.kmg.kz/

Өлшем бірлігі

2019

2018

%

IOGP[4]

NOx шығарындылары

КСШ өндірудің 1 000 тоннасына тонна

0,21

0,20

5%

0,37

SOx шығарындылары

КСШ өндірудің 1 000 тоннасына тонна

0,18

0,25

-28%

0,20

ІМГ жағу жиілігі

КСШ өндірудің 1 000 тоннасына тонна

2,95

6,00

-51%

10,55

Жұмыс уақытын жоғалта отырып, жазатайым окиғалар коэффициенті

1 млн адам-сағатына

0,31

0,32

-3%

0,25[5]

Өлім жағдайларының коэффициенті  

1 млн адам-сағатына

1,28

0,65

97%

0,315

Қайырымдылық және демеушілік қызмет

  • 2019 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚМГ Түркістан қаласында 21 млрд теңге жалпы сомасына әлеуметтік объектілерді (7 000 орындық стадион және конгресс холл) салу жөніндегі өз міндеттерін толық өтеді. Сонымен қатар, 2019 жылғы тамыз айында ҚМГ Түркістан қаласында 1 000 орындық амфитеатрдың құрылысын 1,8 млрд. теңге сомасында қаржыландырды;
  • Компания корпоративтік мәдениетті қолдау мақсатында 2019 жылғы тамыз айында Шымкент қаласында спорт сайысын ұйымдастырды. Оның іріктеу кезеңіне ҚМГ-ның 48 еншілес және тәуелді ұйымынан 3 000 әуесқой спортшы қатысты. Жарыстың финалына ҚМГ-ның 26 еншілес және тәуелді ұйымынан 350 спортшы жолдама алды.

Толық ақпаратты http://ir.kmg.kz/ сілтемесі бойынша алуға болады

Байланыс деректері:        

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 62 27

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайды.

ҚМГ-ның негізгі активтері:

Барлау және өндіру

Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі

Өңдеу

Мега жобалар:

Теңізшевройл (ТШО) - 20%

Қарашығанақ (ҚПО) - 10%

Қашаган – 8,44%[6]

Операциялық активтер:

Өзенмұнайгаз (ОМГ) - 100%

Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%

Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%

Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%

ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%

Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%

Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%

Қазақтүрікмұнай (КТМ) - 100%

ҚазМұнайТеңіз - 100%

ҚазТрансОйл - 90%

-    Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%

-    Мұнай Тас - 51%

-    Batumi Oil Terminal - 100%

КҚК – 20,75%[7]

§ Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%

ҚазТрансГаз - 100%

-    ИОА - 100%

-    АГҚ - 50%

-    ҚТГ Аймақ - 100%

-    БШҚ- 50%

ҚазРосГаз - 50%

ПМХЗ - 100%

АМӨЗ – 99,53%

ПҚОП – 49,72%

KMG International - 100%

-    Петромидия – 54,63%

-    Вега – 54,63%

[1] Нетто қорлар (1) басқа тараптарға тиесілі барлық үлестер шегерілгеннен кейін ҚМГ-ның қатысу үлесіне, сондай-ақ (2) ҚМГ-ға тиесілі емес, бірақ ҚМГ бақылайтын үлестерге жататын барлық қордың бөлігі ретінде анықталады.

[2] Сұйық табиғи газ.

[3] Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесін ескере отырып, әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін қамтиды. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

[4] 2017 жылғы IOGP қолжетімді көрсеткіштері (Халықаралық мұнай өндірушілер қауымдастығы) (https://www.iogp.org/).

[5] 2018 жылғы IOGP қолжетімді көрсеткіштері (Халықаралық мұнай өндірушілер қауымдастығы) (https://www.iogp.org/).

[6] 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның жалпы 16.88% үлесі тиесілі.

[7] ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>