Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен SOCAR компаниясы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

23.12.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев бастаған делегация 20-21 желтоқсан күндері Баку қаласында болды.

Қазақстанның делегациясы Caspian Drilling Company (CDC) басшылығымен осы компаниясының теңіздегі жабдықтау мен логистика базасында кездесті. Қазіргі уақытта CDC «ҚазМұнайГаз» иелігіндегі «Сәтті» өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын жаңғыртуда. Компания басшылығы қондырғыны жаңғырту барысымен танысты.

Келесі күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Алик Айдарбаев пен қазақстандық делегацияның мүшелері SOCAR президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесу өткізді. Тараптар екі компания арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту мәселелерін, сондай-ақ мұнай-газ саласының түрлі секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Еске сала кетейік, бұрғылау қондырғысын жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, ол SOCAR мен BP компаниясы бірлесіп игеріп жатқан «Абшерон» құрылымында, сондай-ақ Каспий акваториясындағы басқа да операцияларда пайдаланылады деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>