Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті отандық компанияларға капиталды Қазақстанға аудару үшін қолайлы жағдай жасап, кэптивті сақтандыру компаниясына лицензия берді

26.12.2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясына (KERC) кэптивті сақтандыру компаниясы ретінде сақтандыру шарттарын жасасу мен жүргізу бойынша реттеушілік қызметін жүргізуге лицензия берді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) актілеріне сәйкес кэптивті сақтандыру қызметі – бұл кэптивті сақтандыру компаниясы жататын топтың операцияларының мақсаттары үшін сақтандыру шарттарын жасасу немесе жүргізу жөніндегі қызмет.

Кэптивті сақтандыру компаниясының АХҚО юрисдикциясында тіркелуін көшіру қазақстандық капитал мен активтерді шетел юрисдикцияларынан көшірудің жағымды үрдісі деп атауға болады. АХҚО ережелеріне сәйкес тіркеу орнын ауыстыру KERC компаниясына барлық мүлікке меншік құқығын, құқықтары мен артықшылықтарын сақтай отырып, тіркеу ауыстырылғанға дейін болған міндетттер, шектеулер мен қарыздар субъектісі болып қалуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы болып табылатын Қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясы өз сақтандырушы қызметін тек «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, сондай-ақ бас компания - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ шеңберінде ғана жүзеге асырады. KERC акционері Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тіркелген Cooperative KazMunaiGaz U.A. компаниясы болып табылады.

Қазақстандағы инвестициялық реформалар процесінің бір бөлігі бола отырып, АХҚО қызметі еліміздегі экономикалық өсімді жеделдетуге бағытталған. АХҚО реттеушілік режимді енгізген болатын. Аталған режим активтердің аударылуын қоса алғанда, елімізге капитал тартуға септеседі.

Компания осыған дейін 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Бермуд аралдарынан KERC тіркелуін АХҚО-ға ауыстыру оған заңи тұрғыда бастапқыда шетелде тіркелген компания ретінде қала отырып, барлық құқықтар мен міндеттерді сақтауға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін салықтық преференциялар мен құқықтық реттеу нысаны болуға мүмкіндік береді.

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бүбеев: «Қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясының тіркелуін АХҚО юрисдикциясына ауыстыру АХҚО-ның құқықтық базасы өз активтері мен қызметін АХҚО арқылы Қазақстанға көшіргісі келетін отандық компаниялар үшін үлкен қолдау болып табылатынын айқын көрсетіп отыр. АХҚО-ның реттеушілік режимі қаржы қызметтері саласында бизнес жүргізу және инвестицияларды қорғау үшін қолайлы жағдай жасайды», - деп атап өтті.

Айгүл Бекназарова, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры – қаржы бақылаушысы: «АХҚО халықаралық бизнес жүргізетін ірі компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр деп ойлаймыз. Аталған юрисдикция ұсынып отырған мүмкіншілікті пайдаланғанымыз үшін қуаныштымыз. Осы алаңда біз бірнеше мәміле жасастық, бірақ компанияны АХҚО юрисдикциясында тіркелуін көшіру мүмкіндігін алғаш рет пайдаланып отырмыз. Алдағы уақытта да АХҚО бизнес жүргізуге арналған икемді әрі ыңғайлы құрылым болып қалатынына сенімдіміз». 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>