Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

06.12.2019

2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Linde Aktiengesellschaft (Linde AG) неміс трансұлттық химиялық компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Linde AG Басқарма мүшесі, доктор Кристиан Брух қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және ілеспе мұнай газын кәдеге жарату мен өңдеу саласында, соның ішінде кадр дайындау, технология және тәжірибе алмасуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
«Бүгін қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум газ өңдеу бағытына жаңа серпін беріп, алдағы серіктестігіміз Қазақстан экономикасы мен мұнай-газ секторына инвестициялар, технологиялар әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді деген сенімдемін» – деді өз сөзінде Алик Айдарбаев.
Айта кету керек, 2019 жылдың қазан айында ҚМГ және Linde AG мамандары Қазақстанның Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру аясында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылаған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
Linde өнеркәсіптік және медициналық мақсаттағы газ өндіру және инжиниринг саласындағы әлемнің жетекші компаниясы. 2018 жылдың нәтижелері бойынша оның сатылым көлемі 28 млрд АҚШ долларына жуықты (24 млрд ЕУРО) құрады. Lindе әлемнің 100-ден астам елдегі өз клиенттеріне жобаның барлық қатысушылары үшін ұзақ мерзімді және экономикалық тиімділік беретін инновациялық және экологиялық шешімдер түрінде қызмет көрсетеді. Компания өз өнімі, технологиялары мен қызметтерін көрсету арқылы клиенттеріне экономикалық көрсеткіштерін және өзара тәуелді әлемде қоршаған орта жағдайларын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Linde өзін сенімді серікестес ретінде көрсете білді, Linde инвестицияларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында заманауи әрі қуат тиімділігі жоғары ауа бөлу қондырғылары салынды және пайдалануға берілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>