Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Нұр-Сұлтандағы климаттық сессия

28.11.2019

2019 жылғы 26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы тұңғыш «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) парниктік газдар шығарындыларын басқару жөніндегі форумы (Климаттық сессия)» өтті.

Экологиялық процестер мен жүйелерді қолдау «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  орнықты дамуының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы бола отырып, ҚМГ климаттың өзгеру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, орнықты даму мақсаттарын қолдайды.

Форумға ҚМГ компаниялар тобының, «Жасыл Даму» АҚ, Carbon Limits Норвегиялық компаниясы, KAZENERGY Қауымдастығы, «Ernst and Young» компаниясы, «Каспий»  тауар биржасы»  АҚ, NCOC N.V., Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Теңізшевройл» ЖШС, Шеврон және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Саланың әр түрлі кәсіпорындарының жүзге жуық өкілдері қатысқан Форум кәсіпқойлардың сындарлы диалогының орнына, тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды.

Форумда қызу пікірталастар ҚМГ компаниялар тобы бойынша парниктік газдар шығарындыларын басқару, парниктік газдар шығарындыларын реттеу, квоталар саудасы, Carbon Disclosure Project Климаттық бағдарламасы шеңберінде ҚМГ есептілігі және т. б. саласындағы заңнаманың күтілетін өзгерістері төңірегінде өрбіді.

«Жасыл Даму» АҚ шығарындыларды сауда жүйесі департаментінің директоры Ботагөз Ахметова ҚР парниктік газдар шығарындыларын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына қатысты презентациямен сөз сөйледі, сондай-ақ Форум қатысушыларының өзекті сұрақтарына жауап берді. Rompetrol өкілі (Румыния), KMG International N.V. ДЕҚОҚ директоры Фелиция Андреи парник газдарын басқарудағы ЕО елдерінің тәжірибесімен және квоталау жүйесімен бөлісті.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Эрик Танаев көміртегі бірліктерінің биржалық саудасы тақырыбында баяндама жасады. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының атмосфералық ауа және парниктік газдар эмиссиясы секторының бастығы М. Филиппова KPO-ның парниктік газдарды басқарудағы тәжірибесі және компанияның табысты жобалары туралы әңгімеледі.

Метан шығарындыларын азайту саласындағы үздік тәжірибелермен Сarbon Limits компаниясының аға серіктесі Торлиф Хаугланд бөлісті. 

«ҚМГ - елдегі мұнай мен газдың ірі ұлттық өндірушісі. Біз экономиканың өсуіне біздің ықпалымызды түсінеміз және қоршаған ортаға өз әсерін азайтып, экологиялық бағдарламаларымызды орындауға жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан, мен осы Форум алға қойылған мақсаттарға жетудегі маңызды қадам болады деп үміттенемін және Сіздердің әрқайсыңыз бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосады», - деп атап өтті өз сөзінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕжҚОҚ жөніндегі тең басқарушы директоры Қайрат Сақтағанов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>