Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2019 жылдың тоғыз айындағы өндірістік және қаржылық нәтижелері

22.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жылғы 25 қараша –  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) бойынша 2019 жылдың тоғыз айындағы операциялық және қаржылық нәтижелерін жариялады.

2019 жылдың тоғыз айындағы өндірістік көрсеткіштер[1]:

 Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 17 593 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда еш өзгеріссіз болды (тәулігіне 483 мың барр.2);

  • Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың есепті кезеңіне қарағанда 2,6%-ға артып, 6 227 млн м³ құрады;
  • Мұнайды тасымалдау көлемі 58 696 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары;
  • Газ тасымалдау көлемі 2018 жылдың есепті кезеңіне қарағанда 11,5%-ға төмендеп, 74,4 млрд м³ құрады;
  • Көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 2,2%-ға артып, 15 282 мың тонна болды. Бұл көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында 10 201 мың тонна мөлшеріндегі және Румыниядағы KMG International («KMG I») зауыттарында 5 081 мың тонна мөлшеріндегі өңдеу көлемін қамтиды. Мұнай өнімдерін өндірудің жалпы көлемі есепті кезеңде 2,7%-ға өсіп, 14 310 мың тоннаны құрады;
  • Жеке өзі өндірген мұнай мен конденсатты сату көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда еш өзгермеді және 17 807 мың тоннаны құрады.

2019 жылдың тоғыз айындағы қаржылық көрсеткіштер3:

 2019 жылдың тоғыз айындағы түсім 1,9%-ға төмендеп, 5 128 млрд теңге (13 441 млн. АҚШ долл.) болды;

  • 2019 жылдың тоғыз айындағы таза пайда 794 млрд теңгені (2 082 млн. АҚШ долл.) құрап, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,5%-ға ұлғайды;
  • EBITDA4 көрсеткіші 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,1%-ға өсіп, 1 592 млрд. теңгені (4 173 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2 663 млрд теңгені (6 863 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл 2018 жылдың соңындағы көрсеткіштен 22,9%-ға жоғары;
  • Түзетілген бос ақша ағымы5 41,8%-ға артып, 319 млрд теңгені (835 млн АҚШ долл.) құрады.

Басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2019 жылдың 22 ақпанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) артықшылықты акцияларды кері сатып алу бағдарламасын аяқтады. Осылайша, ҚМГ БӨ жалпы сомасы 15,9 млрд теңгеге артықшылықты акциялардың 65%-ын сатып алды. 2019 жылдың 14 мамырынан бастап ҚМГ БӨ артықшылықты акциялары KASE-дан алып тасталды;
  • 2019 жылдың ақпанында Компанияның стратегиясы мен Үкімет жоспарына сәйкес ҚазМұнайГаз брендімен жұмыс істейтін ЖМҚС желісін 60 512 млн теңгеге сату жөніндегі мәмілесі аяқталды;
  • 2019 жылғы наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растады, бұл ретте жеке рейтингі (stand-alone credit profile) «b» деңгейінен «bb-» деңгейіне дейін көтерілгенін атап өтті;
  • 2019 жылғы 29 наурызда ҚМГ 2022, 2023, 2027, 2047 жылдары өтелуі тиіс Еурооблигациялардың (2018 жылға дейін шығарылған Еурооблигациялар) ұстаушыларынан (1) 2018 жылғы Еурооблигацияларды шығару шарттарымен ковенант пакетін теңестіруге және (2) 2044 жылы өтелуі тиіс Еурооблигацияларды 30,1 млн. АҚШ доллары сомасында мерзімінен бұрын өтеуге келісімдерін алды.
  • 2019 жылғы 29 сәуірде Луис Мария Виана Палья Да Сильва ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды;
  • 2019 жылғы 20 мамырда Энтони Эспина ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚМГ Түркістан қаласында 21 млрд теңгеге жуық жалпы сомасына әлеуметтік объектілерді (7 000 орындық стадион және конгресс холл) салу жөніндегі өз міндеттерін толық өтеді. Сонымен қатар, 2019 жылғы тамыз айында ҚМГ Түркістан қаласында 1 000 орындық амфитеатрдың құрылысын 1,8 млрд. теңге сомасында қаржыландырды;
  • 2019 жылғы 22 тамызда Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан үкіметі тарапынан қолдауды есептемегенде, дербес негіздегі ҚМГ кредит қабілеттілігі рейтингін «Ва3«-тен «Ва2«-ге дейін көтерді. ҚМГ ұзақ мерзімді рейтингі «Тұрақты» болжамынан «Позитивті» болжамына қайта қаралып, «Ваа3» деңгейінде расталды.

2019 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер

Көмірсутек шикізатын өндіру

2019 жылдың тоғыз айындағы ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 17 593 мың тонна мұнайды (тәулігіне 483 мың баррель) құрады, 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда еш өзгеріссіз болды. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 6 227 млн м³ дейін 2,6%-ға артты.

Мега жобалардың (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 5 992 мың тоннаны (тәулігіне 175 мың баррель) және ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі – 4 298 млн м³ құрады.

Теңіз мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 4 394 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 2,4%-ға жоғары. Газ өндіру 2,4%-ға артып, 2 405 млн м³ құрады. Көлемнің ұлғаюы жұмыстың тұрақтылығына және КТЖ/ШГА/ЕБЗ зауыттары (кешенді-технологиялық желі/ шикі газды айдау/ екінші буын зауыты) сенімділігінің артуына байланысты болды.

2019 жылдың тоғыз айындағы Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,5%-ға артып, ҚМГ үлесіне 838 мың тонна мұнайды құрады. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 9,7%-ға өсіп, 503 млн м³ құрады. Мұнай және газ өндіру көлемі 2019 жылдың 14 сәуірі мен 19 мамыры аралығында жерүсті және теңіз кешендерінде күрделі жөндеу жүргізу және пайдалану коэффициентін 98,4%-ға дейін арттыру аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде артты.

Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлемі 8,1%-ға төмендеп, ҚМГ үлесіне 760 мың тоннаны құрады. Газ өндіру 1 391 млн м³ құрап, 2018 жылдың тоғыз айындағы деңгейден 2,2%-ға төмен болды. Мұнай мен газ өндірудің төмендеуі газ факторының ұлғаюына және ұңғымалардың сулануына байланысты болды.

Операциялық активтердің мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі шамалы азайып, 11 601 мың тоннаны (тәулігіне 308 мың баррель) құрады. Операциялық активтердегі өндіру көлемінің төмендеуі негізінен Қазгермұнай және ПетроҚазақстан кен орындарында өндіру деңгейінің сәйкесінше 16%-ға және 14%-ға табиғи жолмен төмендеуіне байланысты болды.

«Барлау және өндіру» сегментіндегі басты оқиғалар

2019 жылғы 16 ақпанда Каспий теңізінің Әзірбайжан секторындағы бұрғылау жобаларына қатысу үшін жалпы сомасы 21,6 млрд. теңгеге немесе 57 млн. АҚШ долл. сомасына өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын (ӨҚБҚ) жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мақұлданды. ҚМГ және SOCAR ӨҚБҚ-ны сенімгерлік басқару шартына қол қойды.

2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, ҚМГ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (ЛУКОЙЛ) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Жеңіс учаскесінде көмірсутекті барлау мен өндіруге келісімшарт жасалды. ҚМГ мен ЛУКОЙЛ-дың бірлескен бағалауына сәйкес, болжамды алынатын ресурстар (С3) 65,1 млн тоннаны құрайды. Жобаның операторы «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС (бірлескен кәсіпорын: ҚМГ – 50% және Лукойл – 50%) болып табылады.

2019 жылғы 17 мамырда ҚМГ және British Petroleum (BP) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде ҚМГ және үшінші тараптардың жұмыс істеп тұрған активтерінің қолда бар технологиялық деректері бірлесіп зерттелетін болады.

2019 жылғы 7 маусымда ҚМГ мен ЛУКОЙЛ «I-P-2» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойды, осы жобамен аттас учаске Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. ЛУКОЙЛ-дың алдын ала бағалауына сәйкес болжамды алынатын ресурстар (C1) 15,1 млн тоннаны құрайды.

2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және «Эни С.п.А.» (Eni) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлауға келісімшарт жасалды. Жобаның операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС (ҚМГ– 50% және Eni – 50%) болып табылады.

Осы жылдың 1 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында КТЖ1 зауытында ұзақтығы 40 күн жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы жылдың 16 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында ҚПО өндірістік объектілерінде ұзақтығы 25 күн жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 20 қыркүйекте ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскелерді бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол қойды.

2019 жылғы 24 қыркүйекте ҚМГ және Equinor Бірлескен зерттеулер туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының аумағындағы мұнай-газ учаскелерінің көмірсутек әлеуетін анықтау мақсатында геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.

Көмірсутек шикізатын өткізу

2019 жылдың тоғыз айындағы ҚМГ жеке өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда еш өзгермеген және 17 807 мың тоннаны құрады, ал оның 12 583 мың тоннасы экспортқа шығарылды.

2019 жылдың тоғыз айында ішкі нарыққа өзі өндірген мұнайды жеткізу көлемі 5 224 мың тоннаны (кейіннен мұнай өнімдерін өткізу мақсатында МӨЗ-ге 2 500 мың тонна көлемінде шикі мұнай жеткізуді қоса алғанда) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінің деңгейіне шамамен сәйкес келеді.

Мұнай мен газ тасымалдау

ҚМГ-ның 2019 жылдың тоғыз айындағы мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артып, 58 696 мың тоннаны құрады (ҚМГ үлесін есепке алғанда6). Мұнай тасымалдау көлемінің негізгі өсуі «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (ҚТКФ) іске асыратын теңіз тасымалының ұлғаюына байланысты болды.

2019 жылдың тоғыз айындағы ҚТКФ тасымалдау көлемі 8 372 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 68,9%-ға артық. Өсім 2018 жылдың соңында ҚТКФ, ҚМГ және KMG I арасында жасалған жеткізу және тасымалдау туралы келісімнің арқасында Жерорта теңізі мен Қара теңізде мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Мұнайды магистральдық тасымалдау шамалы азайып, негізінен, мұнай құбырлары жүйесіне Қызылорда облысындағы жүк жөнелтушілерінің мұнай тапсыру көлемінің төмендеуі салдарынан 50 324 мың тоннаны құрады.

2019 жылдың тоғыз айындағы ҚМГ магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 11,5%-ға төмендеп, 74 369 млн м³ құрады. Магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдаудың жалпы көлемінің азаюы, негізінен, «Газпром» ЖАҚ ресейлік газ ағымдарын қайта бөлу салдарынан газ транзитінің төмендеуіне және Орта Азия газының Қытайға транзиті көлемінің азаюына байланысты болды. 

«Мұнай мен газ тасымалдау» сегментіндегі басты оқиғалар

2019 жылдың сәуір айында ҚМГ Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша фидерлік қатынас жолын ашты. ҚТКФ осы қатынас жолының теңіз операторы болып табылады.

2019 жылғы мамыр айында Каспий Құбыр консорциумының (КҚК) акционерлері жобаны 2019 жылдан 2023 жылға дейін іске асыру мерзімімен қазақстандық учаскедегі оның қуатын жылына 72,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту үшін КҚК мұнай құбырының тар жерлерін жою жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

Өңдеу

2019 жылдың тоғыз айындағы көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 15 282 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

2019 жылдың тоғыз айындағы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайып, 10 201 мың тоннаны құрады. Осы көрсеткіштерге негізінен Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП) жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін зауыт қуатының ұлғаюы нәтижесіндегі өңдеу көлемінің өсуі оң әсерін тигізді:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 3 915 мың тонна, төмендеу – 0,7%;
  • Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 3 931 мың тонна, ұлғаю – 0,5%;
  • ПҚОП-та 2 023 мың тонна (ҚМГ үлесі 50%), ұлғаю – 18,0%;
  • Caspi Bitum-да 332 мың тонна (ҚМГ үлесі 50%), ұлғаю – 1,5%.

KMG I зауыттарында өңдеу көлемі 5 081 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың тоғыз айының көрсеткішінен 0,6%-ға жоғары:

  • Петромидия зауытында (Румыния) 4 756 мың тонна, ұлғаю – 0,4%;
  • Вега зауытында (Румыния) 325 мың тонна, өсім – 3,5%.

2019 жылдың тоғыз айында барлық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ға өсіп, 14 310 мың тоннаны құрады.

ҚМГ үлесін есепке алғанда, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9 333 мың тоннаға дейін 3,9%-ға өсті:

  • бензин өндірісі 2 484 мың тонна, ұлғаю – 4,3%;
  • дизель отыны өндірісі 3 051 мың тонна, өсім – 6,7%;
  • авиаотын өндірісі 361 мың тонна, ұлғаю – 137,2%;
  • өзге мұнай өнімдерінің өндірісі 3 437 мың тонна, төмендеу – 4,3%.

KMG I зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4 977 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың тоғыз айының көрсеткішінен 0,6%-ға жоғары:

  • бензин өндірісі 1 204 мың тонна, азаю – 4,6%;
  • дизель отыны 2 192 мың тонна, азаю – 0,4%;
  • авиаотын өндірісі 312 мың тонна, ұлғаю – 26,0%;
  • өзге мұнай өнімдерінің өндірісі 1 268 мың тонна, өсім – 2,6%.

2019 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелер

2019 жылдың тоғыз айындағы түсім 5 128 млрд теңгені құрады (13 441 млн. АҚШ долл.), бұл 2018 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішінен 1,9%-ға төмен. Түсім динамикасына негізгі жағымсыз әсер еткен жайт – Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының 10,5%-ға арзандауы және KMG I мұнай трейдингі көлемінің азаюы. Бұл қазақстандық газдың Қытайға экспорты көлемінің ұлғаюымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының 13,4%-ға төмендеуімен ішінара өтелді. 2019 жылдың тоғыз айындағы KMG I-дің мұнай сатудан түскен түсімі 1 201 млрд теңгені (3 148 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10%-ға төмен. Қытайға Қазақстан газын өткізуден түскен түсім 501 млрд теңгеге дейін (1 313 млн. АҚШ долл.) 23,7%-ға артты. 2019 жылдың тоғыз айындағы ҚМГ ТШО мұнайына аванс беру шеңберіндегі міндеттемелерін 1 846 млн. АҚШ долл. сомасында мерзімінен бұрын орындады7, соның ішінде 1 270 млн. АҚШ долл. мөлшерін жеделдетіп өтеді.  

Есепті кезеңде сатудың өзіндік құны 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға азайып, 3 837 млрд теңгені (10 058 млн. АҚШ долл.) құрады. Төмендеу шикі мұнайды сатып алу шығындарының азаюына және Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының арзандауына байланысты болды. Бұл сатып алынатын газ шығындарының өсуімен және АҚШ долларына шаққанда теңгенің әлсіреуімен ішінара өтелді. Мұнай сатып алуға жұмсалған шығындар сомасы 1 849 млрд теңгеге дейін (4 846 млн. АҚШ долл.) 6,7%-ға төмендеді. ҚТГ-ның газ сатып алу шығындары 315 млрд теңгеге (827 млн. АҚШ долл.) 29,3%-ға ұлғайды.

2019 жылдың тоғыз айындағы ҚМГ операциялық табысы 456 млрд теңгені (1 196 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 14,5%-ға төмен.

2019 жылдың тоғыз айындағы қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың таза пайдасындағы ҚМГ үлесі 639 млрд теңгені (1 674 млн. АҚШ доллары) құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға артты. Осындай ұлғайған көлемге, негізінен, «Азия газ құбыры» ЖШС-нің 110 млрд. теңге (290 млн. АҚШ долл.) сомасындағы жинақталған қабылданбаған залалдарын толық қалпына келтіру жұмыстары ықпал етті.

Есепті кезеңдегі компанияның таза табысы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5%-ға өсіп, 794 млрд теңгені (2 082 млн. АҚШ долл.) құрады.

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша төлемдер 1 162 млрд теңгені (3 044 млн. АҚШ долларын) құрады, бұл 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 11,1%-ға жоғары.

2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 3,7%-ға азайып, 4 001 млрд теңгені (10 312 млн. АҚШ долл.) құрады.

2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты және оның баламалары, соның ішінде депозиттер түріндегі ақша қаражаты 2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 32,6%-ға қысқарып, 1 338 млрд теңгені (3 449 млн. АҚШ долл.) құрады. Ақша қаражаты мен оның баламаларының төмендеуі ТШО мұнайына аванс беру шеңберіндегі міндеттемелердің мерзімінен бұрын өтелуімен байланысты. 2019 жылғы 30 қыркүйектегі ҚМГ таза қарызы 2 663 млрд теңгені (6 863 млн. АҚШ долл.) құрады. ТШО мұнайына аванс беру жөніндегі міндеттемелерді өтеу кестесін жеделдету шеңберінде ҚМГ 2019 жылғы қараша айының соңына дейін міндеттемелерді толық көлемде  өтеуді жоспарлап отыр.

Басты оқиғалар

2019 жылғы қаңтарда борышқа қызмет көрсету бойынша шығыстарды азайту мақсатында АМӨЗ (1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы» биржасында облигацияларды орналастыру және (2) Халық Банкінен қарыз тарту есебінен Қазақстанның Даму Банкінде (ҚДБ) 300 млн. АҚШ долл. сомасында борышты қайта қаржыландыруды жүзеге асырды.

2019 жылғы сәуірде ҚМГ 2044 жылы өтелуге тиіс Еурооблигацияларды 30,1 млн. АҚШ долл. сомасында мерзімінен бұрын толық сатып алды.

ҚМГ 2019 жылдың тоғыз айы ішінде жалғыз ұстаушысы ҚДБ болып табылатын, шығарылған облигациялар бойынша 113 млн. АҚШ долл. сомасындағы берешекті толық өтеді.

2019 жылғы шілдеде АМӨЗ валюталық тәуекелді басқару мақсатында ҚДБ-дан алынған 152 млн. АҚШ долл. сомасындағы қарыз валютасын «АҚШ долларынан» «теңгеге» ауыстырды.

2019 жылғы тамызда ҚМГ мен ҚТГ қаржыландыру шарттарын және кредиттік құжаттаманы жақсарту мақсатында Бейнеу-Шымкент газ құбыры ЖШС алған қарызды қайта қаржыландыру шеңберінде шетелдік банктердің синдикатынан жалпы сомасы 720 млн. АҚШ долл. мөлшерінде бірлескен қаржылық кепілдік шығарды.  

[1] Операциялық көрсеткіштер ҚМГ-нің тиісті активтердегі үлесі ескеріле отырып көрсетілген.

2 Әрбір өндіруші активтің баррельдеудің орташа есептелген коэффициенттері қарастырылған кезде.

3 Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2019 жылдың тоғыз айындағы және 2018 жылдың тоғыз айындағы орташа бағамдар сәйкесінше 381,52 және 336,51 теңге/АҚШ долларын құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2019 жылғы 30 қыркүйекте және 2018 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 387,99 және 384,20  теңге/АҚШ долларын құрайды).

4 Earnings before interest, taxes, depreciation and amortization (EBITDA) – мынадай әдістеме бойынша есептеледі: Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтерден түскен кірістер + Қаржылық кіріс – Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны – Жалпы және әкімшілік шығыстар – Тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар + Тозу және есептелген амортизация + БК мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес, нетто.

5 Түзетілген бос ақша ағымы операциялық ақша ағымы (ТШО-ның мұнай жеткізу шарты бойынша алғытөлемнің таза қозғалысын шегергенде) мен күрделі шығындар арасындағы айырма + БК мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер болып есептеледі. 

6 Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесін ескере отырып, әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін қамтиды. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

7 2016 жылы Компания ТШО шикі мұнайы мен сұйытылған газын жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасасты. Шарт талаптарына сәйкес Компания шарт жасалған сәттен бастап 2021 жылдың наурыз айын қоса алғанда, кем дегенде мұнай мен сұйытылған газ көлемін сәйкесінше 38 миллион тонна және 1 миллион тонна деңгейінде жеткізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>