Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және Татнефть Ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қойды

15.11.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» ЖАО (бұдан әрі – Татнефть) бас директоры Наиль Наганов «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына «Татнефть» ЖАО-ның озық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына» қол қойды. Құжатты іске асыру мерзімі – 2020 жыл.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесу барысында ҚМГ және «Татнефть» басшылары серіктестікті ұйымдастыру жолдарын, оның ішінде Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады.

Тараптар Татарстан мамандары ҚМГ-ның қолданыстағы өндірістік жүйесін, процестерді ретке келтірудің тиімділігін талдайды; ұңғымаларды күрделі жөндеу супервайзингін енгізу, диагностика мен ақауларды анықтау, экологиялық аудит жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді деп келісті.

Күрделі шығарылатын қорлары бар кен орындарды игеруде мол тәжірибе жинаған «Татнефть» компаниясы «Шығыс Молдабек» учаскесінде SAGD жүйесінің технологиялары бойынша тұтқырлығы жоғары мұнай игеруді ұйымдастыру саласында ұлттық оператормен өзара ықпалдастықты бастайды.

Жол картасы шеңберінде ҚМГ ескірген кен орындары туралы геологиялық, технологиялық және экономикалық ақпарат ұсынғаннан кейін оларды игеруге «Татнефть» компаниясының ықтимал қатысуы туралы мәселе қарастырылатын болады.

«Бүгін қол қойылған Жол картасы біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін. Құжат екі елдің мұнай-газ компаниялары арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нығаюына септігін тигізеді» - деді ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев. 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 10 шілдесінде ҚМГ және «Татнефть» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум ынтымақтастықтың болжамды бағыттарын белгіледі. Жол картасы екі компания ниетінің орынды жалғасы болып табылады және өзара іс-қимылдың негізгі салаларын нақтылай түсті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>