Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай өндірудің түйткілді мәселелері талқыланды

12.11.2019

Қарашаның 8-і күні Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы өндірістік блогының ұйымдастыруымен стратегиялық сессия өтті. Шараға ұлттық компания мен өндіруші кәсіпорындардың басшылығы қатысты. Басқосудың негізі мақсаты – өндіріске жауапты құрылымдық бөлімшелердің осыдан бір жыл бұрын қабылданған ҚМГ Стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелерін талқылау.

«Біздің алдымызда өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Бірінші кезекте, бұл – цифрлық трансформация, активтер құрылымын оңтайландыру және жаңа операциялық үлгіні қалыптыстыру мәселелері. Қазір мұнай бизнесінде қалыптасқан жағдайда біз бұдан да тиімді, жоғары деңгейде технологиялық жабдықталған, активтер қоржыны икемді, жедел шешім қабылдай алатын, қаржылық тұрғыдан тұрақты және әлеуметтік жауапкершілікті сақтай білетін компания болуға ұмтылуымыз қажет», - деді өз сөзінде ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Сессия барысында Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев ҚМГ стратегиясын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарымен, оның ішінде мұнай өндіру бойынша қабылданып жатқан бизнес бастамалармен таныстырды. Стратегияға сәйкес, өндіріс блогы алдында мұнай өндіру көлемін қарқындату және ұлғайту міндеті тұрғаны айтылды. Осыған байланысты ҚМГ компаниялар тобы өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеп бара жатқан кен орындарының сарқылуы мен сулануы мәселесін шешуге тиісті. Бұдан басқа, компанияға өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтап тұру, елдің ішкі нарығын мұнай, газ және мұнай өнімдерімен қамту міндеттері жүктелген.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры Бақытжан Хасановтың пайымдауынша, мұнайды шығарып алу коэффициентінің артуы мен мұнай шығарудың қазіргі заманғы  технологиялардың қолданылуы компания өсуінің басты бағытының біріне айналуы тиіс. Бірақ аталған міндетті шешу үшін елеулі инвестициялар мен мұнайды шығарып алу коэффициентін ұлғайту үшін салынатын инвестицияларға қосымша жеңілдіктер ұсыну жолымен салық жүктемесін азайту мүмкіндігі қажет. Жобаларды дамыту, соның ішінде күрделі шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін қолданыстағы инфрақұрылымды барынша пайдалану, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру үшін инвесторларды тарту алдағы мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Компания дамуының мүмкіндіктерінің бірі активтер қоржынын географиялық жағынан кеңейту, шетелдік жобаларға инвестиция салу немесе жаңа лицензияларды сатып алу болып табылады.

Сонымен қатар, дамудың басым бағыттарының бірі – бұл цифровизация. Компания мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшылардың озық технологиялары мен үздік тәжірибелерін қабылдауға қашанда дайын. Трансформация және цифровизация жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Өтенов «ҚазМұнайГаз» компаниясының цифровизация саласындағы қазіргі жағдай және алдағы жоспарлары жөнінде баяндап берді. Оның айтуынша, цифровизация – бұл тұрақты тренд. Компанияның цифрлық трансформация жөніндегі бағдарламасы үстіміздегі жылдың жаз маусымында жасақталып, 2019 жылдың 4 қыркүйегінде Директорлар кеңесімен бекітілген болатын.

Н.Өтенов айтып өткендей, компаниядағы трансформация блогының қызметі цифрлық жобаларды іске асыру кезінде жобалау тәсілін қолдана отырып, әдістемелік және сараптамалық қолдауды ұсыну жолымен бизнеске барынша жәрдемдесуге бағытталған.

Сондай-ақ, Нұрлан Өтенов жақын арадағы жоспарларымен бөлісті. Қазіргі уақытта цифрландыру блогы Ұлттық компанияның Цифрландыру стратегиясын әзірлеуге кірісті. Бұл құжат Корпоративтік стратегияны қолдап, цифровизация арқылы ҚМГ-ның стратегиялық мақсаттарына жетуге септігін тигізеді. Соған байланысты, Стратегияны дайындау жұмыстарына ҚМГ-ның барлық бизнес-бағыттарының өкілдері барынша жұмылдырылуы тиіс.

Стратегиялық сессия барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және басқа да өндіруші компаниялардың басшылары сөз алып, кәсіпорындарының түйткілді мәселелері жөнінде баяндап берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>