Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атыраудың булану алаңдарын қайта құру - Атырау облысы әкімдігі мен АМӨЗ ЖШС бірлескен жобасы

05.11.2019

2019 жылғы 4 қарашада Атырау МӨЗ-де TAZALYQ тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобасын іске асырудың ағымдағы мәртебесіне арналған "дөңгелек үстел" өтті. Оған: АМӨЗ бас директоры Ш. А. Данбай, белгілі қазақстандық ғалым-химиктер - Р. Г. Сармурзина және Г. И. Бойко, АМӨЗ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (экологтар, өндірістік және техникалық бөлімдердің өкілдері), жергілікті Ғылыми-өндірістік бірлестік пен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы TAZALYQ жобасын іске асыру болды, оның шеңберінде АМӨЗ механикалық тазарту құрылыстарын жаңғырту және қайта жаңарту (2019-2021 жж.), биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және толық тазарту блогын салу (2019-2023 жж.), сондай-ақ булану алқаптары мен нормативтік-тазартылған ағын сулардың арнасын қайта жаңарту (2019-2022 жж.) жүргізілетін болады. Осылайша, жоба мерзімі үш жылға қысқартылды - 2026 жылдан 2023 жылға дейін.

Жобаның қазіргі жағдайы туралы зауыттың қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері Әділбек Иманғалиев таныстырды. Оның айтуынша, 2019 жылдың 17 қазанында Атырау облысының әкімдігі мен "Атырау МӨЗ" ЖШС 2021 жылға дейін Атырау қаласының Сол жағалау бөлігіндегі булану алқаптарын қалпына келтіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

"2020 жылы қалалық кәріздік-тазарту құрылыстары іске қосылған соң, зауыт ағыстары сол жерге келіп, тазаланып, кәсіпорынға өз қажеттіліктеріне қайтарылады. Бұл Орал өзенінен су алуды 50% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зауыт ағындары кәріз тазарту станциясына баратын арна жабық түрде болады, бұл да қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуын болдырмайды", - деді Әділбек Иманғалиев.

Осылайша, булану алқаптарын рекультивациялау зауыттың ағынды суларын құрғататын тоғанға (АМӨЗ-ге тиесілі 860 га) ағызуды толық тоқтатуды, Атырау өңірінің жер асты суларына, флорасы мен фаунасына теріс әсерді болдырмауды білдіреді.

Сондай-ақ, TAZALYQ жобасының арқасында зауытта жабық түрдегі механикалық тазарту құрылыстары салынатын болады, ал қазіргі заманғы технологиялық процестерді енгізу ағынды суларды тазарту сапасына нормативтік көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. А. Данбай атап өткендей, "Атырау облысының әкімдігі мен "АМӨЗ" ЖШС қол қойған меморандум булану алқаптарын қалпына келтіру жобасын бірлесіп басқаруды көздейді".

"Біз Атырау тұрғындары ретінде әкімдікпен бірге біздің аймақтың қоршаған ортасын булану алаңынан заттармен ластау мәселесін шешеміз. Біздің TAZALYQ және облыс әкімдігінің кәріз тазарту станциясы(КОС) құрылысы - бір үлкен жобаның екі құрамдас бөлігі. Екеуін бөлек елестету мүмкін емес. Сондықтан да біз өз тарапымыздан жобаны мерзімінде іске асыруға бар күшімізді салудамыз және әкімдік те солай жасайды деп үміттенеміз", - деді Ш. А. Данбай.

Зауыт басшысының ақпараты бойынша, TAZALYQ жобасы "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ және "Самұрық – Қазына "ҰӘҚ"АҚ бас акционерінің қолдауымен зауыттың өз қаражатына іске асырылуда.

Дөңгелек үстел барысында Р.Г. Сармурзинаның "энерго- аккумуляциялаушы заттарды пайдалана отырып, мұнай-газ химиясы өндірісінің экологиялық аспектілерін шешу" және Г. И. Бойконың "Мұнай шламдарын кәдеге жаратудың экологиялық проблемаларын шешуде, ауыр мұнай өнімдерін бір мезгілде күкірттен тазартумен деметаллизациялауда жаңа буын алюминий қорытпалары" атты баяндамалары тыңдалды. Ғалымдар ағындардан мұнай шламдарын бөлу үшін алюминийдің түрлі қорытпаларын пайдалану туралы айтып, осындай заттардың жұмыс істеу қағидасын көрнекі түрде көрсетті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>