Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Біздің болашағымыз әрқайсысымыздың белсенді ұстанымыз арқылы айқындалады» стратегиялық АТ-сессиясы

02.10.2019

2019 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) ақпараттық технологиялар бойынша стратегиялық сессия өткізілді. Сессия жұмысына ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев, Басқарма төрағасының орынбасары – ҚМГ қаржы директоры Дәурен Қарабаев, «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев, сондай-ақ ҚМГ мен оның ЕТҰ блогының АТ басшылары мен сарапшылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – ҚМГ компаниялар тобы бойынша АТ-функцияларын дамытуды біртұтас болжау мен даму іс-қимылының жоспарын тұжырымдау. ҚМГ барлық АТ қауымдастығының осындай деңгейдегі кездесуі алғашқы рет өткізіліп отырғанын атап өту қажет.   

 Іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде панельді сессия болып өтті, бұл сессияда ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев пен Басқарма төрағасының орынбасары – ҚМГ қаржы директоры Дәурен Қарабаев ҚМГ бизнесінің өкілдері ретінде АТ-функцияларынан күтетін өз болжамдарын айтып өтті және ҚМГ мен ЕТҰ АТ-бөлімшелерінің өкілдері қатысқан баспасөз конференциясында аталған маңызды мәселелерді талқылауға қатысты. 

Іс-шаралар спикерлері - «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев, ҚМГ ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Құсайынов, ҚМГ трансформациялау және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Өтенов аталған стратегиялық сессия ақпараттық жүйелерді дамыту саласындағы тәжірибе мен білім алмасу тұрғысынан,                    сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобында ақпараттық технологияларды бекіту ұстанымы тұрғысынан маңызды оқиға болып табылатындығын атап өтті.

Қазіргі күні ҚазМұнайГаз компаниялар тобына енгізілген АТ-жобалары нақты экономикалық тиімділік бере бастады. Мысалы, «КазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС 2018 жылы жөндеуді жоспарлау жүйесі арқылы 400 млн теңгені үнемдеді. «КазТрансОйл» АҚ-тың АТ-функцияларын аутсорсингқа шығарудан түсетін экономикалық тиімділігі 2,2 млрд. теңгені құрады.

Н.Құсайынов ақпараттық технологиялар блогының ағымдағы жағдайы, енгізілген жобалар, даму мақсаттары мен проблемалық мәселелер туралы айтып өтті. Ол «АТ  - бұл сервистік қызмет, бизнесте бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі, өндірісте істеушілердің еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдету үшін қызмет етеді», - деп ескертіп өтті.

Н.Өтенов «цифрлық трансформация» туралы түсінікті және ҚМГ Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру туралы толық мағлұмат берді. Қазіргі кезде бағдарламаның жаңартылған портфеліне адамдарды, бизнес-процестер мен технологияларды кешенді өзгертуге бағытталған 14 жоба мен 14 іс-шара енгізіледі. 

Сондай-ақ іс-шаралар барысында «АТ басқару процестерін орталықтандыру», «Деректер жүйесін енгізу», «ҚМГ АТ ЖҚО», «Киберқалқан» жобалары талқыланды. Жоба басшылары қол жеткізілген нәтижелер туралы сұхбаттасты, болашаққа арналған жоспарлар туралы кеңесті. 

Бұдан басқа, «ҚМГ-да АТ-функцияларын дамыту жоспарын қалыптастыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар инновациялық цифрлық технологиялар енгізу, өндірісті автоматтандырудың жаңа тәсілдері, сапалы АТ қызметтерін көрсету сияқты бірқатар мәселелерді талқылады, өзіндік пікірлерін айтты және тәжірибе алмасты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>